Мазмұны Кіріспе бөлім


Мектепте Ш. Уәлиханов пен А. Байтұрсынов хаттарын меңгерту жолдары



бет5/14
Дата10.06.2022
өлшемі70,83 Kb.
#36644
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Хаттарды окытудын негизги ерекшеликтери (1)

1.2 Мектепте Ш. Уәлиханов пен А. Байтұрсынов хаттарын меңгерту жолдары


Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлихановтың хаттары
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ш.Уәлихановтың өмірі мен шығармашылы, ғылыми еңбектеріне, жасаған саяхаттарына, зерттеу жұмыстарына шолу жасау, достарымен жазысқан хаттарын оқушыларға таныстыру. Елінің мәдениетін, әдебиетін этнографиясын дамытудағы еңбегеін таныту. Дамытушылық : Түсініп оқуды, шығармаға талдау жасауды дамыту, ойлау белсенділігін, ой-өрісін кеңейту, мәнерлеп оқи білуге баулу. Тәрбиелік: Ш.Уәлиханов өнегесі арқылы білімді, ізденімпаз, дарынды болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, іздендіру, сұрақ-жауап, шолу, көрнекілік, талдау, интерактивті оқыту, ойландыру, әңгіме.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ғалымның портреті, түрлі-түсті суреттер
Кітап көрмесі: С.Мұқанов «Аққан жұлдыз», «Промелькнувший метеор», С.Бегалин «Ш.Уәлиханов», Ш.Уәлиханов «Таңдамалы шығармалар».
Сабақтың эпиграфы: «Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді» ( халық даналығы)
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, география, орыс әдебиеті
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын қадағалау»;
2. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Ой-өрістерін кеңейтетін сұрақтар қойып, әр сұраққа толық жауап берулерін қадағалау.
Біз қай ғасырдың әдебиетімен танысып жатырмыз?
Адамзатты өркениетке не жеткізеді?
Ғалымды дамытатын кімдер?
Қандай ұлы ғалымның өмірімен таныстық?
2. Ақындық кезең (3 минут). Ұлы ғалым Ш.Уәлихановқа арналған өлеңдерді тыңдап, пікір алысу.
Мысалы, «Шоқан ата рухына» өлеңі тыңдалып, мазмұны талданады.
3. Сабақтың оқу-тәрбие мақсаттарын және жоспарын хабарлау (мұғалім сөзі)
Иә,балалар, қазақ халқының кемеңгер ұлы Ш.Уәлиханов небәрі 30 жыл ғұмыр кешкен, бірақ артына баға жетпес мұра қалдырған. Бүгін біз ұлы ғалымның өміріне шолу жасап, еңбектерін еске түсіреміз, пікір алысып, әңгәмелесеміз, мәтінмен танысамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет