Кітаппен жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыру
Бастауыш сыныпта балалардың кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырудың тіл дамыту үшін пайдасы аса зор. Мұндай дағдыны қалыптастыру үшін мұғалім:
а. Балалардың дұрыс айтқандарын мадақтап, қателерін түзетумен қатар олардың назарын сол кітаптың мұқабасына, ішіндегі суреттеріне назар аударып отырады;
ә. Көрнекті құралдары, сюжетті суреттерді оқыған шығармаға байланысты кейбір жекелеген заттардың суреттерін қолданады;
б. Шығармадағы қиын сөздерді оқушыларға түсіндіріп отырады;
в. Балалардың оқыған кітаптарынан қаншалықты жаңа білім алғандарын үнемі бақылап отыруы тиіс. Сондай – ақ кітап оқу нәтижесінде балалар қандай сөздерді жиі, қайсысын сирек қолданатындықтарын да басты назарда ұстауы қажетті нұсқау, ақыл-кеңес беріп отыруы керек.
Балалардың оқу дағдысын қалыптастыруда оларға арналған “Балдырған” журналы мен “Ұлан” газетінің үлкен роль атқаратынын да ұмытпағанымыз жөн. Бұларды оқуға қызықтыру үшін мұғалім оларда жарияланған мақалалардан үзінділер оқып беріп, әңгіме-кеңес ұйымдастырса нұр үстіне нұр болар еді. Егер оқу тарапынан не себепті газет не журнал, болмаса кітап деп атаймыз деген сұрақ туа қалса (ондай сұрақтың қойылуы әбден мүмкін), мұғалім бұлардың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіруге міндетті. Сондай-ақ бастауыш мектеп балаларына кітапты қалай ұстау, қадірлеу, оқу керектігін үнемі ескертіп отырудың да артықшылығы жоқ.
Сыныптан тыс оқудың түрлері
Сыныптан тыс оқуды ұйымдастырудың бірнеше жолдары бар. Атап айтқанда:
Сабақтан тыс уақытта мұғалімнің дауыстап оқуы.
Балаларды өз бетінше оқуға үйрету, жаттықтыру
барысында мұғалім өзі дауыстап, мәнерлеп кітап оқып беріп, дұрыс оқудың үлгісін көрсетеді. Басым көпшілік жағдайда бастауыш сыныптарда көркем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, мазмұны қызықты болады. Мұғалімнің әсерлі дауысы оқушыны өзіне баурап алатындай немесе әңгіменің оқиға желісін балалардың көз алдына елестеейтіндей болуы тиіс. Мұғалімнің сыныптан тыс уақытта даустап кітап оқып беруі бастауыш сыныптың барлық сатысында, әсіресе, шағын комплекті мектептерде өте маңызды. Себебі ондай сыныптарда сабақ үстінде оқушыларды дауыстап,мәнерлеп оқытуға үйрету жұмысын ойдағыдай жүргізуге уақыт жетпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |