Мазмұны Кіріспе І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері


Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту



бет6/15
Дата21.05.2022
өлшемі426 Kb.
#35201
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
kur -bastauysh-mektep-oqushylarynyn-shygarmashylyq-qabiletinin-damuyn-jeksperimentaldy-zertteu

1.3. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
Шығармашылық қабілет деген не? Қабілеттердің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланыст деген сұрақтар әрбір ұстазды мазалайды. Шығармашылық әрекет - өте күрделі процесс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық – адам іс-әрекетінің түрі. Мұндай әрекеттің ерекшелігі, даму деңгейі тек әлеуметтік факторларға ғана емес, табиғи, биологиялық факторларға да байланысты.
Бұл мәселе төңірегінде жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Енді бастауыш сыныптарда осы мәселе қалай шешілетінін, өрбитінін қарастырайық.
Балалар психологиясында әрбір жас кезеңдерінде психикалық даму ерекше орын алады. Жас ерекшеліктеріне орай таным әрекеттерінің біршама жедео дамуының негізгі жолдарын ашу, олармен оқу, тәлім-тәрбиелік жұмыс жүргізудің көкейкесті мәселесі.
Бала психикасының дамуындағы нәтижелі кезеңді ескере отырып, жеке даралық өзгешеліктердің жан-жақты дамуына түрткі – оқу-іс әрекетін тиімді ұйымдастыру. Бала психикасының дамуына оқытудың әсері ерекше екенін Ж.Пиаже, Д.В.Эльконин, А.В.Запорожец, М.И.Лисина, А.А.Венгер, В.В.Давыдов, Н.Н.Поддьяков, А.А.Любленская, Л.И.Божович, Ж.Аймауытов, М.М.Мұқанов еңбектерінен көруге болады. Ж.Аймауытов өзінің педагогикалық еңбектерінде «білімдендіру көбінесе, екі мақсұт көздейді – білім көбейту, яғни затты мақсұт, ақыл күшейту, яғни қалыпты мақсұт» - деп көрсетеді. Мұндағы көзқарас – оқу баланың білімін көбейтеді, ақылын күшейтеді, тәжірибені молайтады (1).
Р.С.Немов бастауыш мектеп оқушыларының оқу материалдарын меңгеру мүмкіншіліктері мен ақыл-ой қабілеті өте жоғарылығы оқытуды дұрыс ұйымдастырған жағдайда кәдімгі мектепте беретін әдеттегі білімнен әлдеқайда жоғары нәрселерді қабылдап, меңгере алатындығын, сондай-ақ бастауыш мектеп кезеңінде оқыту баланың барлық психикалық үрдістерінің едәуір жаңа өзгеріс – жетістікке жететіндігін түсіндіреді. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуының жедел жүруіне бірден-бір себеп – оқу үрдісі екенін жоғарыда атап өттік. Мектептегі оқыту – жас бүлдіршіндерді өз елінің ұлы азаматы, жан-жақты білімді жеке адам етіп тәрбиелеуді көздейді. Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына көрсетілгендей (17) бастауыш сатыдағы білім берудің приоритетті мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау. Оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, оның психологиялық ерекшеліктері дәл ескеріліп отырылуы қажет.
Балдырған мектеп қабырғасын аттасымен-ақ оқу үрдісінде балалардың бұрын қалыптасқан барлық таным әрекеттері, санасы қайта жаңа өзгерістерге ұшырайды.
Р.С.Немов, егер баланы оқытудың бағдарламасына сәйкес дұрыс оқытса, дұрыс меңгеруге үйретсе, кәдімгі баланың өзі де барлық нәрсеге қабілетті бола алатындығын айтады (24).
Кейде өзгеден мүлдем бөлек өзіндік ерекшеліктері бар, темпераменті де өзгеше болып келетін балалар да кездеседі, олар да оқу жұмысында жақсы табысқа ие болып жүреді.
Егер В.И.Волокитина дені сау оқушылардың арасынан логикалы ойлауға қабілеті болмайтын бала болмайды, дегенмен балалардың ойлау әрекетінің ұшқырлық дәрежесі мен ойлауға қиыншылық келтіретін себептері болады десе, онда терең ойлауға мүмкіндік жасау, ойлау қарқынын жеделдету, ой ұшқырлығын күшейтуге қиыншылық келтіретін себептерді болдырмау – балалардың шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады (10).
Шығармашылық қабілеттік мәселесі психология ғылымында біржақты ғана қаралмайды. Бұл бұрыннан-ақ келе жатқан құпиялы қасиет болып табылады. Құпияның сырын ашу кілтін психология, педагогика ғылым салаларындағы ғалымдар түрліше түсіндіріп ашады.
Шығармашылық қабілеттілік – бала өз бетінше жаңа, бір бейне құрумен сипатталады, яғни іс-әрееттің қандай түрінде болмасын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.
Соңғы жылдары шығармашылық психологиясы туралы С.Л.Рубинштейн, Б.М.Кедров, А.В.Брушлинский, Я.А.Пономарев, О.К.Тихомиров, ал жалпы және арнайы қабілеттіліктер туралы Б.М.Теплов, Н.С.Лейтес, А.Крутецкий, Е.И.Игнатьев, К.В.Тарасов қабілеттіліктер және жеке даралық өзгешеліктердің психологиясы мен психофизиологиясы туралы Б.М.Теплов, В.Д.Небылицин, Э.А.Голубаева, В.М.Русаловтың еңбектері қабілеттілік негізін қалады.
Сондай-ақ, бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу үрдісінде әр түрлі пәндерде шығармашылық қабілеттілік, ақыл-ой дамуы туралы еліміздің және шет ел ғалымдары біршама зерттеу жұмыстарын жүргізген. Г.В.Бабиков, А.Крутецкий (математика), «Б.М.Кедров (ғылыми-техникалық шығармашылық), Е.Игнатьев, О.И.Никифорова (көркем әрекеттік шығармашылық), А.А.Люблинская, Д.Б.Эльконин, Г.Айзенк, Ж.Пиаже, Э.Торндайк, Ж.Аймауытов, Т.Мұқанов т.б.
Зерттеулердің қорытындыларына сүйене отырып шығармашылқ тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық, талдап-жинақтай білу сияқты кешенді қасиеттермен қатар, ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, шығармашылыққа деген құштарлығы болуы керек екені анықталады.
Бұдан қазіргі таңдағы қазақ педагогикасының міндеті – осы қасиеттерді кез-келген қазақ оқушысының бойындағы қалыптастыру деген тұжырымға келеміз.
Бүгінде шығармашылық қабілеттердің дамуы басты нысана болып, ал оқушыда шығармашылықтың белгілерінің болмауы үлкен проблемаға айналып, ойландыруға тиісті кезге жеткен сияқтымыз. Өйткені өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу, мемлекетімізді өркениетке жеткізу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан келмек. Тек шығармашылық қана (қандай түрде, қандай деңгейде болмасын) адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын бастауыш мектептің алар орны ерекше. Өйткені бастауыш мектеп:

  1. Оқушылардың интеллектуалдық, рухани, табиғи нышандарын дамытуға, - өзінің қызығушылықтарымен бейімділіктерін іске қосуға;

  2. Жеке адамның сезімдерін қалыптастыруға;

  3. Ұжымдық және іс-әрекеттер тәсілдеріне үйретуге;

  4. Баланың еркін шығармашылықпен ойлауына, оның барлық қабілеттерін дамытуға өз күшіне деген сенімінің болуына жағдай жасауы керек.

Кіші жастағы оқушылардың оқуға, оқу арқылы қабілеттерінің дамуына көп мүмкіндіктері бар. Олардың интеллектісі қарапайым ой операциясы дәрежесінде кездеседі дейтін Ж.Пиаженің пікірін негізге ала отырып қазірде бұрын аңғарып көрмеген қабілеті бар екені анықталып отыр. Көрнекті психологтардың (Л.С.Выготский, В.В.Давыдов т.б.) еңбектеріне сүйене отырып, қазіргі күнде беріліп жүрген оқу тапсырмалары оқушылар үшін жеткіліксіз, олардың даму мүмкіндіктерінен төмен екені көзге түсіп тұратынын айтқымыз келеді. Оқушының оқу іс-әрекетінің басым көпшілігі репродуктивті түрде іске асып жатады. «Бұл не, Қандай? Қайда?» деген сұрақтарға жауаптар алу негізінде құрылған «Неге назар аудару керек?», «Нені зерттеу керек» сияқты тапсырмалар өте сирек кездеседі. Оқушылар да, мұғалімдер де шығармашылық процестерге төмен бағытталған көмегінсіз, өлеңдер, ертегілер, музыка жащу, ойлап табу т.б. шығармашылық жұмыстар тапсырыла бермейді, сенімсіздік көрсетіледі.
1 - сыныптан бастап оқушыны жаңалықтармен, біліммен «қаруландыру» ісі қолға алынады. Мұғалім айтады, түсіндіреді, оқушы тыңдайды, орындайды. Оқыту әрекеті оқушының өзі қоймаған сұрақтарына қайтарылған жауап түрінде құрылып, оның ішкі талап-тілектерін, сұраныстарына қанағаттандыру дәрежесі төмен болып жатады. Білім беру технологиялары да бала дауын тежейтін формада. Үлкен адам бала атқаруға тиісті іс-әрекетті көп бөлігін өзі істейді. Осыдан барып, оның іздену, зерттеу, саралау, сарапаттауға деген қажеттіліктері жоғала бастайды. Қысқаша айтсақ, интеллектуалдық жұтаңдыққа әкеп соғады.
Әдебиетте қабілеттің екінші деңгейі шығармашылық деңгей деп көрсетілуде. Ал «шығармашылық сөзінің мәні неде?»
«Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз.
Үлкен энциклопедиялық сөздікте «шығармашылық» деген қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет» деп тұжырымдалады.
Көрнекті психолог Л.С.Выготский «шығармашылық» деп жаңалық ойлап табатын іс-әрекетті атаған.
Ал «шығармашылық» мәселесін терең зерттеген Я.А.Понамарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе инттелектуалдық тұрғыдағы, баланы жаңа психикалық сапаға көтереді. Бұдан біз «шығармашылық» ұғымының негізгі белгісі «жаңалық» болғанымен, онда тұлғаның, адамзаттың, қоғамның дамуына әсер ететін ерекше күштің бар екенін байқаймыз.
Шығармашылықтың мәні, шығармашылық іс-әрекет туралы әр кезде, әртүрлі пікірлер болған. Мысалы, ХХ ғасырдың басында белгілі бір философиялық сөздікте «шығармашылық» деп жаңа нәрсе ойлап табу, жаңалық ашу», - дей келе – ол әр адамға тән нәрсе емес, құдайдың құдіретімен болады. Ал адам шығармашылығы тек салыстырмалы түрдегі әрекет» - деген.
Кейін зертеле келе шығармашылыққа берілген анықтама да өзгере бастады.
Соңғы кезде шығармашылық сезімін «жаңалық» сөзі мәндес, астарлас болып табылғандай. Психологиялық анықтамаларда берілгендей «бұрын болмаған жаңалық» деу үзілді-кесілді болғанымен, ерекше соны жаңалық жаңа жол, жаңа шешім екенін мойындаған жөн. Ал баланың ашатыны субъективті жаңалық, ол тек қана өзіне жаңа жаңалық болып табылады.
Шығармашылық бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі. Табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл-санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан-дүниесінде – бәрін де шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Және ол процесс бейберекет, жүйесіз жүрмейді, белгілі бір табиғи жүйемен дамиды. Табиғат ішкі шығармашылық процестерді өзі басқарады. Ал сыртқы факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой санасында, қызметіне байланысты.
Сыртқы факторлардың бірі – оқыту және тәрбиелеу жүйесі.
Шығармашылық әрекет оқушының ақыл-ойын, талантын, жалпы өзін дамытатын болса, онда «даму» терминінің мәнін түсіну қажеттігі туады.
«Даму» сөзіне философияда «мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге ауысуы» деген анықтама беріледі.
Философияның белгісі бойынша кез келген адам өзінің жеткен дәрежесінде қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығара отырып, жаңа қалып, жаңа сапаға көшеді. Терістеу – дамудың қозғаушы күші. Терістеу белгілі бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу.
«Даму» сөзінің психологиялық анқытамасы жаңару процесі жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген ұғымды береді.
Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі дамып, өзгеріп бір деңгейден диалектикалық жолмен өтіп отырады. Тәрбиенің нәтижесінен жаңа туған баланың психикалық әрекеттері біртіндеп дифференцияланып дами келе, жаңа сапалардың пайда болуына әзірлік жасалады. Даму процесіне үш түрлі күш пен үш түрлі фактор қатысады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет