ҚОРЫТЫНДЫ
Әр елдің тәжірибелерін қарастыра отырып,біздің көретініміз шет елдерде инклюзивті білім беру мәселесі біздің елге қарағанда едәуір жолға қойылған. Бұл елдерде инклюзивті білім беру XX ғасырдың 70 жылдарынан басталған, ал біздің елде екінші мыңжылдықтың басында қолға алына бастады. Европа елерін алатын болсақ, инклюзивті білім беру көптеген мәселелерді шешкен. Бұл елдерде мүгедек балаларға жалпы білім беретін мектептерде қосымша көмек жолдары ұсынылған.Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Халықаралық тәжірибелерді жан жақты қарастыра отырып,оларды толық зерттеп, еліміздің даму стратегиясын, экономикасын, білім беру жүйесін, әлеуметтік саясатын, қоғам қажеттілігін, тіпті еліміздің менталитетін ескере отырып, тәжірибелерді осы ескерулерге сай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп жүзеге асыру қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі таңда инклюзивті білім беруді жүзеге асыру табыстылығы тікелей болашақ мамандардың даярлығына байланысты болып табылады.
Халықаралық тәжірибелерді жан жақты қарастыра отырып,оларды толық зерттеп, еліміздің даму стратегиясын, экономикасын, білім беру жүйесін, әлеуметтік саясатын, қоғам қажеттілігін, тіпті еліміздің менталитетін ескере отырып, тәжірибелерді осы ескерулерге сай өзгертулер мен толықтырулар енгіп жүзеге асыру қажеттілігі туындап отыр. Ал, менің ойымша, қазіргі таңда инклюзияны жүзеге асыру табыстылығы тікелей болашақ мамандардың даярлығына байланысты болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Адырбаева М.Ж. Инклюзивті білім беру жүйесіндегі психологиялық –
медициналық педагогикалық консультацияның жұмыс барысы. -Алматы, 2011. – Б.30-35.
2. Буркиев М.Ж. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби даярлаудың ерекшелігі республикалық-практикалық конф. материалдары. -Қарағанды, 2009. – Б.3-9.
3. Батырғалиева А.С. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу жолдары.
-Алматы, 2011. – Б.17-25.
4. Буркиев М.Ж. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби даярлаудың ерекшелігі республикалық-практикалық конф. материалдары. -Қарағанды, 2009. –Б.8-15.
5. Батырғалиева А.С. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу жолдары. -Алматы, 2011. –Б.10-19.
Достарыңызбен бөлісу: |