Эссе Әлеуметтік саясаттың Қазақстан экономикасы секторларына ықпалы. Жалпы , әлеуметтік саясат дегеніміз – бұл түпкі мүдделерді және белгіленген халық топтарының ұзақ мерзімді мүдделері мен қоғам мақсаттарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қоғамдық өнімді құру мен бөлу бойынша әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар арасындағы қатынастармен байланысты мемлекеттің және қоғамдық институттардың іс-әрекеті. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты – еңбекке жарамды азаматтарға өзінің еңбегімен ауқаттылығын сақтап қалу үшін жағдай жасау және еңбекке жарамсыздарға-кепілденген әлеуметтік қорғау мен қолдау көрсету жолымен қоғамдық-саяси жүйенің серпінді дамуын қамтамасыз ету болып келеді. Ал , экономикалық саясат туралы айтсақ бұл мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру болып есептеледі.
Қазақстан, орасан зор аумақта орналаса отырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың аймақтық ерекшеліктерге ие, олар шаруашылық байланыстарға, тауарлардың, капиталдың, жұмыс күшінің ағымының шарттарына және жалпы мемлекеттің экономикалық әлеуетіне едәуір ықпал етуге қабілетті. Өңірлердің бірінің екіншісінен артта қалушылығы өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, шаруашылық қызметтің аз қарқындылығына, өнеркәсіптің аз диверсификацияланған салалық құрылымына, ғылыми-техникалық әлеуеттің төмендеуіне, әлеуметтік саланың дамымауына әкелуі мүмкін. Қазақстан Республикасын саяси жағынан жетілдіру өз кезегінде мемлекеттің әлеуметтік саясатының мазмұнын сыйпаттайды. Мұның өзі - әлеуметтік үндерістерді бір арнаға түсіруге және ойлаган тиімділікке қол жеткізу мақсатындағы іс- қимылды реттеп отыруға жәрдемдесу деген сөзді білдіреді. Сондықтан, Қазақстанның әлеуметтік саясатын зерттеу айтарлықтай ынта – ықылас туғызады. Өйткені, бұл мәселе саясатқа ғана емес, қоғам дамуының экономика, тарих, заңнама сияқты басқа да салаларының мәселелірін қамтып отырады және де оларды шешуге тырысу қажет. Еліміздің дамуына әлеуметтік сала бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қолға алынып отырған жобалардың да қосатын үлесі бар. Халықтың жағдайын жақсарту мақсатынан бөлек, қоғамда өмір сүріп жатқан мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету, олардың қоғамнан өз орнын табуына ықпал ету де маңызды іс.