5. Web парақтарын қарап отырып, вирус жұқтырып алу мүмкін бе?
А) иә Ә) жоқ* Б) кейде В) дұрыс жауабы жоқ
6. Электронды почтаны қолдану кезінде одан зиян шегуге бола ма?
А) иә* Ә) жоқ Б) кейде В) дұрыс жауабы жоқ
7. Бір адамның меншігіндегі өзіндік URL адресі бар World Wide Web парақтарының жиыны
А) сайт* Ә) адрес Б) торап В) парақ
8. Интернеттің дамуы мен таралуы қанша бағытта жүреді?
А) 4 Ә) 3* Б) 2 В) 5
9. “URL адресі табылмай жатыр” деген хабарлама нені білдіреді?
А) ондай адрес жоқ дегенді білдіреді
Ә) адрестің қажетсіздігін білдіреді
Б) ол әлі аяқталмаған, қате терілген дегенді білдіреді*
В) жауаптар арасында дұрысы жоқ
10. Бір – бірімен қашықта, мыңдаған шақырымда орналасқан бірнеше жергілікті желілерді байланыстыратын жабық желі түрі
А) корпоративтік желі* Ә) ауқымды желі
Б) жергілікті желі В) компьютерлік желі
Қорытынды
Соңғы кездегі мектептерде, түрлі мекемелерде және жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті. Біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістер орта білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды. Назарларыңызға ұсынылып отырған бұл курстық жұмыстың мақсаты – оқушыларға компьютерлік желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйретеді.
Информатика пәнін оқытуда кез келген сабақ – ол оқу үрдісінің бір бөлігі, сондықтан да оқып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі ролін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде – оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысына қалыптастыруға тиіс. Бірақ біз компьютерлік желілер технологияларын қолдана отырып бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылардың компьютердің негізгі құрамы мен бірге компьютер желісін де меңгергендігін білуге болады. Егер сіздің бір-ақ компьютеріңіз болса және модеміңіз болмаса, онда сіз компьютерлік желінің артықшылықтарын сезіне де алмайсыз. Ал сіздің бірнеше компьютеріңіз болса, немесе қашықтағы компьютерге ақпарат жөнелту керек болса, онда желілік технология мүмкіндіктері сіз үшін өте қажет болып табылады. Желілік технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді.
Компьютерлік желілер технологиясын қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:
Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
Компьютерлік желілермен байланыс жасайды;
Ақпараттарды ала алады, өңдейді, сақтайды;
Интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;
Электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;
Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.
Мұғалім – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Бидайбеков Е.Ы, Григорьев С.Г, Гриншкун В.В.
« Создание и использование образовательных электронных изданий и ресурсов »
Алматы « Білім »2006
2. Борисенко А.А. « Локалная сеть» Москва « Эксмо » 2007
3. Олифер В.Г. Олифер Н.А « Компьютерный сети Принципы, технологии, протоколы: Учебник – СПБ: » Питер 2001 – 627с
4. Балапанова Е.Қ, Бөрібаев Б.Б, Даулетқұлов « Жаңа информациялық технологиялар. Информатикадан 30 сабақ. »
5. Мансұров М. « Компьютерлік орта » Алматы « Prints »2004
Достарыңызбен бөлісу: |