Байланысты: kur -kompjuterlik-zheliler-turaly-zhalpy-tuinik (2)
Ұсынылатын деңгей Ұсынылатын (PRESENTATION) деңгей компьютерлiк желiлер арасындағы деректердi айырбастап отыру үшiн қолданылатын форматты анықтайды. Бұл деңгейдi аудармашы деп те атауға болады. Ұсынылатын деңгейде қолданбалы деңгейден келген мәлiметтер ортақ түсiнiктi аралық форматқа аударылады.
Сеанстық деңгей Сеанстық (SESSION) деңгей әртүрлi компьютердегi екi қосымшаларды орналастыруға, қолдануға және аяқтауға мүмкiндiк бередi. Бұл деңгейде желiдегi екi қосымшаны байланыстыруда қорғау және олардың аттарын игеру сияқты функциялар жүргiзiледi. Сеанстық деңгей мәлiметтермен қолдануға берiлген топтағы бақылау нүктелерiнiң синхронизациясын қамтамасыз етедi. Қате болса тек қана берiлгендердi соңғы бақылау нүктесiнде жазу керек. Бұл деңгей берiлгендердi қай жерде, қашан, қашанға дейiн т.б орындау керектiгiн бақылайтын диолог және бiрлескен процестерден тұрады.
Транспорттық деңгей Транспорттық (TRANSPORT) деңгей ақпараттарды қатесiз, өз кезегiнде жоғалмай және көшiрмесiз жеткiзуiне кепiлдiк бередi. Бұл деңгейде жiберушi компьютердiң хабарлары реттеледi: көлемдi хабарлар бiрнеше бөлiктерге бөлiнедi, ал қысқасы бiр пакетке жиналады. Бұл пакеттердiң желi бойынша таралуын ұлғайтады. Транспорттық деңгей хабарлар ағымын басқарады, пакеттердiң қателерiн тексерiп, оларды жiберу және қабылдаудағы мәселелердi шешуге қатысады.
Желiлiк деңгей Желiлiк (NETWORK) деңгей хабарлардың адрестерiне жауап бередi, функциялық адрестердiң аттарын және логикалық адрестердi аударады. Бiр сөзбен айтқанда желiлiк деңгейде жiберушi компьютер мен қабылдаушы компьютердiң маршруты анықталады. Бұл деңгейде желiлiк трафикпен байланысты буманы коммутациялау, маршрутизациялау және жүктеу сияқты мәселелер шешiледi, Егер желiлiк адаптер маршрутизациясы жiберушi компьютерден берiлген көлемдi мәлiметтер блогын жiбере алмаса, онда осы желiлiк деңгейде бұл блоктар кiшкене мөлшерге бөлiнедi. Ал қабылдаушы компьютер осы мәлiметтердi қалпына келтiрiп жинайды.
Арналық деңгей Арналық (DATA LINK) деңгей берiлген мәлiметтер кадрын желiлiк деңгейiнен физикалық деңгейге өтуiн қамтамасыз етедi. Кадрлар - бұл берiлген мәлiметтердi тiркейтiн логикалық бiрлескен құрылым. Арналық деңгей физикалық деңгей арқылы компьютерлер арасында кадрлар берiлген кездегi нақтылықты қамтамасыз етедi.
Физикалық деңгей Физикалық (PHYSICAL) деңгей - OSI моделiнiң соңғы деңгейi. Бұл деңгей толықтырылмаған биттердiң ағымын физикалық ортада берiлуiн айқындайды. Мұнда электрикалық, оптикалық, механикалық және функциялық интерфейстердi кабельмен айқындайды. Сонымен қатар физикалық деңгейде жоғарғы деңгейлерге түскен хабарлардың берiлу сигналдары қалыптасады. Физикалық деңгей – бұл бiр компьютерден екiншi компьютерге биттердi (нөлдiк және бiрлiк) жiберуге арналған. Бұл биттердiң мазмұны ешқандай мағына бермейдi. Ендеше физикалық деңгей желiлiк кабельмен берiлетiн биттердiң амалын құрады.
Драйверлер Драйвер - бұл компьютердiң нақты құрылғысымен жұмыс iстететiн бағдарламалық жасау. Егер кейбiр құрылғылар компьютерге қосылса да, ол құрылғының драйверi орнатылмағандықтан операциялық жүйе қарым-қатынаста жұмыс iстемейдi. Драйвер - құрылғыны қалай басқару және оның қалай жұмыс iстейтiндiгiн компьютерге айтатын бағдарлама. Компьютердiң барлық құрылғылары мен периферияларына (шалғай құрылғы) арналған драйверлер бар. Мысалы:
Енгiзу құрылғысы (тышқан тәрiздес тетiк);
SCSI және IDE дискiлiк контроллер;
Қатты және иiлгiш дискiлер;
Мультимедиа құрылғысы (микрофон, видеобейне, жазу құрылғылары);
Желiлi адаптер тақшасы;
Принтер, плоттер, магниттi таспада жинақтауыш және т.б.
Операциялық жүйе әртүрлi драйверлiк құрылғыларымен байланысады және құрылғылардың функциялығын қамтамасыз етедi. Драйверлердiң көп қолданылатыны принтер драйверi әртүрлi функцияларымен ерекшеленедi. Компьютердi әзiрлеушiлер бағдарламамен және принтер типтерiмен жұмыс iстете алмайды. Оның орнына принтер әзiрлеушiлерi өздерiнiң принтерлерiне драйвердi жасап шығарады. Сiздiң құжаттарыңызды принтерге салу үшiн бiрiншiден барлық компьютерлiк құрылғыларды қадағалайтын принтердiң драйверiн жүктеу керек. Драйверлер дискiге операциялық жүйемен және жабдықтарымен қосылады, оларды Интернеттен алуға болады. Драйверлiк құрылғыларды қажет ететiн жабдықтар тұтынушыға қолайсыздық туғызады. Драйверлерге дискiлiк контроль орнықтыру керек. Негiзгi қолданылатын екi типтi контроллер бар:
Small Computer System Interface (SCSI);
Integrated Device Electronic (IDE).
SCSI - контроллерi әртүрлi құрылғыларды бiр тiзбекте ұстайды. Мысалы: қатты диск немесе SD-ROM дискаводы. Бұл контроллер баптап орнықтыруды қажет етедi. Егер сiз SCSI адаптерiн басқа әзiрлеушiнiң SCSI адаптерiне өзгертсеңiз, онда сiзге түзетүшi драйвердi орнықтыру керек. Дискiнiң жинақтаушы типi IDE реттелген контроллерi бар, сондықтан жеке адаптер тақшасын орнықтыруының керегi жоқ.
Желiлiк драйверлерді, желiлiк адаптердiң тақшасын, компьютер жасаушыларының қатынасын редикторлар қамтамасыз етедi. Редиктор - бұл программалық желiнiң жасау бөлiгi, ол енгiзіп-шығарады, өшкен файлдарды қабылдайды және оны басқа компьютер желiсiне хабарлайды. Драйвердi орнату үшiн арнайы утилита қолданылады. Драйверлер және адаптер желiсiнiң тақшасы қатынасудың басқару орталығында орналасады. Ол желiлiк адаптер тақшасын физикалық деңгейге үлестiредi.
Желiлiк архитектура - бұл желi жұмысына қолайлы стандарттар, топологиялар немесе хаттамалар комбинациясы.