Мазмұны Кіріспе Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік І тарау



бет21/34
Дата09.06.2022
өлшемі103,01 Kb.
#36608
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34
Байланысты:
kur -kompjuterlik-zheliler-turaly-zhalpy-tuinik (2)

2.3. Дискті бірігіп пайдалану
Дискті ортақ қолдануға ұсыну үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесін ашып, ортақ қолдануға ұсынатын дискті ерекшелеңіз.

  2. Файл менюіндегі Қатынау (Доступ) командасын таңдаңыз. Диск қасиеті терезесінде Қатынау бетбелгісін ашыңыз.

  3. Дискті бірігіп қолдану үшін «Ортақ ресурс» (Общий ресурс) ауыстырып қосуды таңдаңыз. Осыдан соң Ортақ ресурс тобындағы параметрлер мәнін орнатуға болады.

  4. Ортақ ресурс тобына 1-кестені пайдалана отырып, сәйкес параметрлерді орнатыңыз.

  5. Қабылдау (Применить) батырмасын басып, терезені жабу үшін ОК батырмасын басыңыз. 1-кесте

Қатынау параметрлері (Параметры доступа)

Параметр

Сипаттама

Ортақ ресурс – Общий ресурс – Shared As

Желі аты (сетевое имя)

Жаңа аттың енуі немесе сіздің компьютеріңіздің дискісіне ортақ қатынауды қамтамасыз етуде ескі атты қолдану.

Түсініктеме (заметки)

Түсініктеме – бұл ресурстардың кесте режимі түрінде басқа қолданушыларға көрінуі. Мұнда дисктегі керекті мәліметтерді табуға көмектесетін ақпараттарды енгізуге болады. Бұл параметрді әркім өзінің қалауы бойынша енгізеді.

Қатынау типі - Тип доступа – Access Type

Тек оқу (только чтение)

Диск пен файлдарды ортақ көру және оларды көшіру. Ортақ дисктегі ақпараттарды өзгертуге немесе өшіруге тыйым салу.

Толық (полный)

Басқа қолданушылар үшін файлдарды өзгерту және өшіру мүмкіндігі.

Парольмен анықталады (определяется паролем)

Қолдану паролінің аты бойынша әртүрлі қолданушыға әртүрлі қатынауды қамтамсыз ету.

Паролдер – Пароли - Passwords

Оқуға арналған пароль (пароль для чтения)

Пароль енгізуде бұл паролді білетін қолданушылар тек оқу үшін қатынау жасай алады. Паролдің дұрыстығын тексеру үшін сұхбаттасу терезесі шығады, сол жерге пароль енгізу қажет.

Толық қатынау паролы
(пароль для полного доступа)

Пароль енгізуде бұл паролді білетін қолданушыларда дискке толық қатынау мүмкіндігі бар.



Тапсырма

  1. Өзіңіз отырған компьютердің диск жетегіне дискета салып, оны бірігіп пайдалануға ұсыныңыз.

  2. Алдыңғы сабақта өзіңіз құрған бумадағы файлға тек оқу үшін қатынау орнатыңыз.

  3. Осы файылыңызға оқуға пароль орнатыңыз.

  4. Ашылған терезелерді жауып, басқа қолданушының файылына

қатынау орнатып көріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет