Мазмұны Кіріспе Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік І тарау



бет22/34
Дата09.06.2022
өлшемі103,01 Kb.
#36608
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34
Байланысты:
kur -kompjuterlik-zheliler-turaly-zhalpy-tuinik (2)

2.4. Бумаларды бірігіп пайдалану
Бумаға қатынауды ұйымдастыру үшін:

  1. Менің компьютерім терезесін ашыңыз.

  2. Қажет бумаңызды тауып, ерекшелеңіз.

  3. Тышқан тетігінің оң жақ батырмасын басып, Қатынау (Доступ) командасын таңдаңыз.

  4. Қатынау бетбелгісіндегі «Ортақ ресурс » ауыстырып қосуды таңдаңыз.

  5. 1-кестені қолдана отырып, біраттық топқа параметр атын орнатыңыз. Ресурстың бірігіп пайдалануға болатынын білдіретін ортақ бумаға қолдың бейнесі бар кішкентай таңбаша орнатылады.

Принтерді бірігіп қолдану
Ең алдымен Желі – сұхбаттасу терезесі арқылы принтерге ортақ қатынау мүмкіндігін орнату қажет. Ал, принтерді ортақ құрылғы ретінде анықтау үшін келесі әрекетті орындаңыз:

  1. Бас менюді ашып, Баптау (Настройка), оның ішінде Принтерлер командасын таңдаңыз.

  2. Ашылған Принтер терезесінде ортақ жасайтын принтерді ерекшелеңіз. Файл менюінен Қатынау командасын таңдаңыз. Принтердің қасиеттері (свойства) терезесі ашылады.

  3. «Ортақ ресурс» ауыстырып қосуды таңдаңыз. Топқа тиісті параметрлерде қатынау мүмкіндігі болады.

  4. Желі аты өрісіне берілген аттың орнына принтердің жаңа атын енгізуге болады.

  5. Түсініктеме өрісіне түсініктеме жазуға болады.

  6. Пароль өрісіне берілген ресурс үшін пароль енгізуге болады.

  7. Барлық параметрлерді сақтау үшін Қабылдау батырмасын басыңыз. Қасиеттер терезесін жабу үшін ОК батырмасын басыңыз. Немесе барлық параметрлерді сақтау және қасиеттер терезесін жабу үшін бірденен ОК батырмасын басу қажет. Жергілікті принтердің таңбашасы ортақ принтердің таңбашасына айналады.

Тапсырма

  1. Менің құжаттарым бумасына бірігіп пайдалану үшін соған тиісті жұмыстарды орындаңыз.

  2. Қасыңызда отырған қолданушы компьютеріндегі « Менің компьютерім » белгісін бірігіп пайдалануға болатынына көз жеткізіңіз.

  3. Оқытушы компьютерге қосылған принтнрді бірігіп қолдануға болатынын желі арқылы көріңіз.

  4. Ашылған терезелердің барлығын жабыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет