Мазмұны кіріспе Негізгі бөлім Гештальт тұрғысының негізгі пайымдаулары мен құндылықтары. Гештальт психологтар ойлау жайында. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер I. Кіріспе



бет1/4
Дата24.07.2022
өлшемі30,08 Kb.
#37888
  1   2   3   4
Байланысты:
гештальт пс


МАЗМҰНЫ


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

  1. Гештальт тұрғысының негізгі пайымдаулары мен құндылықтары.

  2. Гештальт психологтар ойлау жайында.

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер


I. КІРІСПЕ
Ұзақ уақыт бойы жас экспериментальдық психологияның зерттеу объектісі болып ─ түйсік саналды. Осы уақытта психикалық өмірдің бейнелік аспектісі психологиялық лабороторияларда ашылмай, керісінше, жоғала бастады. Оны идеалистік философия үстем етуші кезде қалыптасқан гештальпсихологиясы жүзеге асыруға тырысты.
Ассоциациялық психологияға қарама-қарсы гештальтпсихология түйсікті емес, қайта қайсыбір психикалық құрылымды, тұтас түзілімді, яғни "гештальттарды" бастапқы және психиканың негізгі элементтсрі деп санайды. Гештальтпсихология бойынша, олардың қалыптасуы қарапайым, симметриялы, томаға тұйық тұлғалар түзу қабілеті бейнебір іштей тән психикасына бағынады. Гештальтпсихология теориясы индивидті сыртқы ортадан және оның практикалық қызметінен бөліп алу болып табылады. Психикалық түзілімдердің тұтастығын гештальтшілдер, сайып келгенде, иманенттік субъективтік "заңдармен" түсіндіреді, мұның өзі оларды идеализмге жақындатты. Кейіннен идеялары (әсіресе "гештальт" ұғымы) материалистік-психологар (Л.С.Выготский және басқалар.) Гештальтпсихологияның теориялық тұрғыдан негізделмейтін жақтарын қарастырды. Гештальт структура, құрылым, тұтастық, жүйе. Гештальтпсихология сананың алғашқы бөлшектері түйсінуі де, елесте емес, кейбір тұтас түрдегі "психологиялық құрылымдар" (гештальттар) деп санайды. Сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды.
Гештальтпсихология бойынша, мінез-құлық тек рефлекстер шоғыры емес, күрделірек құбылыс. Сөйтіп психикаға тұтас нәрсе ретінде қарауды гештальтистер басқа барлық бағыттардағы атомизмге қарсы қойды. Тұтас құрылым сапасы бүтінді құрайтын элементтер жиынтығына айнала алмайды және олардан шығарылмайды Керісінше, бүтін элементтердің сапалық ерекшеліктерін белгілеп берді.
Германияда Т.Вертгеймер, В.Келер мен К.Левиннің психологияны тұтастық құрылым ретінде зерттеу бағдарламасынан бастау алған. Гештальт туралы ұғымы (немістің«форма») сенсорлық ілімдерді зерттеуден туындаған. Гештальттықтардың психология ғылымына қосқан үлесі психологиялық бейне ұғымын өңдеу мен психологиялық құбылыстарға жүйелі ықпал етуінде. Адамның психикасының санасыз табиғатының орталығын әлеуметтік жағдаймен байланыстырғандар К.Хорни, Г.Салливен, және Э.Фромм. Бұлардың барлығы Фрейдтің психоанализ реформаторлары (неофредистер).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет