III. Қорытынды Ұзақ уақыт бойы жас экспериментальдық психологияның зерттеу объектісі болып ─ түйсік саналды. Осы уақытта психикалық өмірдің бейнелік аспектісі психологиялық лабороторияларда ашылмай, керісінше, жоғала бастады. Оны идеалистік философия үстем етуші кезде қалыптасқан гештальпсихологиясы жүзеге асыруға тырысты. Гештальт психологиясының құлдырауының себебі мынада: ол өзінің теоретикалық тұжырымдамаларында бейне мен әрекетті бөліп қарастырды. Гештальтистер бейнені өз заңдылықтарына бағынатын ерекше мағына ретінде көрсетті. Оның шынайы зат әрекетімен байланысы жұмбақ болып қалды. Осы екі маңызды дәрежелерді біріктіре алмай, психикалық талдаудың біртұтас схемасын жасай алмағандықтан гештальтпсихологиясының мектебі құлдырады. Сананың феноменологиялық концепциясына негізделген жалған әдістеме бұл екі дәрежені ғылыми тұрғыдан біріктіруге кедергі болды.