Байланысты: kur -informatika-kursy-boyynsha-bilimdi-baqylaudy-avtomattandyru (1)
І.3.Информатикадантест тапсырмаларын құрудың ерекшеліктері және оқушының білімін бағалау критерийлері. Ақпараттық технологияны оқу саласында қазіргі заман оқушыларын, яғни ақпараттық қоғамдық болашақ мүшелерін дайындаудың негізгі нәтижесі информатика бойынша стандартталған білім беру нәтижелерінің жетістіктері болып табылады.
Осы мақсатты іске асыру үшін информатиканы оқыту процесінде білім бақылауды ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін анықтап алу қажет және осыған байланысты мынадай мәселелерді шешу керек:
1) информатика курсы мазмұнының ерекшелігіне сәйкес бақылау түрімен әдістемесін бөліп алу
2) информатикадан білім бақылауды тиімді іске асыру үшін бақылау түрінің ерекшелігін есепке алу және анықтау.
3) білім бақылауда нормативті технологиялық және жеке тұлғаға бағдарланған әдістің бірдейлігін қамтамасыз ету.
"Информатикадан жетістікке жету тестілерін қолдану, оқушыларды пән бойынша даярлау әртүрлі оқыту әдістемесін, оқулықтарды және қолданбалы прогаммалар пакетін салыстыру сияқты әдістемелік мәселелөрді шөшуге елеулі әсер етөді. Информатикадан оқыту нәтижелерін бағалау үшін тест тапсырмаларын жасау және қорытыны тестерді құру мәселелері туындайды.
Жұмыс тәжірибесімен ғылыми пөдагогикалық әдебиеттерді талдау нәтижесі бойынша информатика пәнінен білім бақылаудың негізгі түрі педагогикалық тестілеу болып табылады. Информатикадын білім бақылауды іске асырудың ерекшелігі, ""Информатика" білім беру саласының әртүрлі аспектілері болып табылады, олар: дүниетанымдық компьютерде пайдаланушылар алгоритмдеу және программалау мамандыққа баулу курсы бойынша техникалық және мамандандыру.
Информатика жаңа сала ретінде әртүрлі ақпараттық процестер ағыны және оларды компьютердің көмегімен оқу, зерттеу, табиғаттағы ақпараттық процестерді модельдеу және басқару мәселелерін қарастырады, осылардың барлығы оның пән аралық өзгешелігі және дүниетанымдық қызметін анықтайтынын айта кету керек.
Осыған байланысты дүниетанымдық аспекте бақылау тапсырмалары әртүрлі білім саласынан нақты өзекті оқу материалында, оқушылардың информатиканы пән ретінде алгоритм, ақпарат және т.б негізгі ұғымдарды қалай меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік туғызатындай құрылуы қажет.
Мысалы 1. Файл дегеніміз не?
а) ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал.
б) бір типтегі биттердің тізбегі.
в) * бір типтегі байттардың тізбегі.
г) бірнеше типтегі кодтардың тізбегі.
д) ақпараттық құралдардың жиынтығы.
2. Ең ерте заманғы есептеу құралы
а) калькулятор
б) *есепшот
в) компьютер
г) аяқшалар
д) рифмометр.
Информатиканың компьютерді пайдаланушылар аспектісінде оқушылардың білімін бақылауды олардың компьютермен және стандарттық программалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын анықтауды сонымен қатар компьютердің потенциалды мүмкіндіктерін өмірдегі мәселелерді шешуде жоспарлай білу іскерлігін және оны танымның жаңа құралы ретінде осы потенциалын тиімді пайдалануын ескере отырып жүргізу керек. Мысалы:
1."Компьютер жұмыс істеу үшін әмбебап құрылғы" қате пікірін көрсетіңіз
а) сандармен;
б) ақпаратпен;
в) символмен;
г) программамен;
д) адамдармен;
2.Операциялық жүйе дегеніміз не?
а) дербес компьютерлердің негізгі құрылғыларының жиынтығы;
б) дербес компьютер жұмысын басқаратын программалар жиынтығы
в) дербес компьютердің жұмысын вирустан тазарту программасы;
г) дербес компьютерде орындалатын программалар жиынтығы;
д) дербес компьютерде программаны орындау жүйесі;
Бұл аспекте оқушылардың өз бетінше жұмысымен қатар практикалық сабақта компьютерде оқушылардың өзін-өзі бақылауын ұйымдастыруға болады.
"Информатика" пәнінің ерекшелігі бұл пәнді оқыту әдістемесінің маңызды элементінде оқушылардың білімін бақылау мен бағалау тікелей көрініп тұруы керек. Оқу ақпаратын қабылдау мен түсіну және оны меңгеру процесінде меңгерілген білім сапасының бағасын бақылау таным процесінің жалпы құралымының өзгермейтініне қарай заңды болып табылады.
Алгаритмдік және программалық аспектіде білімді бақылауда оқыту процесінің сандық аспектісінен басқа сапалақ аспектісін де қамтуы қажет.
Бұл пән үшін сапалық аспект оқушылардың құрылымды логикалық ойлауының даму деңгейімен сипатталады. Осы деңгейде бақылау үшін құрылған алгаритм мен программа жұмыстарының дұрыстығының сандық бағасан қалыптастыру әдісіне сәйкес жасақтау қажет.
Информатиканы техникалық және мамандандырылған аспектісінде білімді бақылау жоғарыда қарастырылған аспектілердің нәтижесі болып табылатын информатиканың мамандандырылған саралау шеңберінде (яғни тапсырмалар мамандандырылған сипатта болуы керек) іске асырылуы керек.
Қорыта келе, информатиканы оқыту процесінде білімді бақылауды тиімді ұйымдастыру үшін, біріншіден, бақылау әдісін информатика курсын мазмұнына сәйкес таңдау қажет екіншіден, бақылау түрлерінің ерекшеліктерін ескеру қажет, үшіншіден, информатика бойынша оқушылардың білімін бақылауды мемлекеттік білім беру стандартында тұжырымдалған нормаға сәйкес білім берудің мамандыққа баулу және деңгейлік саралау шеңберінде іске асыру керек.
Оқу материалдары бойынша тексерілетін тапсырмалардың толымды қасиеттері де қамтылуы маңызды.
Мемлекеттік стандарт бойынша оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар тек қана оқу міндеттерін жан-жақты орындай алатын оқушыға ғана қойылады.
Информатиканы оқытуда компьютерлік және педагогикалық технология негізінде жасақталған "ізгіліктік заңдылықтарды" оқу процесінде қолдану оқушының іс -әрекеті нәтижелерін бағалау мен бақылауға жаңа талаптар қояды. Дәстүрлі әдіс бойынша оқушының іс-әрекетін бағалау оқу материалын меңгеруді ең жоғарғы дәрежеде және қате жіберілсе бағалары төмендетіліп оны жазалау құралы болды. Оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне жетудегі іс-әрекетін бағалау үшін "есепке алынды" немесе "есепке алынбады" бағалары егізілсе, ал жоғары деңгейге жетсе, онда "4" немесе " 5" бағалары енгізіледі. Қате жауап берген жағдайда "есепке алуды" қайта тапсыру екілік бағадан "есепке алынбайды" бағасының өзгешелігін анықтайды. Бұл жағдайда, бағаның объективтілігі "1" тақырып үшін "2" немесе "2 " басқа тақырыптар үшін "3" бағаларын алуға жол бермейтін және баланың үздіксіз дамуына мүмкіндік беретін тақырыптық бақылау және деңгейлік тапсырмалармен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі кезде информатикадан жарияланған тестік тапсырмалар көбінесе сапалы емес, талаптарды толығымен қанағаттандырмайды және төмендегі кемшіліктер орын алады:
мұғалімдер ешқандай керекті әдістемелік құралдардың жоқтығынан әртүрлі жинақтардағы жайдан-жай құралған тестерді қолданады.
қазіргі кезде тесті құру үнемі субъективті сипатта болады, көптеген жағдайда оларды алдын ала талапты бағалау жүргізілмейді.
Оқушылардың іс-әрекетін бағалауды бақылау әдістерінің бір түрі ретінде тест әдісін қарастырайық.
Тест сұрақтарын құру барысында ең маңызды мәселелердің бірі - тест сұрақтарын таңдап алу. Оған бір мәнді жауап беру оңай емес. Тест сұрақтарын даярлаған кезде, алынған жауап оқушының білім деңгейі туралы ақпаратты толық беруін, оның дұрыс жауапты кездейсоқ таңдау ықтималдығының аздығын ескеру қажет. Сондықтан да дұрыс жауапты кездейсоқ шешудің ең аз ықтималдығын қамтамасыз ететіндей сұрақтар түрін таңдап алу қажет.
Мысалы, мұғалім оқушылардың тармақталу операторын қалай түсінгендерін тексеру керек болсын. Осы оператор жайлы әр түрлі тапсырмаларды қарастыра отырып оқушылардың дұрыс жауапты кездейсоқ таңдау ықтималдығын бағалап көрейік.
1.Тармақталу операторын жазуда қандай түйінді сөздер.
қолданылады?
2.Тармақталу операторының жалпы жазылу түрі қандай?
3.у айнымылысының есептеу алгаритмі тармақталу алгаритмі
бола ма?
Берілген программа фрагменті қандай жұмыс атқарады?
S:=0. k:=0
Іf а[І]>0
theh s:=s+а[І]
Еlse
Іf а[І]<0 then
K:=k+1
Ұсынылған варианттардан дұрыс жауапты кездейсоқ анықтау ықтималдығын бағалауды келесі кестеге жазайық.
Есептеу мысалы ретінде тапсырманың бірінші вариантын алып қарастырайық. Мұнда жауаптың 4 варианты мүмкін саналады. Дұрыс жауаптың ықтималдығы Ал дұрыс жауаптың кездейсоқ берілгенін ескерсек, Р1=(1/4)(1/2)=1/8
Кестеден оқушылардың білімін тексеруде тапсырманың 4-вариантын қолдану тиімді екендігін көреміз.
Информатикадан оқушылардың білімін бақылауда тестік тапсырманың тек жабық түрін қолданумен шектелмей, оның тақырыптарға байланысты қолайлы басқа түрлерін де қолдануға болады. Білімді тексеруде тест тапсырмаларының түрін тақырыпқа сәйкес анықтап, оның басқа түрлерін қолдану оқушылардың танымдық іс-әрекетін, қызығушылығын арттырады. Енді көп нұсқалы тестерді құру жолдарын қарастырайық.
Мысалы, 8-сыныпта санау жүйесі тақырыбы бойынша оқушылардың білімін бақылауда тестің жабық түрін және сәйкестігі анықта түрін қолданған тиімді.
Мысалы: Ондық жүйедегі 15 саны екілік жүйеде қалай жазылады?
а) 11101
б) 1110
в) *1111
г) 1101
д) 1010
Мысалы тестің "сәйкестікті анықта" түрі арқылы тек ондық жүйедегі 15 саны ғана емес бірнеше сандарды жазуын бірден тексеруге болады:
а) 11101 1.19
б) 11011 2.25
в) 11110 3.37
г) 11001 4.30
д) 10011 5.29
Көбінесе тестік тапсырманың "сәйкестікті анықта" түрі арқылы оқушылардың бір тақырыптан бірнеше ұғымдарды білуін бірден анықтауға болады.
Мысалы:
а) бүтін типті айнымалы 1. Х:сһаг;
б) бүтін типті екі өлшемді массив 2. X: іnteger;
в) нақты типті бір өлшемді массив 3. Х:[1 ..n,1 ..n] of іnteger;
г) нақты типті айнымалы 4. Х[1 ..n] оf геаі;
д) символдық типті айнымалы 5. Х: rеаІ;
Бұл сұрақты тестің "дұрыс тізбек құру "түрі және "ашық тест"арқылы да жазу ыңғайсыз.
Мысалы тестің "дұрыс тізбек құру" түрін оқушылардың алгаритм, программа құра білуін тексергенде, сурет салу кезеңдерінде қолданған тиімді.
1.Мысалы. Сурет салу процесінің кезеңдерін ретімен көрсет.
кескіннің түсін таңдау
сурет салу
құрал таңдап алу керек
сызықтың қалыңдығын, кисть түрін немесе төртбұрыштың түрін
тағайындау
фонның түсін таңдау
2. Инженерлік калькуляторды іске қосуды ретімен көрсет.
Стандартты
Іске қосу
Бағдарламалар
Инженерлік
Калькулятор
Түр
Сонымен қатар бақылау тапсырмаларын құрған кезде толықтыруды қажет ететін тапсырмаларды, яғни тапсырмалардың арнайы алынып тасталған құрамды бөліктерін орнына қоятын тапсырмаларды да қолдануға болады. Яғни тексті толықтыр, формуланы жаз, схемасын сыз тәрізді тапсырмалары бар болып келген конструктивті тестер. Оқушы өткенді еске түсіру арқылы, сөйлемді дұрыс, толық аяқтап шығуы керек. Мысалы. Толықтыр:
. . .- өте кішкентай мәтіндік редактор
Фонограф бағдарламасында дыбысты жазу үшін . . . қажет.
Қазіргі кездегі арақашықты оқытудың қалыптасуы білім беру мәселесін
жаңа тұрғыдан қарастыруды талап етеді. Осы мәселені шешудегі негізгі
бағыт- білімді бағалауды автоматтандыру болып табылады.
Информатика курсы бойынша сабақ жүргізуде негізінен күнделікті,
есептік және қортынды бағалау қолданылады. Бағалау келесідей
жүргізіледі:
"1" -тапсырманың 0-24% орындалса;
"2"- тапсырманың 25-49% орындалса;
"3"-тапсырманың 50-74% орындалса;
"4"-тапсырманың 75-89%орындалса;
"5"-тапсырманың 90-100% орындалса.
Радионов Б.У., Татур А.О. бақылау жұмысын келесі сәйкестіктерді қолданып бағалауды ұсынады:
"3" -9-дан 11-ге дейінгі балл;
"4" -12-ден 14-ке дейінгі балл;
"5" -15 және одан жоғары балл.
Күнделікті бағалау оқушыны сабақ кезінде ынталандыру мақсатымен жүргізіледі және олардың сабақ үстіндегі жұмысын бағалайды. Үш күнделікті баға негізінде есептік баға үштен кем қойылмауы керек. Есептік жұмыстардың түрі мен жүргізілу уақыты туралы оқушыға алдын-ала ескертілуі керек. Тоқсандық (жартыжылдық), жылдық баға қортынды баға болып табылады. Қортынды баға есептік баға нөгізінде қойылады. Жылдық баға (жартыжылдық), курстық (егер оқу жылында бірнеше курс оқытылса) баға негізінде қойылады.
0>