Мазмұны Кіріспе Қуғындалған қазақ зиялылары туралы деректер


Кіріспе Зертеудің көкейкестілігі



бет3/12
Дата06.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#11359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Қуғындалған казак зиялылары

Кіріспе
Зертеудің көкейкестілігі: Қазақстан тарихында қазақ зиялыларының саяси және тарихи әлеуметтік көзқарастарының тарихын меңгеру оны ғылыми тұрғыда негіздерін оқып үйрену келешек кәсіби тарихшы мамандар даярлауда ерекше орын алады.

Басқа да халықтар тарихы сияқты, қазақ халқының тарихы да өзінің тума төл деректерінің негізінде жазылады. Сондықтан ұлттық деректерімізді қазақ зиялылыларының еңбектері мен көзқарастары негізінде тани білу еліміз тарихын оқып - үйренудің шешуші шарттарының бірі.

Деректану, тарихнамамен қатар, келешек тарихшы мамандардың теориялық - методологиялық және арнайы дайындығын қамтамасыз ететін іргелі пәндер санатына қосылады. Деректанудың іргелілігі ең алдымен тарих ғылымының өзіндік ерекшелігінен туындайды: тарих объектісі — "қоғамның өткенін" — тарихшы тікелей зерттей алмайды, ол тек тарих ғылымынын тікелей зерттеу объектісі болып табылатын тарихи деректерді сыни талдау арқылы ғана зерттей алады. Тарихи деректерді сын елегінен ғылыми негізде өткізудің қажеттігі мен маңызы туралы белгілі орыс ғалымы Лев Гумилев: "Оларға тарихи сын әдістерін қолданбай деректерді оқу ешқандай мән-мағына бермейді" - деп, жазды /1/.

Сол деректерді сыни талдау арқылы пайдалануға кәсіпқой тарихшыларды үйрететін ғылым - деректану ғылымы.

Сондықтанда біздің диплом жұмысымның негізгі обьекті ретінде алынған және деректану ғылымына тиісті болған проблемалардың бірі қуғындалған қазақ зиялыларының саяси және тарихи әлеуметтік көзқарастарының тарихын саралап негіздеу болып табылады.

Қазақстанның 1920-30 жылдарындағы тарихын зерттеу деректерді талдау жұмысын қажет етеді. Тарих ғылымында әр уақыттың, әр кезеңнің өзіндік құндылығы бар. Әсіресе, Кеңес өкіметімен бірге Қазақстанда жаңадан дүниеге келген мемлекеттік мекемелердің алғашқы жиырма жылдағы өсіп-өркендеуін терең деректанулық талдау жасау арқылы көрсетуге болады. Кеңес өкіметінің кұрылуымен катар жаңа мемлекеттік мекеме жүйесі де қалыптаса бастады. 1920 жылғы қазан айында Қазақ АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі болды. Құрылтай съезінің шешімінің негізінде республика территориясында мәдени құрылысты басқарушы біріккен орталық орган құрылды. Ол - Халық Ағарту Комиссариаты (бұдан былай ХАК) еді. ХАК-ы республикадағы мәдени кұрылыстың барлық салаларымен айналысатын орталық мемлекеттік мекеме. /2/. Комиссариаттың мемлекеттік мекеме ретінде қалыптасуы және 1920-1936 жылдардағы қызметі Ш.Тәукебаева еңбегінде терең талдауға алынған /3/.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет