Мазмұны Кіріспе Қуғындалған қазақ зиялылары туралы деректер


Дипломдық жұмысты зерттеудегі біздің негізгі мақсатымыз



бет4/12
Дата06.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#11359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Қуғындалған казак зиялылары

Дипломдық жұмысты зерттеудегі біздің негізгі мақсатымыз — осы аталған мекемеге қатысты зиялылардың қызметін баяндауда құжат деректік материалдарды көрсету. Мәселен, сол тарихи кезендегі азаттық қозғалыстың басшыларының бірі А. Байтұрсынов жаңа кұрылған Комиссариаттың тұңғыш басшысы болды, соған байланысты бұл мекеменің қызметінің бағыттары мен мазмұнын айкындауда оның ролі зор еді. Міне, осы мазмұндағы тұжырымды А. Кенжин, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жолдыбаев, К. Тоқтыбаев және басқа осы уақытқа дейін мемлекеттік және қоғамдық қызметтері зерттеушілер назарынан тыс қалып келген алаш және кеңестік зиялылар жөнінде айтуға болады.

Кеңес өкіметі алғашқы жылдарындағы мекемелер жаңадан ашылғандықтан нормативті және басқарушы құжаттар саны өте көп болды. Коммунистік партия алғашқы жылдарда бірден орталықтандырылған толыққанды үкімет жүйесін құрып кете алмағандығын ағарту мекемелерінің құжаттарынан көреміз. Шын мәнінде, Комиссариаттың практикалық қызметі, тек 1921 жылдың қаңтарынан бастап қана жүзеге асты. 1921 жылдың шілдесіне дейін барлық губерниялық және уездік халық ағарту бөлімдерінің толық бағынуы және басшылықтың орталықтандырылуы жүргізілмеген еді /4/. Жылдар бойы тоталитарлық жүйе орнығып келген кеңес тарихын зерттеушіге деректердің толықтығы мен көптүрлілігін көрсету міндет. Құжаттарды талдау барысында оның ауқымының өте кең екендігіне көз жеткіздік. Сондықтан жұмыс барысында құжаттарды мазмұн жағынан түрге бөлу принципі негізге алынды. Бұл принцип кеңес тарихшылары арасында 1930 жылдарда-ақ орнықты қолға алынды және соңынан М.Н.Тихомировтың КСРО тарихынан деректану оқулығында жан-жақты баяндалды. Нормативті және басқарушы құжаттар жайлы академик И.Д.Ковальченко былай деді: "Басқарушы құжаттар ұйымдастырушылық негізінде жатқан, басқару қызметтін жүзеге асыру үшін жасалады. Оған шешімдер, қарарлар, бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, үкімдер жатады. Басқарушы құжаттарда мекеменің, ұйымның қызметінің тек қана бастапқы қалыбы емес, оның жүзеге асуындағы белгілі шаралар көрініс табады. Ұйымдастырушы-басқарушы құжаттарындағы ерекше көптүрлілікті хаттамалар, Коллегияның және коллективті ұйымның мәжілістерінің стенографиясы құрайды. Хаттамалар мен стенографиялар — мәселенің талқылануының және шешілуінің өнделген жобасы" /5/. Барлық басқарушы шешім әрқашан қаралып отырған мәселемен және объектпен қаралады. Объектілікпен, ақиқаттылықтан, оперативтіліктен және ақпарат толықтығынан қабылданған шешімнің дұрыстығы, нақтылығы көрінеді. Ақпаратты көрсетуші (фактінің көріну нәтижесі объективті шындықтың және адамның ойлау қызметінің құбылысы) құжат болып табылады /6/ Мемлекеттік мекеме жүйесінде қордаланған басқарушы құжаттардың тасқыны көп болғандықтан, зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты құжаттарды талдау жұмысы қолданылған принцип нәтижесінде объективтілікті көрсетеді.

Қазіргі Ресей тарихшылары посткеңестік деректану ғылымында позитивисттік ағым орын алғанын айта келіп, деректану ғылымында жаңа әдіс ұсынды. Жаңа әдіс бойынша тарихи деректі мақсатқа ұмтылған адам қызметі, мәдениет құбылысы ретінде, адам қызметі процесінде құрылған мәдени шығарма ретінде қарау ұсынылды. Бұл әдісті басшылыққа ала отырып, диплом жұмысында 1920-36 жылдардағы қазақ зиялыларының ағарту саласындағы қызметін қоғам өмірімен, әлеуметтік жағдайлармен байланыстыра отырып зерттеуді мақсат етіп қойдық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет