254
М.Дулатовтың азаматтық тұлға ретінде, әрі шығармашы-ӛнерпаз,
кӛсемсӛзші ретінде қалыптасуына “Қазақ” газетінде Ахмет Байтұрсыновпен
тізе қоса еңбек еткен жылдар ӛте жемісті болды. Газет бетінде ол ӛзінің
азатшыл сарындағы қазақ халқының әлеуметтік-саяси ӛміріне қатысты
кӛптеген мақалаларын және туған халқы туралы толғамды ой-пікірлерін
жариялап отырды. 1913 жылдың 2 ақпанынан басталған бұл творчестволық
бірлік ғұмыр бойғы жарасымдылыққа ұласып, олар адами тұрғыдан да,
шығармашылық-идеялық тұрғыдан да араларына еш уақытта жік түсірмеді.
1917-1919 жылдар аралығындағы аласапыранда да қанаттаса жүріп, олар
ел теңдігін аңсаған “Алашорданың” кӛрнекті жетекшілері болды. Кейін
Кеңес ӛкіметі жағына шыққан соң, М.Дулатов ел игілігі жолында еңбек
етуден еш аянған жоқ. Ол қашанда халықпен біргемін деген нық шешімінен
еш тайған емес.
Кеңес тұсында Міржақып баспа орындарында, “Ақ жол” газетінде,
“Қазақстан мемлекеттік баспасында”, “Еңбекші қазақ” газетінде әртүрлі
әдеби қызметтер атқарады. Бұл жемісті еңбек жылдары ұзақ бола қоймай,
отаршылдық кезеңінде халқының азаттығы жолындағы күресі үшін
қудаланған Міржақып, Кеңестік қызыл империяға да жақпайды.
1928 жылдың аяқ шенінде Қазақстанда бұрынғы “Алаш-орда”
қайраткерлерін қудалау басталады да, оларға кеңеске қарсы әрекеттер
ұйымдастыруды кӛздеп жүр деген сенімсіз жалалар жабылып, солардың бірі
ретінде М.Дулатов қамауға алынады. 1930 жылдың апрелінде ОГПУ
коллегиясының шешімі бойынша ату жазасына кесілгенмен, кейіннен
кенеттен Кеңестің “кӛңілі жібіп”, үкім он жылға абақтыға қамау жазасымен
алмастырылады.
Табиғатынан алымды да іскер Міржақып тұтқын болып жүріп те, ел үшін
қызмет істеуден бір танбайды. Сонда жүріп фельдшерлікке үйреніп, ӛз ісінің
мықты маманы болып шығады.
Түрмеде жатқандарға, әсіресе ӛз ұлтының ӛкілдеріне қолының шипасымен
де, жанының дәруіменде кӛмек кӛрсетеді. Сӛйтіп елге септігімді тигіземін
деп жүріп, айықпас ауру жұқтырып алып, 1935 жылдың 5-ші қазанында
Соловецскідегі лагерьде қайтыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: