Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет95/133
Дата14.09.2022
өлшемі2,17 Mb.
#39028
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   133
Байланысты:
Мазм ны кіріспе

Міржақып неге отырсың қалам тартпай
Бәйге алмас болғанменен жүйрік шаппай. 
Шамаңды қадари хал кӛрсетсеңші, 
Байғұс-ау, оянсаңшы қарап жатпай. 
Тұманға кірді қалың біздің қазақ, 
Арты жар, алды тұйық бұл не ғажап. 
Адасқан ағайынға басшы болып, 
Ішінде жол кӛрсетер адам аз-ақ… 
Жоғарғы ойлардың түйінінде, дәлелінде осыдан тапқандаймыз. Қазаққа 
“Жол кӛрсетер адам азда” ақын “Бой тежеп, жүрексінуді” ӛзіне мін кӛреді. 
Сӛйтіп “Артықтан тағылым алып, кемге үйретуді” адамдық парыз деп біледі. 
“Таршылық халымыз хақында аз мінажат”, – деген ұзақ ӛлеңінде бұратана 
халықтардың түрмесі болған патшалы Ресейдің тепкісінде тұншыққан 
ұлтының аянышты, ауыр халінің шынайы шындығын ашып, нанымды 
суреттеп, азаматтық армен жырлайды. Болашақ барар жолдың негізгі тірегі 
ел бірлігі екендігін баса айтып, ұлтының ұйымшылдығын қалайды: 
Бірлік жоқ алты ауызды халықпыз ғой, 
Қатардан сол себепті қалыппыз ғой
Ғылым мен мағрифатты керек қылмай, 
Надандық шәрбатына қаныппыз ғой… 
 


257 
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының алдында шешімін күтіп 
тұрған басты мәселенің бірі жер мәселесі болғаны белгілі. Патша ӛкіметі ішкі 
Ресейден кӛшіп келген қара шекпенділерге қазақ даласындағы шұрайлы 
жерлерді бӛліп, жергілікті халыққа тау мен тасты, шӛлді аймақтарды 
қалдырды. Кӛшпелі мал шаруашылығымен айналысқан елдің экономикалық 
жағдайына кӛп нұқсан келді. 
Мың жеті жүз отыз бір санасында, 
Біз кірдік Ресейдің панасына. 
Ӛнерсіз бостығымыз кӛрінген соң, 
Қызықпас кім қазақтың даласына. 
 
Жылында мың сегіз жүз алпыс сегіз 
Қазыналық деді жердің һәммесін де, 
Тарылып жылдан-жылға жер-суымыз, 
Мұжықтың кетті бәрі қаласына… 
“Қазақ жерлері” ӛлеңінде осылайша жырлай келіп, ақын елдің сӛзін ұстап, 
билік басында тұрған ақсақалдарға, ұлтының қамын ойлаған зиялы 
азаматтарға, бұл жағдайды кӛріп-біле тура қол қусырып отыру жӛн емес деп, 
дер кезінде қимылдамасақ, болашақ алдында борыш ӛтелмей қаларын еске 
салады. 
Қадірман халық билеген ақсақалдар
Бұл іске фәһім назар саласың ба? 
Темірді қызуында соқпай қалып, 
Нәсіліңнің кӛз жасына қаласың ба? 
Ақын ең алдымен бұратана болудың негізіне ой жібере отырып, ел-
жұртына оның кесір-кесапатын ұқтыруды мақсат тұтады. Қарапайым 
халыққа ғана емес, ел ағаларына ой түрткі етеді. Ұрпақ алдындағы борыш 
кімге болса да оңай тимесі белгілі. Ақын ой-ӛрісі құлқынын ойлаудан 
аспағандарды қатты сынға алады. Бұндай сәттердегі Міржақыптың отты 
сӛздері мірдің оғындай тиеді. 
Қызығып қызарғанға кеткендер кӛп, 
Шен алып, дәрежеге жеткендей боп. 
Ойлады ӛз пайдасын халықты сатып, 
Қазақты еш керексіз еткендей боп. 


258 
Шен алып, шекпен кигеніне мәз болғандар туған халқын сатып, кӛгеріп 
жатқаны ақын жанын қалай ӛртемесін. Ӛз ішінен шыққан озбырлар елін 
езген сыртқы жаудан бетер екені бесенеден белгілі. Ақынның оларға қатты 
шүйлігуі де сондықтан. 
Батыра айтып, кӛзге шұқу ӛз жұртын жек кӛруден туған сезім емес, ел 
қамын жеген ақынның осал жерді айтып, қатты сӛзбен жамандықтан 
жирендіріп, жақсылыққа тез қадам бастыруды ойлаған қам-қаракеті. 
Бұл жолда Міржақыптың басты сүйенер тірегі – ӛзі тектес, сӛзі үндес 
зиялы қауым. Әлихандай, Ахметтей ағаларының “Ақ жолына” сенім артып, 
үнемі оларды жоғары кӛтеріп отырады. Ақынның оларға деген ыстық 
ілтипаты мен сенімі “Ӛнерін халық пайдасына жұмсап жүрген оқыған-
дарымызға” атты ӛлеңінен кӛрініс табады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет