282
Сӛзіңді кӛсем қылып жүрер жеңге!
Мағжанның “Артыңда қазақтың жас балалары” сӛздерінен Абай ізін
басқан ұрпақтың атынан сӛйлеген ақынның сертті үнін аңғарамыз.
Ақындықты пайғамбарлық, хакімділік деп түсінген ақынның олар тудырған
туындыларды “қасиетті сӛз” деп білгенін, оның ермек үшін жазылмайтынын,
жан мен ар тазалығынан жаралатынын, сондықтан да теңдессіз биік ӛнер
екендігін әу бастан танығанын тӛменгі ӛлең жолдарынан байқаймыз.
Жанымның жаны,
Тәнімнің қаны,
Тіршілігім сенімен,
Ойландым – тоймадым,
Іздедім – қоймадым,
Кеңес біраз менімен,
Естісе сені – жан ұйыр,
Бағаңды білмес кӛп сиыр!
Ақынның “Ӛлең” атты шағын ӛлеңінен алынған бұл үзіндіден ӛлең
ӛнеріне деген құштарлық пен оның құдіретіне деген шексіз сүйіспеншілік
сезіліп тұрған жоқ па?!
Қашанда ұлы ақындардың ӛзгелерден оқ бойы озық тұруының себебі
қоршаған ортаны кӛруінің айшықты, туған табиғатпен тілдесуінің тылсымды,
дүниені тануының терең, сезім түйсігінің кемел болып келуінде. Осы
тұрғыдан алғанда, Мағжанның ӛмір атты тұңғиық дүниенің сырына ақынға
берілген ерекше сезіммен қанықтығына, адами болмыстың қилы
психологиялық құбылысы мен мінез-құлықтың құбыл-малығына сұңғыла
сыншылығына, жан күйзелісін жарып шыққан сезімшілдігіне таң қалмасқа
шараң жоқ. Ақынның ӛзі топырағынан жаратылып, күнінен нәр алған,
суынан бал емген туған табиғатты кӛзімен емес кӛңілімен кӛре білуінде,
тәнімен емес жанымен сезіне білуінде қаншама мың иірімді нәзіктік жатыр
десеңші. Бір қарағанда жеңіл ойнақылыққа құрылғандай, сӛзді сан
құбылтудан туа салғандай болып кӛрінетін “Жұмбақ” атты ӛлеңінде ой мен
сана адам мен табиғаттың бірлігін танытатын астарлы ой, шешусіз жұмбақ
жатыр.
Сап-сары бел,
Еседі жел,
еседі,
Еседі жел,
Кӛшеді ел,
кӛшеді
Дала бұйық,
Бала тұйық,
екі үнсіз.
Дала – жұмбақ,
283
Бала – жұмбақ
шешусіз.
Сан тарихқа куә болған сар дала үнсіз, бұйық. Сар даланың тылсым сырын
ұқпақ болған бала да тұйық. Ол сар даланың сырын сыбырлай жеткізген еспе
желге құлақ түріп, жүрегінде түйін болған жұмбақтың шешімін табу үшін
“Мың жылғы ӛткен ойға” беріледі. Ӛлең неге "Жұмбақ" аталған, шешуі не?…
Мағжан мұңды дала табиғатын бейнелеп, үнсіз даланы – бұйық халықтың
кӛңіл-күйімен астастырады. Осынау сар даланың сан ғасырлық тарихының
тереңіне сүңгіген ойлы бала үнсіз, үнсіз бала әлі оянбаған тұйық сана, осыны
сезінген ақын жүрегі туған табиғатымен тылсым сезім арқылы байланысып
мұңаяды, ескен желдей сыр шашқысы келеді. Ақын ой мен сезімді бӛліп
алып жырламай, туған даласының сиқырлы суретімен әрлейді. Шымырлаған
бұла
сезім табиғат, таным, адам
боп біте қайнасып, бірігіп кетеді. Бірсәт үнсіз
тұйық бала болашақ қазақ поэзиясының биік аспанында жарқырар “Шолпан”
жұлдыз ба деп те қаласың. Сан құбылысты, алуан әсерді астастырып жіберер
Мағжанның суреткерлік шеберлігінің бар сыры осында. Ол сыртқы
құбылыстардан, құрғақ суреттен гӛрі ішкі сезімге кӛбірек үңіледі, оны тап
басып танытар әдемі айшықтармен бере біледі.
Мағжан поэзиясының тақырыбы әр алуан. Ӛзі ӛмір сүрген жаңа ғасыр
басында Мағжан бармаған, ол жырламаған тақырып жоқ деуге болады. Оның
сан түріне мысал келтіріп, түгелдей талдап беру мүмкін емес. Бірақ кейбірін
атай кеткен орынды. Ол тақырыптарды ең алдымен, Мағжанның ақындық
қанаты қатайған және қатайтқан кезеңнен іздестіру керек. Ақындық ӛнерге
енді ғана мойын бұра бастаған тұста, Мағжанның жан-дүниесін кеңейтіп,
іздегені алдынан шамшырақ боп жанған бір құбылысты айтпай кету мүмкін
емес. 1909 жылы қазақ оқырмандарының қолына біріндегі ойды екіншісі
жалғастырған, бірін екіншісі толықтырған, қазақ поэзиясының бүкіл болмыс-
бітімінің бүтіндігін танытқан үш кітап тиді. Олар Абайдың "Ӛлеңдер
жинағы", Ахметтің “Қырық мысалы”, Міржақыптың “Оян, қазағы” еді. Бұл
жинақтарда сол кездегі қазақ ұлтының әлеуметтік ӛміріне, тағдыр-талайына,
күйінші мен сүйінішіне тән бар мәселе қамтылды десек, артық айтқандық
емес.
Міне, осынау кітаптар ұлтын сүйген ұланның, ӛнерді құдірет түсінген
ақынның айтар ойын, барар бағытын айқындап берді. Алдындағы толқынның
асыл ойдан ӛрілген жыр шумақтарына еліктей отыра, жас ақын ӛзіндік
жолын іздестіруге ұмтылды. Оның тұңғыш жинағы “Шолпанға” (1912) енген
ӛлеңдері, міне, осындай ізденістер нәтижесі еді.
Сондықтан да түгелдей ұлттың қамын ойлаған ӛлең ӛрімдері жастықтың
уыз сезімдерін жырласын, табиғатты тылсым сырларын жырласын, ағартуды
ӛзек етсін, қазақ әйелінің қиын тағдырын сӛз етсін, отаршылдық озбырлығын
әшкерелесін тақырыптың сан-алуандығына қарамай, ортақ желі біреу ғана
болды, ол – елінің тағдырына ортақтастықты білдіру. “Ләззат қайда”, “Жазғы
таң”, “Зарлы сұлу”, “Туған жерім сасық кӛл”, “Балалық шақ”, “Қазағым" т.б.
жас ақынның балғын жырларынан тұнба тұнық ойларды ұғып, бір сәтке де