336
Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар алдымен Абай,
Ыбырай ашқан ӛнегелі ӛрісті жалғап, оған орыс, батыс әдебиетіндегі ӛзгеше
ӛрнекті ұштастырып, қазақ әдебиетін ізденімпаз жаңашылдықпен байытты.
Абай, Ыбырайдың ағартушылық арнасын замана алға тартқан тың
демократтық кӛзқарастармен толықтыра түсті.
Қоғамның дамуына, қазақ халқының ӛркениет елдерге бой түзеуіне ең
қажетті нәрсе қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың белгілі бір
демократиялық заңдылықтарға бағындырылған жүйеге түсуі деп білді. Адам
құқын қорғау арқылы жеке адамның еркіндігіне қол жеткізіп, демократиялық
қоғамның қалыптасуына негіз салуға ұмтылды. Олар ӛз тұсындағы
әлеуметтік теңсіздікті, адам құқының табанға тапталуын кӛзбен кӛріп, ішпен
сезіп ӛскендер еді.
Бұл бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығының негізгі ӛзегі –
әлеуметтік теңсіздік, оның қасіреті мен кесепатын ашып кӛрсету болып
табылады. Олар ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамындағы әйел
теңсіздігі тақырыбына қалам сілтеу арқылы жалпы әлеуметтік теңсіздік
ұғымының сан қатпарлы сипатын ашып, теңдік сақталмауының сырларын
кӛпке ұғындырудан үміттенді. Сӛйтіп жеке бас теңсіздігінен жалпы ұлттық
теңсіздіктің себеп-салдарын кӛре алды.
Бұдан ағартушы-демократтар шығармашылығына тек әлеуметтік теңсіздік
мәселесі арқау болған деген тұжырым тумаса керек. Әрбір творчестволық
тұлғаға тән рухани жан-дүние, ішкі сезім, адами мінез-құлық құбылысы,
қоршаған орта табиғаты оларды да толғантты, тебірентті. Бірақ қаламы
жүрдек тақырыбы – әлеуметтік теңсіздік болғаны шындық. Оқу құралында
біз мұны ағартушы-демократтық бағыт ӛкілдерінің шығармашылығына
жалпы шолу жасай отырып та, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт сынды ұлы
тұлғаларға жеке-жеке тоқталу арқылы да танытуға тырыстық.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі үшінші бағытты біз ұлт-
азатшыл бағыт деп атадық. Осы атау бізге орынды кӛрінеді. Ӛткен ғасырдың
бас кезінде отаршылдық езгінің қыспағында қалған қазақ халқы ауыр
қоғамдық дағдарысқа ұшырады. Міне осы тұста қазақ зиялыларының ӛзгеше
бір тобы отаршылдық құрсауынан ұлтын босатар жол іздеп, жүйеге түскен
бағдарламалық іс-әрекетке кӛшті. Бұл қазақ халқының ғасырдан астам
азапты
тарихындағы нұрлы сәулеге бет бұрған кезеңі еді. Яғни азаттық кезеңді
жақындата түскен саяси күрес жылдары болатын. Осы саяси қозғалыстың
басында Ахмет, Әлихан, Міржақыптар тұрса, олардың шығармашылығынан
күрес
идеясының, азаттық сарынның кӛрініс таппауы мүмкін бе?!
Ұлт-азаттық бағыттағы ақын-жазушылардың алға қойған басты
мақсаттары – ӛз шығармаларында бостандық үшін күресу, еркін ел болып,
тәуелсіз мемлекет құру идеясын кӛтеру. Осы бір азатшыл санамен ұштасқан
ойды қалың қазаққа жеткізу. Ӛйткені оқу-білім дамып, әлеуметтік теңсіздік
жойылып, дін еркіндігі етек жайғанымен әрбір ұлт ӛзін-ӛзі билеуге қол
жеткізбей, ӛркениет жолына түсу мүмкін емес (Кеңес тұсында мұның дәмін
таттық та...). Олар бүкіл мұсылмандық бірлікке де, түркілік бірлікке де
қарсылық білдірді. Себебі бұлардың қай-қайсысы да қазақ деген ұлттың