Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет71/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Әкемнен әліп-биді үйде оқыдым, 
Үйреніп намаз, сабақ жат оқыдым, –  
 
дейді. 
Кейін  әкесі  оны  1902-1907  жылдары  ауыл  молдаларына  оқытуға  береді. 
Әлі,  Тортай,  Мұқан,  Нұрғали  сияқты  молдалардың  алдын  кӛрген 
Сұлтанмахмұт  Мұқан  мен  Нұрғали  молданың  есімін  ерекше  құрметпен 
атайды. Ӛйткені Сұлтанмахмұттың бойындағы ақындықтың ұшқынын алғаш 
байқап,  оны  осы  жолға  салған,  ӛзінің  де  ақындығы  бар  Мұқан  молда  болса 


182 
 
керек.  Шәкірттік  кезіндегі  ӛзіне  ұстаз  тұтқан  екінші  бір  адам  –  Нұрғали 
молда.  Ол  мұсылмандық  оқудың  жаңаша  жолын  ұстанған,  “усули  жадид” 
үлгісімен  оқытатын,  жаңашыл  ұстаз  екен.  Сұлтанмахмұтқа  әдебиеттің  мәні 
мен  мағынасын,  әлемдік  ғылымның  жағдайын,  заман  жайын  терең 
ұғындырған осы Нұрғали молда болады. Ұстазы шәкіртінің талантын танып, 
дарынын байқап оқуын әрі қарай жалғастыруға кеңес береді. Сӛйтіп болашақ 
ақын  арман  жетелеп,  Троицк  қаласына  жол  тартады.  Ж.Аймауытовтың 
айтуынша, бұл 1912-жылдың 9-сентябрі. Ӛзінің Троицкіге келгеннен кейінгі 
жағдайы  туралы  ақын:  “Мен  Троицкіге  25  ноябрьде  келіп,  басқа  медреседе 
оқу  ертерек  басталғандықтан,  жаңарақ  тәртіпке  салынып  ашылған  ахун 
Рахманкулиннің  медресесіне  кірдім”,  –  деп  жазады  “Айқап”  журналында 
(1912, N14). 
Бірақ  Сұлтанмахмұт  ӛкпе  ауруына  шалдығуына  байланысты  оқуын 
жалғастыра  алмайды.  1913  жылы  кӛзі  ауырып,  дәрігерлер  оқуға,  жазуға 
рұқсат  етпейді.  Бұл  аурудан  оны  қазақтан  шыққан  білгір  дәрігер  Әбубәкір 
Бірмұхамедұлы Алдияров жазады. Сонан соң Троицкі маңындағы ауылдарда 
бала  оқытып,  1913  жылдың  күзінде  қайта  оралады.  Сол  тұста  “Айқап” 
журналының хатшысы Әкірам Ғалымов қайтыс болып, соның орнына 1913-
1914  жылдың  қыс  айларында  журналға  жауапты  хатшы  болады.  Бұл  – 
С.Торайғыровтың  творчестволық  белсенділігінің  артқан  тұсы.  Ол  ӛлең  ғана 
шығарып  қоймай,  қоғамдық-саяси  ӛмірге,  әдеби  процеске  кеңінен  араласа 
бастайды.  Журнал  бетінде  ӛлеңдерімен  бірге  әдеби-сыни  мақалалары  да 
жарияланып,  ӛзіндік  бет-бағдары  айқындалып,  ақындық,  азаматтық  тұлғасы 
қалыптаса бастайды. 
1914  жылдың  басында  журнал  басшылығымен  келісе  алмай, 
хатшылықтан  шығады.  Турашыл  да  бір  беткей  жас  ақын  ӛзі  ұстанған 
бағыттан айнымайтын, бір сӛзді жан екенін осылай білдірсе керек. 
1914 жылдың жаз айында Сұлтанмахмұт туған еліне келіп, ағартушылық 
шараларға  бағытталған  “Шоң”  серіктігін  ашады.  Ақынның  бұл  ойы 
жергілікті байлар мен беделді кісілерден қолдау таппайды.  
1914 жылдың күзінде Семейге орысша оқуға барады, бірақ денсаулығына 
байланысты  түсе  алмай,  Қотанқарағай  жақтың  қазағы,  болыс  Әбдікәрім 
Ережепұлымен  танысып,  бала  оқытып,  қаражат  таппақ  болып  соның  еліне 
кетеді.  А.Еспенбетовтің  деректері  бойынша,  ол  осы  жерде  Михайл 
Григорьевич  Комаров  деген  орыс  тілінің  мұғалімімен  достасып,  орысша 
білімін кӛтереді. Қотанқарағайдан кетуіне Әбдікәрімнің Бағила деген қызына 
ғашық  болуы  себеп  болса  керек.  Қыз  әкесі  ата  салтын  бұзбай,  атастырған 
жеріне  ұзатып  жібереді.  Сӛйтіп  1915-1916  жылдары  Тарбағатайдағы 
Терісарық  болысындағы  Құрбан  қажының  ауылында  бала  оқытады.  Осы 
кезде  “Кім  жазықты?”  атты  ӛлеңмен  жазылған  романы  дүниеге  келеді. 
“Қазақ” газетінде Құрбан қажыдан естіген бірнеше әңгімелерін жариялайды. 


183 
 
1916  жылдың  аласапыранында  Тарбағатайдан  кеткен  Сұлтанмахмұт 
Семейге  келіп,  онда  байыз  таба  алмаған  соң,  Томскіге  сапар  шегеді.  Сол 
қалада Әлімхан Ермековтер ашқан дайындық курсына түсіп, жарты жылдай 
орысша  білім  алады.  Қиыншылықта  ӛмір  сүреді.  “Жұмасына  екі  рет  “обед” 
етем  (ет  татамын)  құр  шай  мен  нан.  Киім  алғаным  жоқ.  “Киноматограф”, 
вечерлерге  бір  мәрте  барғаным  жоқ.  Күндіз-түні  айналдырғаным  ала 
қағаздың беті” – деп жазатыны осы тұс.  
Ақпан  тӛңкерісін  Томскіде  қарсы  алған  Сұлтанмахмұт  1917  жылдың  10 
мартында  Семейге  келеді.  Онда  Семейде  ұйымдасқан,  қазақтың  үлкен  бір 
азаматы  Пайымжан  Марсеков  басқаратын  қазақ  комитетінің  хатшысы 
болады. “Абай” журналының ісіне араласады. Қай бір нәрсе болса да ӛзіндік 
пікір,  айқын  кӛзқарас,  белгілі  бағыт  ұстанған  Сұлтанмахмұт  комитет 
басшыларымен  келісе  алмай,  қызметтен  шығып  еліне  қайтады.  Кӛп  ұзамай 
қайта оралып, Семейде шығып тұрған “Сарыарқа” газетіне мақала, ӛлеңдерін 
жариялап, қоғамдық ӛмірге қайта араласады. 
1918  жылдың  наурызында  еліне  оралады.  Арманы  биік  ақынды  дерт 
меңдете  береді.  1918-1919  жылдары  ақын  “Адасқан  ӛмір”,  “Кедей” 
поэмаларын  жазуға  күш  салады.  1919  жылы  Керекудегі  революциялық 
комитеттің  жұмысына  араласады.  Бірақ  жабысқан  дерт  ақыры  біржола 
меңдеп,  денсаулығы  нашарлай  береді.  1920  жылдың  21  мамырында  ұзақ 
созылған  ауру  “Қараңғы  қазақ  кӛгіне  күн”  болуды  мақсат  тұтқан  ұлы 
ақынның  арман  отын  сӛндіріп,  ажал  құшағына  береді.  Небәрі  27  жас  ӛмір 
сүріп,  дүниеден  озған  ақынның  соңғы  сӛзі  “Тым  болмаса  екі  жыл  тұра 
алмадым, іштегіні түгел жарыққа шығара алмай кетіп барамын” болған екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет