Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет13/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Аман бол, қалың сарбаз, қазақ халқы, 
Қайырлы заман болсын мұның арты! – 
 
тілек айтып, рух береді. Иса мерт болған соң сарбаздар жеңіліске ұшырайды. 
Халық қатты күйзеліп, ақырында, майданға адам беруге еріксіз кӛнеді. 
Нұрқан  Ахметбековтың  “Аманкелді  дастаны”  ӛзінің  құрылысы  мен 
кӛркемдік  ерекшеліктері  жағынан  дара  тұрған  туынды.  Ақын  ӛз  ойын 
кӛбінесе  нақты  сурет  жасау  арқылы  тұжырып  отыратындықтан,  дастанның 
оқиға  желісі  де  ӛте  жинақы.  Нұрқан  адамның  ішкі  сезім  күйлерін  табиғат 
құбылыстарымен астастырып беруге ӛте шебер. Оның суреттеуіндегі табиғат 
кӛріністері алдағы оқиғаның жаршысы, хабаршысы іспеттес болып келеді.  
1916 жылғы кӛтеріліске байланысты туған ӛлең-жырлар қазақ әдебиетіне 
кӛркемдік ерекшеліктерімен елеулі үлес қосқан туындылар болды. Бұлардан 
сол дәуірдегі ел тұрмысын, қол бастаған батырлардың ерлігі мен азаматтық 
тұлғасын  танығандай  боламыз.  Осы  жырлардың  біразы  кӛтеріліс  күшпен 
басылған кездегі халық басындағы қайғы-қасіретті бейнелесе, үлкен бір тобы 
ел арыстарының қайталанбас ерліктерін жырлап, олардың мәңгілік есте қалар 
бейнесін жасады.   
Жалпы алғанда, 1916 жылғы кӛтеріліс жырлары әдебиетіміздің ӛзгеше бір 
биіктікке  бет  алған  тұсындағы  ӛмір  шындығын  терең  игерудегі  ізденіс 
кӛрінісі  болып  табылады.  Әрине,  әдебиеттің  бұл  кезеңі  зерттелмей,  не 
болмаса қарасты-рылмай қалған жоқ. Бірақ кӛбіне бір жақты сӛз болып, қыр-
сыры  ашыла  қоймады.  Тарихи  оқиғалар  мен  тарихи  шындық  кӛбіне  уақыт 
талабына  орай  әрқилы  бұрмаланып  отырды.  Егер  бұл  кезеңді  қазақ 
тарихының  іргелі  бетбұрыс  кезеңі  деп  танитын  болсақ,  онда  оның  бар 
шындығын бүгінгі ой-сана тұрғысынан уақытпен үндесе отырып қарауымыз 
керек. Бұл әсіресе, қазақ зиялыларының осы тұстағы ой-пікірлеріне қатысты. 
Осы тұста қазақ зиялыларының екі топқа бӛлініп, бірі ұлт-азаттық кӛтерілісті 
жақтап,  екіншілері  халықтың  кӛтерілуіне  қарсы  шығып,  ӛз  ой-пікірлерін 
дәлледей білгені белгілі. Олардың қайсысының іс-әрекеті дұрыс, қайсысынікі 
бұрыс оған куә уақыт. 
Ал  тарихи  шындық  ашылғанда,  кӛркемдік  шындықтың  бүкіл  болмысын 
терең тануға мүмкіндік туары тағы ақиқат. 
 
 
 
 


59 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет