315
Жалғандағы жан жарым деп ойласа,
Махаббатың меіріміне тоймаса,
Жатса-тұрса жалғыз соның тілегі,
Басқа қиял ойында да болмаса
…Жас ӛмірде жолығам деп арманға,
Шын сүюді санамашы арзанға!
Екі жүрек кәмілдікпен қосылып,
Алғанымен болса риза жалғанда…
Қос ғашықтың, екі жүректің қосылуы бір сәтке ақынды сүйсіндіргендей
болса да, ол ӛмірде тілек-арманның бұлайша үнемі тоғыса бермейтініне баса
назар аударады. Ӛйткені күнделік тіршілікте ізгілік пен жауыздық жұп
жазбай іргелес жүреді. Уыз жасқа кӛз тігетін арам ниетті жандар аз емес.
Ауыр жағдайда екі жас не істеуі керек? Намыс жыртып күресу қажет пе, әлде
“құдай салды, біз кӛндік” деп мойын ұсынып, отыра бере ме? Бұл арасын
ақын ашып айтпайды, кӛмескі қалдырады. Ӛйткені ерік сүйген жүректе,
сүйіскен жастарда. Тағдыр талдауы солардың ӛз қолында. Жалған үгітпен
үкім ете алмайсың. Жалпы Бернияз ғашықтық ӛлеңдерде бір желіні берік
ұстанған. Ол – ақ, адал махабатты жырлау. Сезімге адалдық пен сертке
беріктікті дәріптеу.
Ақынның махаббат тақырыбын арқау еткен ендігі бір ӛлеңі – “Гүләндам”.
Ақын сүйген жарына назын білдіріп, оның сұлу кӛркі мен жібек мінезіне
қызығатынын да, қызғанатынын да ешбір жасырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: