Мазмҧны кіріспе


 Әдеби талғам-танымның қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет23/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

6. Әдеби талғам-танымның қалыптасуы 
 
ХХ  ғасырдың  бас  кезіндегі  жазба  әдебиетіміз  күрт  алға  дамып,  жанрлық 
жағынан  да,  кӛркемдік  тұрғыдан  да  жетіле  түскен  тұста  әдебиетке  деген 
талғам  мен  танымның  жаңа  бір  белеске  кӛтерілгені  талассыз  шындық. 
Ӛскелең  елдердің  ӛркениетті  әдебиетінің  ӛкшесін  басып,  ӛзіндік  бетін 
айқындай  бастаған  әдебиетіміздегі  жетістіктерді  бағалап,  кемшін  тұстарын 
кӛрсету  мерзімі  ӛзінен-ӛзі  келіп  туындаған-ды.  Сӛйтіп  талғамнан  танымға 
қарай зор қадам жасалды. Мұнда қазақ баспасӛзінің орны ерекше болғанын 
ешкім  жоққа  шығара  алмаса  керек.  Онда  жарияланған  әдебиетке  қатысты 
дүниелер насихаттық қалыпта қалып қоймай, әдебиетімізге қатысты күрделі 
мәселелерді  кӛтерген  кӛлемді  мақалалар  түрінде  де  кӛрініс  тауып,  әдеби 
танымның маңызын арттырып, жанрлық жақтан салалана түсті.  


82 
 
Қазақ баспасӛзі жоғарыда аталған әдебиеттің кӛптеген келелі мәселелерін 
сӛз  ете  отырып,  жаңа  жанрдағы  ізденістерді  зерделеген  жас  жазба 
әдебиетіміздің  қабырғасын  қатайтып,  бұғанасын  бекітті.  Алғашқы  кездегі 
жарнама  сын,  аннотациялар  ауыз  толтырып  айтатын  рецензияларға, 
ғұмырнамаларға, күрделі әдеби сын мақалаларға айналды. 
Жазба  әдеби  сынымыздың  қалыптасып,  дамуы  “Айқап”  журналы  мен 
“Қазақ”  газетіне  тығыз  байланысты.  Сын  тарихын  жете  зерттеп,  ӛзіндік 
мектеп  қалыптастырған  ғалым  Т.Кәкішев  “Айқап”  пен  “Қазақтың”  әдеби 
сынымыздың  дамуындағы  үлкен  орны  туралы:  “Қазақ  әдебиетінің  сол 
дәуірдегі  творчестволық  проблемаларын  мүмкін  қадірінше  сарапқа  салып, 
жұрттың эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруға алғаш қадам жасаған 
“Айқап”  журналы  мен  “Қазақ”  газеті.  Сондықтан  бұлардың  қазақ  әдебиет 
сынын  тудырудағы  орны  ерекше”
34
,  –  деп  жазды.  Бұған  дәлел  ретінде 
“Айқап”  бетінде  1912-1914  жылдардың  аралығында  отызға  тарта  ӛлең 
жинақтары  мен  оқу  құралдарына  шағын  рецензиялар,  әдебиеттің  түрлі 
мәселелерін  арқау  еткен  мақалалар,  “Қазақтың”  бетінде  кӛрнекті  сыни 
мақалалар  кӛптеп  жарияланғанын  атап  айтсақ  та  жеткілікті.  “Айқап”  мен 
“Қазақ”  бетінде  жарық  кӛрген  әдеби  мақалалардың  ішіндегі  ең  кӛлемді  де 
кӛрнектілеріне тоқтала отырып, сол тұстағы әдеби сын мен әдеби танымның 
орнын бағалауға болады.  
“Айқаптағы”  қазақ  әдебиетінің  хал-жағдайын,  дәстүрлі  әдебиетіміз  бен 
жазба  әдебиетіміздегі  дәстүр  мен  жаңашылдық  туралы  ой  қозғап, 
ақындарымызға  ӛткір  талап  қоя  білген  кӛрнекті  әдеби  мақала 
Сұлтанмахмұттың  қаламына  тиесілі.  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  аса 
бағалы  мақаласы  –  1913  жылғы  “Айқаптың”  19,  20,  22,  23  санында 
жарияланған “Қазақ тіліндегі ӛлең кітаптарының жайынан”. Мұнда ол әуелі 
“Белгілі мұнан бес, он жыл бұрын хат біледі-мыс деген қа-зақтардың қолдан-
қолға  түсірмей,  құлқынын  құртып,  құмартып  оқитындары:  “Зарқұм”, 
“Салсал”,  “Алпамыс”  сияқты  “қырды-жойды,  қиратты…  жеті  бас  айдаһар, 
пері  қыз,  жалмауыз  кемпір,  дәу…  ұшы-қиыры  жоқ,  түпсіз  ӛтірік,  қисынсыз 
хикаяттар  еді.  Міне,  бұған  қазақ  отағасылары  кӛздерін  жұмып,  нанып, 
мейірлері қанып, кеңкілдей түсіп, шұлғысып, мүлгісіп отырғаны еді. Сондай 
шӛп саламмен қандары ұйып, жандары ұйықтап… отырған бір заманда бірді-
екілі жаңа бағыттағы жинақтар шығып, тұр-тұрдан хабар келіп, ұйқыдан маза 
кете  бастады.  Бырқырап  ұйықтай  беруден  жиренбеген,  бұрын  мұндайға 
құлақтары  үйренбеген  халық:  “Аллаңнан  ойбайым  жақсы” дегендей  қылып, 
әуелгі  кезде  ордаңқыраса  да,  кейін  кӛздері  шалған  соң,  кӛкіректері  сезініп 
құшағын  жайысып,  жабырласа  түсті.  Бұрынғы  “Зарқұмдарын”  құмға  кӛміп, 
“Салсалдарын”  суға  лақтырып,  пері  қыздарын  аспанға  ұшырып,  ақырындап 
                                                 
34
 Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сының тарихы. –Алматы, 1994.- 72 б 
 


83 
 
ескі  достарына  қош  айтыса  бастады.  Содан  бері  қарай  беттері  бермен 
етбеттеуде…”  –  деп,  әдебиет  пен  оқырман  арақатынасындағы  серпілісті 
аңғартады. Және осында жаңа сипатты әдебиеттің оқырман ойына ой салып, 
кӛкірек  кӛзін  аша  бастағанына  нақты  дәлел  табамыз.  Жаңа  жинақтардың 
оқырманды жаңа ойға бастаған міндетін әдебиетші-ақын тап  басып таниды. 
Қазақ  ұлтының  “оянып”,  алға  қарай  ұмтылып  келе  жатқаны,  жаңалық  исін 
сезіне бастағаны ақын-сыншыны қуаныш сезіміне бӛлейтіндігін байқау қиын 
емес.  Мақала  ә,  деп  басталғаннан-ақ  осындай  бірнеше  ой  сілемдерін  алға 
тартады. 
Сұлтанмахмұт  бұдан  әрі  осы  “жаңа  талаптардың”  жағдайы  қандай,  бұл 
кітап-жинақтардың  жетістігі  не  де,  кемшілігі  қайда  деген  ділгір  сұрақтар 
тӛңірегінде  ой  қозғайды.  Ол  кейбір  жинақтардың  кӛркемдік  қуатын  құрғақ 
ойбай  басып  кеткендігін  ашық  айтып,  замана  ӛзгерісін  ақындық  жүрекпен 
сезініп,  жан  тербейтін  ӛрелі  ойлармен  ӛрілген  ӛлең  тудыру  керектігін 
түйіндейді.  Ӛлеңнің  басты  шарты  кӛркемдік,  сондықтан  да  сыртқы  түр  мен 
ішкі мазмұнының құйылып түсуі қажет екендігін Сұлтанмахмұт басты талап 
ретінде қояды. Яғни “…аты жоғалмайтын ӛлең деп, ӛнер деп соны айтамын: 
сырт кӛрінісі  “қатын  ойбай”  тұрсын  “шайтан  ойбай” болып  кӛрінсе де дәмі 
бар, маңызы бар “ойбай” сол, қайнаған қанның, қиналған жанның, толғатқан 
кӛңілдің,  толғанған  жүректің  сығындысы  сол.  Соның  үшін  ондай  “ойбай”, 
ондай “бебеу” табыла қалса, салған жерден ӛзі де дертке шипа боп кетеді” – 
деп қорытады. Оның пікірінше шығарманың кӛркемділігіне орай айтар ойы, 
кӛтерер  проблемасы  терең  де  нақты  болуы  керек.  Сонда  ғана  ақын  ӛлеңі 
діттеген жеріне жетпек. Мақаладағы ӛлеңге қойылар талаптар поэзия тілімен 
мӛлдірете  жеткізген  Абайдың  ӛлең  туралы  толғамымен  ұштасып  жатқанын 
аңғару қиын емес. 
Осы  мақаласында Сұлтанмахмұт  пікір  айқындылығына қоса  тіл  тазалығы 
үшін де күреседі. “Мен тілімізге шата тілдердің шалмасуынан бегірек тілдің 
ағыны теріс бейімделіп, ӛріс алып бара жатуынан қорқамын”, – деп қазақ тілі 
үшін дәл бүгін де ӛзекті болып отырған мәселенің ұшығын шығарады. Қазақ 
поэзиясының  сол  кездегі  дамуы  жайында  сӛз  қозғай  отырып,  әрбір 
туындының  соны  әуен,  тың  идеямен  кӛрінуі  шарт  екенін  айтады.  Ӛз 
заманындағы  поэзияның  бойынан  идеялық  та,  кӛркемдік  те  ерекшеліктер 
табады. 
Қазақ қаламгерлеріне Абай поэзиясын үлгі етіп ұсынады. “Пайғамбардың 
жүрегінен  құйылған  құрандай  соқыр  кісі  сыбдырынан  танырлық,  аққұба 
ашық  тұрады  марқұм  Абай  ӛлеңдері”  деп,  Абай  поэзиясын  жоғары 
бағалайды. Ӛнер ӛнегесін кімнен үйрену керектігіне нақты бағдар береді. 
Сұлтанмахмұт  екінші  мақаласы  “Ӛлең  мен  айтушылар”  да  алғашқы 
мақаласын толықтыра, әдебиет пен ӛнер жайлы пікірлерін бекіте түседі. Ол 
кӛркемӛнердің  мәдениетке,  үлгі-ӛнегеге  баулудың  ғылым-білім  сияқты 


84 
 
маңызды  құралы  екенін  айтады.  Ӛнер  мен  ӛнерпаздың  қоғам  ӛмірінде  алар 
орнын белгілеп береді. 
Сұлтанмахмұттың  “Жаңа  кітап”  атты  үшінші  бір  мақаласы  1913 
“Айқаптың”  17  санында  жарияланады.  Онда  ақын-сыншы  М.Дулатовтың 
“Азамат” жинағына сын айтады. “Кейбір ӛлеңдері бірінен бірі қысқа, ойнақы 
емес,  оқушының  арбасы  сазда  жүргендей  ауырланып  шығарлық.  Алдыңғы 
туғандарды  “Кӛш  жүре  түзелер”,  жоқтан да бар жақсы, біздің неміз жетісіп 
тұр  деген  деп,  жүген-құрық  тигізбедік.  Мұнан  былайғылардың  мінін  қолға 
алып,  үлгіні  осы  бастан  түзете  беру  керек.  Қанша  дегенмен  “Жаманның 
барынан  да  жоғы  жақсы”  дейтін  мезгіл  болыңқырады  ғой”,  –  деп,  ендігі 
әдебиетті  сын  тезіне  сап  түзетудің,  талғап-талдаудың  бағыт-бағдарын 
ұсынады. Сұлтанмахмұт мақалалары  – сол кездің ӛзінде бүгінгі күнге дейін 
ӛзекті  болып  отырған  мәселелерді  ӛткір  қоюымен,  насихаттаған  идеясын 
дәлелдеуімен бағалы да құнды.  
“Айқап”  журналында  қарақыпшақ  Қобыланды  жырына  рецензия,  М.Ғ. 
деген  автордың  “Тіл  әдебиет”,  Ғ.Мәмековтің  “Ӛлең  жырларымыз” 
Ж.Әубәкірдің  “Тіл  уә  әдебиетімізді  сақтарға  керек”,  Ж.Тілеулиннің 
“Баспасӛз”,  Е.Қасболатовтың  “Баспасӛзге  қарсы”,  М.Тұяқовтың  “Кітаптар 
жайынан”, “Роман жарысы туралы” тағы басқа мақалалар жарық кӛрді. Бұлар 
жаңа  да  ӛскелең  әдебиетімізге  қатысты  кӛп  мәселелерді  әр  қырынан 
қарастырып,  кейбірі  ӛрелі  ойларымен,  салихалы  пікірлерімен  ӛзекті 
мәселелерді кӛтерсе, кейбірі биік межеден кӛріне алмады.  
“Айқап”  журналымен  қатар  ”Қазақ”  газеті  де  әдеби  танымның 
қалыптасуына зор үлес қосты. “Қазақ” газеті – шыққан күнінен бастап, қазақ 
әдебиеті  мен  мәдениетінің  жанашыры  ретінде  үлкен  эстетикалық  ӛреге 
кӛтеріле  білген  бірден  бір  басылым.  Ондағы  қазақ  әдебиеті  жайынна 
жарияланған  мақалалардың  авторлары  –  Ахмет  Байтұрсынов,    Әлихан 
Бӛкейханов, Міржақып Дулатов т.б. ірі тұлғалар. “Қазақтағы” әдебиет жайлы 
мақалалардың  басты  жетістігі  –  әдебиеттің  күрделі  мәселелерін  кӛтерумен 
бірге  сол  әдебиетті  қалыптастырған  басты  тарихи  тұлғалар  жӛнінде  де 
кейінгі  ұрпаққа  құнды  мәліметтер  қалдыруы.  Туған  халқымыздың  ӛткеніне 
кӛз  жіберіп,  кӛркемсӛз  шеберлерінің  мұралары  мен  ӛмірін  оқырманға 
танытуда  ілкі  қадам  жасауы.  Осы  ретте  Ахмет  Байтұрсыновтың  ұлы  Абай 
жайлы жазған “Қазақтың бас ақыны” атты мақаласы (“Қазақ”, 1913, N39, 40, 
43) әдеби ой-пікірдің ең озығы ретінде кӛзге түсетіндігін атап ӛткен жӛн.  
Бұл  –  қазақ  сӛз  ӛнерінің  ұлы  тұлғасы  Абай  арқылы  қазақ  әдебиетінің 
ӛткені  мен  бүгіні  жайлы  сӛз  қозғап,  ӛлең  сӛздің  қадір-қасиеті  жайлы 
толғаулы  ой  қозғаған  алғашқы  мақала.  Онда  Абай  шығармашылығына 
кӛркемдік-эстетикалық  баға  беріліп,  қазақ  әдебиетіндегі  болашақ 
Абайтанушыларға  бағыт-бағдар,  жӛн-жосық  кӛрсетіледі.  “Қазақтың  бас 
ақыны”  деп  аталатын  мақала  “Абайдан  асқан  бұрын-соңды  заманда  қазақ 


85 
 
баласында біз білетін ақын болған жоқ”, – деп басталады. Ахметтің алғашқы 
сӛйлемінде  Абайды  асқақтатумен  қатар,  аһ  ұрған  ӛкініш  те  бар.  Байқап 
қарасақ, “Қазақтың бас ақыны” Абайдың даңқы қазақ даласына онша жайыла 
қоймапты.  Кітабы  1909  жылғы  дейін  шықпаған.  Оны  терең  ұғынған  Ахмет 
“Қазақ” арқылы ұлы ақынды туған халқына танытпақ ниетке бекіген.  
Әрине, Ахметке дейін де баспасӛз бетінде, кейбір жинақтарда Абай туралы 
пікірлер  жарияланып  тұрды.  1909  жылы  Абайдың  Петербургте  шыққан 
ӛлеңдер  жинағына  Кәкітай  Ысқақов  “Абай  (Ибраһим)  Құнанбай  ұлының 
ӛмірі”  атты  алғысӛз  жазды.  Бұл  Абайды  қазақ  оқырманына  алғаш  кеңінен 
таныстырған  сӛз  еді.  Ал  ұлы  ақын  орыс  зиялыларына  бұдан  сәл  ертерек 
танылды. Абай ӛмірі мен шығармашылығының білгірі Қайым Мұхамедханов 
“Абайдың  кӛзі  тірісінде  оны  орыстың  оқырман  қауымына  тұңғыш  рет 
таныстырған  адам  –  Әлихан  Бӛкейханов”  екенін  ерекше  атап  ӛтеді.  Себебі 
“Россия.  Полное  географическое  описание  нашего  отчество”  атты  кӛп 
томдық  кітаптың  1903  жылы  “Киргизский  край”  деген  18-томы  жарық 
кӛреді.  Оның  авторларының  бірі  –  Әлихан  Бӛкейханов  қазақ  әдебиеті  мен 
ӛнері  жайлы  жазғанда  “Абайға  ерекше  тоқтап,  қазақ  жазба  әдебиетінің 
кӛшбасшысы” атаған. 1905 жылы “Семипалатинский листок” газетінде, 1907 
жылы  басылып  шыққан  “Записи  Семипалатинского  Подотдела  Западно-
Сибирского отдела Императорского русского географического общества” деп 
аталатын  кітапта  Абай  ӛмірбаяны  басылып  шыққан,  авторы  –  Бӛкейханов. 
Абай  туралы  және  бір  мақала  1908  жылы  татар  тіліндегі  “Уақыт”  газетінің 
393 санында жарияланғанды. Мақала авторы Міржақып Дулатов болатын. 
Жоғарыдағы  мақалалардың  қай-қайсы  да  ӛз  кезеңінде  Абайдың  ақындық 
жасампаздығын  тануда  біршама  қызмет  атқарғаны  талассыз.  Солай  дей 
тұрғанмен  де,  бұл  мақалаларда  Абай  ақындығының  ерекшелігі,  оның  қазақ 
поэзиясын дамытудағы атқарар қызметі там-тұмдап сӛз болғанымен де, терең 
зерттеліп,  кеңінен  толғап  пікір  айтылған  жоқ.  Ендеше,  шынайы  әдеби 
талдаудан  ӛтіп,  зерделі  ой,  зейінді  талғаммен  Абай  ақындығына  кӛркемдік 
тұрғыдағы  алғашқы  әділ  баға  А.Байтұрсынов  мақаласында  берілді.  Ахаң  ӛз 
мақаласында  Абайдың  әрқайсысы  дәуір  жүгін  арқалаған  сӛз  сырының 
құпиясына үңіліп, Абай әлемінің әсемдік сырын ашуға ұмтылады. 
Зерттеуші “…Абай сӛздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас, бірақ 
ол ауырлық Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес, оқушылардың 
түсінерлік  дәрежеге  жете  алмағандығынан  болатын  кемшілік”,  –  деп,  әуелі 
бір түйіп алады. Сӛйтіп Абай сӛзін ұғынудың қиындығы Абай поэзиясының 
жадағай жылтыр сӛзден құралмай, ойлы, мағынасы тереңде жатқандығынан 
деп біледі. “Абай сӛзі заманындағы ақындардың сӛзінен оқшау, үздік, артық. 
Ол  оқшаулық,  артықтық,  басқа  ақындардан  Абайдың  сӛзінде  ғана  емес, 
ӛзінде де болған”, – дейді Ахмет. Бұдан әрі автор Абайдың ӛскен ортасына, 


86 
 
тәлім-тәрбиесіне,  ӛмір  жолына  кӛз  жіберіп,  осылардан  қалыптасар  адамдық 
болмысына ой тастап, одан туындаған пікірлерін ортаға салады.  
“Әрбір  сӛзі  оқырманға  сын”  Абай  ақындығының  ӛзгелерден  оқ  бойы 
озықтығын  оның  ӛмірден  түйгенімен  қатар,  терең  білімпаздығынан  деп 
таныған  Ахмет,  Абай  білімінің  құнары  европалық  ғылым-білімде  деп 
есептейді. Абай білімінің негізі жайлы жаза келе “Михайэлис пен Гроссқа кез 
болмаса,  сол  күйімен  бәлки  кетер  еді,  қандай  үлгілі,  қандай  мағыналы, 
қандай  асыл,  қандай  терең  сӛздер  жерге  кӛмілер  еді.  Абай  сӛздері  дүниеде 
қалғаны қазаққа зор бақ” деген түйінді ой айтады.  
Абай  туралы  мақаласында  Ахмет  ақын  шеберлігінің  сыры  неде  деген 
сұраққа жауап іздестіреді. “Сӛз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға 
керек.  Сӛздің  шырайлы,  ажарлы  болуына  ойдың  шеберлігі  керек.  Ұнамды, 
орынды, дәмді болуына сыншылық керек, мағыналы, маңызды болуына білім 
керек. Абайда осы үшеуі де болған”. Міне, Ахмет тапқан Абай шеберлігінің 
сыры  осыларда  жатыр.  Жалпы  ақынға,  ӛнерпазға  тән  қасиеттің  бәрі  бір 
бойына  жинақталған  Абай  ақындығының  табысы  да,  табиғи  ерекшелігі  де 
әлгі Ахаң атаған үш нәрседен күш алады, “сондықтан да ӛлеңі қай тарапынан 
болса да толық”. 
Ахмет мақаласында Абай творчестволық тұлға ретінде толық болмысымен 
кӛрінді.  Ол  Абай  шығармаларының  тӛл  ерекшеліктерін  нақты  мысалдар, 
ӛлеңдерінде  ӛрілген  кӛркемдік  белгілер  арқылы  жан-жақты  ашып  кӛрсете 
алды.  Сондықтан  да  бұл  мақала  қазақ  кӛркемсӛз  танымының  алғашқы  ірі 
қадамы боп саналады. Ӛйткені қазақ сӛз ӛнерінде жеке ақын творчествосына 
эстетикалық  талдау  жасап,  биік  кӛркемдік  талғамнан  ӛткізу  –  онша  жиі 
кездесе  бермеген  құбылыс.  Қазақ  әдебиетіндегі  осынау  соны  сүрлеуді 
А.Байтұрсынов салып, әдеби творчествоны кӛркемдік-эстетикалық тұрғыдан 
талдауды қалыптастыруға талпынғаны, ӛскен мәдениеттің белгісі еді.  
Абай творчествосын тану мен танытуда ӛзіндік орны бар мақаланың бірі – 
Міржақыптың  “Абай”  атты  мақаласы  (“Қазақ”,  1914,  N67).  Ұлы  Абайдың 
қайтыс  болуына  10  жыл  толғанына  орай  жазылған  бұл  мақаланың  мынадай 
басты  құндылықтары  бар.  Бірінші  –  Абай  ақындығын,  Абай  мұрасын, 
Абайдың  ұлылығын  ұғынудың  алғашқы  соқпағын  салушылардың  еңбегін 
кӛрсетіп,  зерттеушілер  есімін  нақты  атауымен  бағалы.  Екінші  –  Абайдың 
қазақ әдебиетіндегі тӛрден алар орнын кӛрсетудегі ӛзіндік пайымдауларымен 
бағалы. 
Қашанда  әділдік  жақтаушысы,  ӛзгенің  еңбегін  бағалауда  тура  жолдан 
таймайтын  Міржақып,  осы  мақаласында  Абайды  алғаш  елге  танытушы 
Әлихан  Бӛкейханов  пен  Ахмет  Байтұрсынов  екенін  баса  айтып,  олардың 
Абайтанудағы  тұңғыштық  орынын  нақтылай  кетеді.  Абай  шығармашылығы 
туралы  түйіндеулерінде  әдебиеттің  халық  ӛміріндегі  алар  орны  жайында 
айтқан  Ахметтің  қадау-қадау  пікірлерін  дамыта  отырып,  “Тарихы,  әдебиеті 


87 
 
жоқ  халықтың  дүниеде  ӛмір  сүруі,  ұлттығын  сақтап,  ілгері  басуы  қиын. 
Әдебиеті,  тарихы  жоқ  халықтар  басқаларға  сіңісіп,  жұтылып,  жоқ  болады. 
Қай  жұрттың  болса  да  жаны  әдебиет.  Жансыз  тән  жасамақ  емес”,  –  деп 
түйеді.  Сондықтан  да  ол  Абайды  қазақ  әдебиетінің  кӛркемдік  биікке  жету 
жолындағы адастырмас “Темірқазығына” балап, Абайдың ұмытылуы – қазақ 
әдебиетінің  ұмытылуы,  жоғалуы  деп  санайды.  Қазақ  әдебиетінің  алтын 
діңгегі  Абайдан  кӛз  жазып  қалу  болашақ  ұрпақ  алдында  кешірілмес  күнә 
екендігін  ескертеді.  Ақын  Міржақып  Абай  ақындығын  терең  түсініп, 
“әдебиетіміздің  негізіне  қаланған  бірінші  кірпіш  –  Абай  сӛзі,  Абай  ойы 
боларға керек. Абайға дейін қазақ қолға алып оқырлық шын мәніндегі қазақ 
әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. …Бәлки мұнан кейін, Абайдан үздік 
ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғарғы ардақты орын Абайдікі, қазақ 
халқына  сәуле  беріп,  алғашқы  атқан  жұлдыз  –  Абай”  деп,  Абай 
ақындығының әділ бағасын береді. 
Қазақ  жазба  әдебиетіндегі  кӛркем  шығарманы  бағалауға  ұмтылып, 
творчество адамының жетістігін танып, кемшін тұсын байқап, оқушыға жӛн-
жоба  сілтеуді  мақсат  тұтқан  мақаланың  бірі  –  “Сын”  (“Қазақ”,  1915,  N121). 
Шәкәрім  Құдайбердиевтің  “Қалқаман-Мамыр”  поэмасын  жан-жақты 
талдауға  бағытталған  Әлихан  мақаласы  –  Шәкәрім  творчествосын  танудағы 
бір белес. Бұл – сын жанрының тууы кӛбінесе құнды кӛркем шығармалардың 
дүниеге  келуімен  сабақтас  болатындығының  бір  кӛрінісі.  Мақалада 
“Қалқаман-Мамырды”  негізге  ала  отырып,  ақындық  творчество  туралы, 
Абайдың  ақындық  ерекшелігі  жайлы  орайлас  ой  да  қозғалады.  Автор 
Шәкәрімнің  ірі  ақын,  Абайдың  орнын  басар  үмітті  шәкірті  екенін  сӛз 
арасында  білдіре  кетеді.  “Абай  барда  таласып  ақындық  қылып,  жарыққа 
шықпай  кӛлеңкеде  жүре  берген”  дей  келе,  ойын  “жұрттың  бәрінің  аузына 
алғаны  Абай.  Шәкәрімнің  білімі  де  қазақта  жоқ  екен”  деген,  “Шәкәрім 
тамырын тауып ұстаған” Иван Филипович Гусев пікірмен бекіте түседі.  
Әлихан  Бӛкейханов,  ең  алдымен,  Шәкәрім  шығармасының  тақырыбын 
анықтап алып,  ӛз  ойын  осы  тұстан  ӛрбітеді.  “Қалқаман-Мамыр”  ӛлеңі  орыс 
тілінде “Историческая хроника” аталады. Бұл сияқты тарихта болғанды ӛлең 
қылған  мысал:  Пушкинде  “Царь  Борис  Годунов”,  Лермонтовта  “Песня  о 
купце  Калашникове”.  Бұларда  орыстардың  мінезі,  тұрмысы,  салты 
айнадағыдай кӛрінеді”. Яғни Әлихан пайымы бойынша “Қалқаман-Мамыр” – 
тарихи  жыр.  Ендеше  оған  қойылар  талап  ақындықпен  қатар,  тарихи 
шындықтың қаншалықты кӛрініс табуында жатса керек. Сондықтан да “Қыр 
баласы”  Шәкәрім  ақындығына  жоғары  баға  бере  отырып,  шығармадағы 
тарихи  шындық  пен  кӛркемдік  шындықтың  жанасымдылығына  біраз  сын 
айтады. 
“Қалқаман-Мамырда”  бұрынғы  қазақ  жұртының  салты,  қазақ  мінезі, 
қазақтың іс-қылығы әлгі орыс елдеріне қарағанда тіпті аз”. Сыншы пікірінше 


88 
 
Шәкәрімдей  ақынға  қойылар  талап  та  зор болуы  керек.  Ол  Абайдан кейінгі 
ӛзгелерге  үлгі  шашар  дарынның  кем-кетігі  неғұрлым  аз  болуын  қалайды. 
Сондықтан  да  “Қазаққа  осы  бойымен  де  “Қалқаман-Мамыр”  айтулы  жақсы 
ӛлеңнің  бірі  болар.  Бірақ  “Кӛп  білгеннен  кӛп  сұралады”  деген.  Мұны 
Шәкәрімнен кӛп сұрап жаздым” деуі-ақ жүректен шыққан шындық. 
Поэмадағы  кейбір  тарихи  шындықтан  бұра  тартқан  тұстарды  сыншы  тап 
басып, мысал келтіре отырып дәлелдейді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет