Мазмҧны кіріспе


-тарау  ДІНИ-АҒАРТУШЫ БАҒЫТТАҒЫ



Pdf көрінісі
бет27/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

3-тарау 
ДІНИ-АҒАРТУШЫ БАҒЫТТАҒЫ  
АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР 
 
1. Бағыттың басты сипаты мен кӛрнекті ӛкілдері 
 
Бҧл  бағыттағы  ақын-жазушылар  негізінен  діни  білім  алып,  шығыстық 
ӛркениетті  мұрат  тұтқандықтан  замана  сыры,  қоғамдық-әлеуметтік 
ӛзгерістерге  сол  кӛзқарас  тұрғысынан  қарайды.  Сондықтан  да,  олардың 
кӛпшілігі  батыстық  үрдістен  ӛріс  алған  Ресейдегі  қоғамдық  ӛзгерістердің 
шынайы себебін, олардың сан қырлы сыр-сипатын нақты ажырата алмағанын 
ашық  айту  керек.  Бұлардың  шығармашылығында  ел  қамын  ойлаған 
тынышсыздану, халықты қайтсем түзу жолға салам деген қиналыс бары рас, 
бірақ  бұл  халден  арылар  нақты  жолды  олар  түптеп  кӛрсете  алмады.  Ӛз 
заманына  қарай  ілгершіл  ой-пікірлері  мол  болғанымен,  кейбірі  кӛбіне 
біржақтылыққа  бой  ұрып,  жалаң  түрдегі  діншілдікті  насихаттау  жолымен 
кетті. 
Шығармашылық  тұрғыдан  алғанда  бұл  бағыттағы  ақындар  ӛздері  нәр 
алған  шығыстың  озық  үлгілі  әдебиетінен  үйреніп  қана  қоймай,  шығыс 
шайырларының  кӛрнекті  шығармаларының  бірсыпырасын  қазақ  тіліне 
аударды.  Шығыс  сюжетіндегі  тақырыптарға  негіздеп  ӛздері  де  шығармалар 
жазды.  Сӛйтіп  нәзирашылдық  дәстүрді  дамытты.  Шығыстың  классикалық 
әдебиетінің қазақ сахарасына кеңінен таралуына ең игілікті еңбек еткен осы 
бағыттағы  ақын-жазушылар.  Діни-ағартушы  ақындар  шығармашылығына 
тірек  болған  қазақ  поэзиясының  арғы  арналарындағы  Ахмет,  Яссауи, 
Рабғузи,  Ахмет  Жүйнеки  т.б.  шығармашылықтары,  әдебиеттегі  діни 
сарындар.  Бұл  бағыттағы  ақындардың  бір  тобына  тән  ерекшелік-
қиссашылдық,  кітаби  сюжеттерге  еліктеушілік.  Жалпы  алғанда  діни-
ағартушы  ақындар  ӛз  дәрежесінде  қазақ  поэзиясынан  кӛркемдік  деңгейін 
биікке  кӛтерді.  ХХ ғасыр басындағы поэзияның жанрлық тұрғыдан  баюына 
елеулі үлес қосты. 
Діни-ағартушы  бағытта  шығармашылық  мүмкіндіктері  әр-түрлі  ақындар 
еңбек  етті.  Бірақ  шығармасының  мазмұны,  түрі  әрқилы,  идеялық 
кӛзқарастары  сан  алуан,  шеберлік  деңгейі  түрліше  болғанымен,  бұл 
бағыттағы ақындарға тән бірнеше басты белгілер бар. Бірінші белгісі – бұлар 
–  діни  мектептерде  оқып  мұсылманша  білім  алған  ақын-жазушылар. 
Олардың орыс оқуымен, орыс жазушыларының шығармаларымен атүсті ғана 
таныстығы  болды.  Екіншіден,  бұлар  –  шығыс  әдебиетін,  оның  түрлі  әдеби 
мектептерін жетік біліп, озық үлгілі дәстүрін, кӛркемдік тәсілдерін ӛз бойына 
үйір етіп, ӛз шығармаларын сол деңгейде жазуға талпынғандар. Yшіншіден, 
бұлар  қаршадайынан  діни  тақырыптағы  шығармаларды,  ертегі-аңыздарды, 


104 
 
қисса-дастандарды  жаттап,  ондағы  кейіпкерлерге  еліктеп,  сондағы  ӛсиет-
ӛнегеге  тұщынып  ӛскендер.  Кейін  құрғақ  еліктеуден,  мағынасыз  жаттаудан 
құтылып,  діни  ілім-білімге  бой  ұрып,  іздегендерін  дін  жолынан  тапқандар. 
Тӛртіншіден,  бұлардың  кӛпшілігі  ірі  медреселерде  білім  алып,  Ташкент, 
Бұқара, Қазан, Стамбул сияқты діни орталықтарда болып, ислами әдебиеттің 
классикалық  үлгілерімен  танысып,  діни  ілімнің  қыр-сырын  жетік 
меңгергендер болуы. 
Бұл  бағыттағы  ақын-жазушылардың  кейбірі  Шәді  Жәңіров,  Ақылбек 
Сабалұлы,  Жүсіпбек  Шайхысламұлы  Шораяқтың  Омары,  Мәулекей 
Жұмашев  т.б.  бірыңғай  қиссашылдықпен  айналысып,  шығыс,  ислам 
сюжеттеріне  шығарма  жазып,  нәзирашылдықты  дамытты.  Олардың  шығыс 
сюжетінен,  діни  кітаптардан  аударып,  ӛз  бетінше  жазған  шығарма-
дастандарын мынадай топтарға бӛлуге болады. Діни тақырыптағы қиссалар: 
“Зарқұм”,  “Мәлікаджар”,  “Кербаланың  шӛлінде”,  “Сал-Сал”,  “Мұхамед-
Ханафия”,  “Сүлеймен  пайғамбар”,  “Жұм-Жұма”;  Қиял-ғайып  ертегі  іспетті 
қиссалар:  “Шәкір-Шәкірат”,  Сейфіл-Мәлік  –  Бәдіғұл-Жамал”,  “Шаһмарал”, 
“Абушахма”;  Ғашықтық  қиссалар:  “Жүсіп-Зылиқа”,  “Таһир-Зухра”,  “Ләйлі-
Мәжнүн”,  Мұңлық-Зарлық”,  “Боз  жігіт”;  Батырлық  қиссалар:  “Рүстем-
Дастан”, “Кескен бас”, “Ескендір”, “Қисса Баһрам” т.б. 
Міне  осы  шығармаларды  жазған,  тәржімалаған  ақындарды  қиссашыл 
ақындар  деуіміз  керек.  Ӛйткені  оларға  тән  творчестволық  еңбектің  негізгі 
ӛзегі осы қиссашылдық. Ал енді бізде қиссашыл-кітаби ақындар деген ұғым 
бар.  Бұл  ұғым  әлі  күнге  дейін  пікір  таластарға  арқау  болып  келеді.  Бұл 
туралы  кезінде  ғалым  Ы.Дүйсенбаев  “Кейбір  зерттеушілер  “Кітаби  ақын”, 
“Қиссашыл ақын” деген терминдерді жиі қолданатын болып жүр. Бірақ осы 
бір  ұғымдардың  қалайша  туып,  нені  қамтитынын  ешкім  жӛнді  білмейді”
38
 
деген  болатын.  Негізінде  бұл  топқа  бұрынғыдай  М.Қалтаевты, 
Н.Наушабаевты, М-Ж. Кӛпеевті қосу ӛте қате болар еді. Олар – ӛзіндік стилі, 
әдеби  беті,  бағыты  қалыптасқан  ақындар.  Кітаптарында  кейбір  арабтан, 
парсыдан,  татардың  жазба  тілінен  ауысқан  сӛздер  жүр  екен  деп  “кітаби” 
ақын атандыру – ешбір әдеби танымға сиымсыз нәрсе. Онда “Оян, қазақты” 
жазған  М.Дулатовты  да  осы  топқа  жатқызуға  тура  келеді.  Оның  осы 
кітабында түсініксіз сӛздер жетерлік. 
Әңгіме  кітаби  сӛздер  де  емес,  ақынның  мақсатында.  Біз  ХХ  ғасыр  бас 
кезіндегі түрлі кітаптардағы шығармаларды мейлі ол қарасӛзді болсын, мейлі 
ӛлең  түрінде  болсын  тәржімалап,  немесе  сол  сюжетті  негізге  ала  отырып 
соған  еліктеп  шығарма  жазған,  яғни  қисса-дастан  тудырған,  ӛзгедей 
шығармашылықпен  айналыспаған  ақындарды  кітаби-қиссашыл  ақындар 
деуіміз  керек.  Бұларға  Ақылбек  Сабалұлы,  Мәулекей  Жұмашев,  Жүсіпбек 
                                                 
38
 XXғасырдың басындағы қазақ әдебиеті. II том. Екінші кітап. –Алматы, 1965. – 27б 
 


105 
 
Шайхысламұлы т.б. жатады. Себебі олар ӛзіндік ӛлең жазып, оны кітап етіп 
бастырған  емес.  Жәй  ауыл  арасындағы  тіршілікте  айтқандары  бар  шығар, 
бірақ  олары  кӛп  емес,  әрі  сапасы  да  талапқа  сай  емес.  Олардың  сіңірген 
еңбегі  –  шығыстық  үлгідегі  қисса-дастандарды  кӛбірек  жазып  қалдыруы 
және  оны  ӛзгеше  бір  әдеби  дәстүр,  әдеби  мектеп  дәрежесіне  кӛтеруі.  Бұл 
дәстүр  Қазақ  даласына  кеңінен  қанат  жайған.  Ол  Алтайда  да,  Атырауда  да, 
Сырда  да,  Жетісуда  да  ӛз  жемісін  беріп,  небір  майталман  жүйріктерді 
еліктірген.  
Кеңестік  кездегі  әйтеуір  сол  тұстағы  идеяларға  жат  кӛзқарасты  айдар 
тағып,  ат  қойып  аластауды  әдетке  айналдырған  мақсаттан  туған  “Кітаби-
қиссашылдықты”  Мәшһүрдей,  Мақыштай,  Нұржандай  ақындық  ӛнердің, 
асыл  сӛздің  шеберлеріне  айдар  ғып  тағу,  олардың  “шекпендеріне”  тарлық 
жасайды. Олар – діни ағарту тұрғысынан ұлттық поэзиямыздың ӛресін биікке 
кӛтеріп, әдебиет тарихында ӛзіне ғана тән  ақындық  қолтаңбасын қалдырған 
ӛнерпаздар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет