Мазмҧны кіріспе


Шәді  Жәңгіров  (1855-1933)



Pdf көрінісі
бет32/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Шәді  Жәңгіров  (1855-1933).  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  Созақ 
ӛңірінде  туып-ӛскен.  Шығыстың  озық  үлгілі  әдебиетінің  нәзирагӛйлік 
дәстүрін  берік  ұстанған,  шығыс  поэзиясындағы  белгілі  тақырыптар  мен 
сюжеттерді ӛзінше жырлап, идеясы мен мазмұны тұрғысынан мүлдем жаңа, 
тӛл  туынды  жасаған  ақын.  Бұл  саладағы  шығармаларының  (“Қисса  қырық 
уәзір“ (1911), “Назым Шәhир дәуіріш“ (1913), “Қисса Бәлғәм Бағур“ (1910), 
“Хайбар қиссасы“ (1913). “Хикаят халифа hәрун Рашит“ (1917) т.б. ХХ ғасыр 
бас  кезін-дегі  қазақ  поэзиясындағы  дастан  жанрының  қалыптасуы  мен 
дамуына  игі  әсері  ӛте  зор.  Шәдінің  тӛл  тума  шығармаларының  (“Ресей 
патшалығында  Романов  нәсілінен  хұқмынарлық  қылған  патшалардың 
тарихтары,  hәм  ақтабан  шұбырыншылық  заманынан  бері  қарай  қазақ 
халқының  ахуалы“  (1912),  “Келіннің  бетін  ашатын  терме“  (1915),  “Хикаят 
Орақ-Күлше“ (1917), “Қарынның жер жұтқан оқиғасы“ (1917) т.б.) ХХ ғасыр 
басындағы  әдебиетте  ӛзіндік  орны  бар.  Ақын  неге  екені  белгісіз  күнделікті 
ӛмірді,  қоғам  жайын  аз  жырлап,  ӛткен  ӛмір  мысалдары  негізінде  жалпы 
адамгершілікті,  ізгілікті  насихаттайтын  шығармаларды  басымдау  жазған. 
Оның  діни-ағартушы  екендігі  шығармаларында  ертедегі  шығыс  әдебиетінде 


109 
 
қалыптасқан сопылық сарынның мол болуынан кӛрініс табады. Жастайынан 
ел  басындағы  ауыртпалықты  кӛріп  ӛскен  ақын  ӛзінің  тӛл  ӛлеңдерінде  ел 
билеген  әкімдерді,  кейбір  байларға  тән  дүниеқоңыздықты,  озбырлықтарды 
еркін сынап отырады. Оның “Бӛрбас байға“, “Отыншы байға“, “Бір молдаға“ 
т.б. ӛлеңдерінде ӛмір шындығы реалистік түрде кӛрсетілген. Жалпы алғанда, 
Шәді  шығармашылығының  ХХ  ғасыр  басындағы  әдебиеттегі  эпикалық 
жанрды ӛрістетуде ерекше орыны бар.  
ХХ  ғасыр  басында  бұлардан  басқа  да  қиссашыл,  кітаби  ақындар  да 
болғандығын  жоғарыда  айттық.  Жүсіпбек  Шайқысыламұлы,  Ақылбек 
Сабалаұлы тәрізді ақындар кӛбіне тек дайын сюжетті қиссалар жазып, немесе 
бастырып  шығарумен  айналысқан.  Шығармаларының  қай-қайсысында 
болмасын діни уағыз, дін құдіреттілігі жайлы ойлар ӛріс тауып отырған.  
Қорыта айтқанда, ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетінде діни-ағартушы 
ақындар  ӛзіндік  бет-бағдарын  айқын  танытқан.  Олардың  шығармашылығы 
кӛлемі  жағынан  аса  мол,  жанр,  түр  жағынан  мейлінше  бай  болып  келеді. 
Талант,  дарындары  әрқилы  ақындардың,  ӛзіндік  қолтаңбалары  да  әр-қилы. 
Бұларды біріктіретін басты белгі – діни-ағартушылыққа бағытталған мақсат-
мұраттары. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет