112
мың айып салынады. Ақын патшаға қарсылар тізіміне ілігіп, ел ішінде
жасырынып жүреді. Бұқара, Ташкентке үшінші рет сапар шегуі осыған
байланысты.
Мәшhүр ғұмырнамасын ӛте жақсы білетін Дихан Әбілевтің “Мәшhүр
Жүсіп“ атты естелігінде (“Жұлдыз“, 1992, N2) мынадай дерек бар: “Дала
уалаяты“ газетінде басылған 1905 жылғы “Қанды жексенбі“ ӛлеңі, “Сарыарқа
кімдікі“ толғауына байланысты патша жандармдары Мәшhүрді тұтқындап,
соттатып жібермек болғанда, Мәшhүр лажсыз тӛрт-бес жыл бойы Орта Азия
жақта қашып жүрген”. Ӛйткені “Сарыарқа кімдікі” толғауында ата-бабаның
қасиетті мекені, елге ырзық, малына құт, қазақтың кең сахарасының
ортасынан ойып орын алған киелі Сарыарқаны патша отаршылдары
озбырлықпен тартып алғанын ащы шындықпен әшкерелеп, халықтың ауыр
хал-қасіретін тебірене жыр еткен.
Айрылды біздің қазақ Есілінен,
Ӛзінің болған емес кесірінен.
Жер мүлкі шаруаның қызықты ең-ау,
Қойнында құшақтаған жесірінен.
Осы ӛлеңдегі ақын айтпағы “Ұйқыңнан оян! Елдігіңді ұмытпа!”. Елдің
еңсесін басып, езгіге салып үкілі арман-мұратының күлін кӛкке ұшырған
отаршыл патша ӛкіметінің әккі саясатын Мәшhүр Жүсіп осы “Сарыарқа
кімдікі“ ӛлеңінде жалтақсыз, ашықтан-ашық айтады. Әрине, бұл сияқты ӛткір
тілді адамның патша ӛкіметіне ұнамайтыны белгілі.
Ғылым мен ӛнерді ӛз ӛнерпаздығының туы етіп кӛтерген Мәшhүрге
ақындық ӛнер қашан қонғандығының оның ӛлеңдері арқылы білеміз.
“Мәшhүр атты қалай алғандығы туралы“ атты ӛлеңінде ақын бұл туралы
былай дейді.
Достарыңызбен бөлісу: