131
Оның “ӛлім бетін кӛрмей күтін” деуінде үлкен мән жатыр. Мұндағы “Күтін”
ӛз санасынан биік, ӛресі жетіп, анықтай бермейтін құпиясы мол әлемге барар
екі аралық аз ғана ғұмырда адамның саналы ӛмір сүріп, ізгілікке толы іс-
әрекет жасауына жӛн сілтейді. Адам түсі-нігіндегі “тозақ” пен “жәннаттың”
адам ойындағысынан мүлдем бӛлек, сананың шектеулігінен ұғыныла
бермейтін әлем болмысы екенін ескертеді. Соңғы шумақтағы “Түтін” ӛз
бойына талай мазмұнды арқалап тұрғандығын аңғару оп-оңай. Ол адамның
адамгершіліктен ауытқыған алғашқы адымынан-ақ қылаң берер жамандық
атаулының нышандарының символдық белгісі іспетті. Қорыта айтқанда,
“Жарты нан хикаясы” – қысқа
болғанмен айтары мол, құнды туынды.
Мәшһүрдің “Мәшһүр Жүсіптің тырнамен айтысы”, “Мәшһүр Жүсіптің ала
қарғамен айтысы”, “Аңқау адам туралы”, “Сәйгелді, сона, бӛгелек туралы”,
“Шайтанның саудасы” және т.б. ӛлеңдерінде мысал жанрына жатқызуға
болады.
“Мәшһүр Жүсіптің тырнамен айтысы” құрылымдық жағынан айтыс
үлгісіне жақын. Мұнда ақын тарапынан қойылған мәнді сұрақтарға ауыл
үстін айналып ұшқан тырна толымды жауап қайтарады. Айтыстағы
қарсыласы тарапынан ӛзіне деген жайсыз емеурін байқала бастағанда, яғни
оның айтқанының ақиқаттан аулақтығын бетіне басқан сәтте тырна-кейіпкер
Сүлеймен пайғамбар мен тоты құс жайындағы оқиғаны әңгімелеуге
бұрылады. Бұл сюжет алдыңғы сюжеттік желімен іштей мағыналық
байланыста. Мұнда ақын аңыз арқылы ӛз тұсындағы қоғамдық ӛмірдің ӛзекті
мәселесін қозғайды.
Мен торға түспейін деп аспанға ұштым,
Сізбен емес, баламен ерегістім.
Жер жүзін ӛрт алыпты тегіс күйіп,
Кӛздей жер сау кӛрінеді, келіп түстім.
Кӛрінген ӛрт боп маған сор екен сол,
Бір тосу хақтан даяр тұр екен сол.
Сау жер болып кӛрінген титтей ара,
Балалар құрып қойған тор екен сол.
Бұл – еркіндіктің бақытын сезіне алмай торға түскен Тоты құстың
Сүлеймен алдына келгенде торығып айтқан зары. Ақын қазақ тарихының 18
ғасырдағы жағдайына меңзеп тұрғандай. Ӛзі келіп торға түскен Тоты жайы –
осы ойға жетелейді. Бала – сол тұстағы сана кӛрінісі іспетті. Тырна бүкіл
мысал бойында отты тілді, терең ойдың иесі болып кӛрінеді. Мұны
Мәшһүрдің: “Не кӛрдің бұл жалғанда, нені білдің?” – деген сұрағына
тырнаның қайтарған жауабынан кӛреміз.
132
Біз келдік шӛбі тәтті жерлер бар деп,
Жұртқа айттық: “Қыс келеді, күзем ал!” – деп.
Үстінен әр ауылдың бір айналып,
“Қазағым, жаман болма, жақсы бол!” – деп.
Тырна бейнесі ел басына тӛнген ауыртпалықтарды жеңілдетпек боп, еліне
емірене үндеу айтқан халық зиялыларының бейнесін танытатын сияқты.
“Жақсы бол” деген тіркеске ақын сол қоғамдағы туған халқының ұлттық
болмысына, тұрмыс-жағдайына ауадай қажет маңызды құндылықтарды
сидырған. Жақсы болудың негізі – кӛзі ашықтық, кӛкірегі ояулық, надандық
құрсауынан босанып, білім-ғылыммен сусындау, адамдық асыл қасиеттерді
жоғалтпау. Бұның ӛзінен ақынның азатшылдық, діни-ағартушылық
кӛзқарастарының мысал ӛлеңдерінің де ӛнбойынан орайын тауып, кӛрініс
беріп жататындығын аңғара аламыз. Ал енді замана келбеті Мәшһүрдің ӛз
тарапынан былайша білдіріледі:
Достарыңызбен бөлісу: