Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет41/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   144
 
Аузымнан қайтармаймын келген сӛзді, 
Сӛйлесін деп қойыпты тәңірім бізді. 
 
Тағы  бір  ӛзінің  ақындық  ӛнерін  сӛз  қылатын  “Қалмай  ма  әлі-ақ  бір  күн 
Мәшһүр ӛліп” атты ӛлеңінде: 
 
Жүзінде жалған дүние кӛп сӛйледім, 
Ақылға үйлестіріп дӛп сӛйледім. 
Дүниеден біраз тұрып біз де ӛтерміз. 
Ат қалсын кейінгіге деп сӛйледім, – 
 
деп, ақындық міндетін бағдарласа, “Бұл бір түрлі сӛйлегенім” атты ӛлеңінде: 
Жұмысым ӛлең жазу менің дайым
Қылмаймын бұ жалғанда тіпті уайым. 
Ӛзімді ӛз басыммен алдандырып, 


125 
 
Осындай күйге салған бір құдайым, – 
 
деп, ӛз талантының алладан келген пәрмен екендігіне толық сенім білдіреді. 
Ақынның  осы  аталған  ой-толғау  ӛлеңдерінде  лирикалық  кейіпкердің 
жалған  дүние  әлемінде  еркіндікке  бастар  жол  таппай  қиналуы  терең 
толғаммен сипатталады. 
 
Дүниемен болып жүрмін мен екіұдай
Әурелік балалығым бұрынғыдай. 
Қараумен ӛз бойыма күнімді ӛткіз, 
Басқаға кӛз салдырма патша-құдай. 
 
“Патша-құдайға”  шын  ниетімен  берілген  Мәшһүрдің  осы  ойын  “Патша 
құдайға”  ынталы  жүрекпен  қарап,  “ғаділетті  жүректің  әділетін”  бұзбауға 
бекінген Абайдан да кездестіреміз. 
 
Патша-құдай сиындым, 
Тура баста ӛзіңе. 
 
Бұл  екі  ақынның  діни-философиясындағы,  танымдық  әлеміндегі 
үндестікке  дәлел  бола  алады.  Осы  тіркестің  мәнінде  жұмбақ  тіршілікті 
жаратушыға  бірінде  жалбарыну,  бірінде  ӛзіне  деген  сенімділік  басым 
болғанымен  адамның  танымдық  мүмкіндіктерінің  шектеулілігін  мойындау, 
алла  еркіне  мойынсұну  тұжырымы  тамыр  тартып  жатыр.  Мәшһүр  Жүсіп 
ӛлеңдерінің  ішінде  терең  танымдық  ой-тұжырымға  толы  “Тапсырдым  бір 
құдайға  мен  басымды”  деп  келетін  “Анама  хат”  атты  шығармасының  орны 
айрықша.  Мұнда  Жаратушыға  сенген  ақынның  терең  ойы,  түбегейлі  сезімі 
былайша кӛрініс табады: 
 
Нұр жауар хақтан рахман иманды ерге
Талпынар күн-күн сайын ӛнерлі ӛрге. 
 
Ақын  ӛзі  мейіріміне  бӛленген  ұлы  жаратушыға  келесі  жолдарда  шын 
ықыласпен ризашылығын білдіреді: 
  
Ей Алла, айналайын бергеніңе, 
Ғибратпен, шын ықыласпен кӛргеніңе! 
  
Жоғарыдағы  ӛлең  жолдарының  ӛн  бойынан  Мәшһүр  Жүсіптің  шынайы 
сенім-түсінігі айқын аңғарылады. 


126 
 
Ақынның  осы  мазмұндас  ӛлеңінің  ерекше  бір  маңыздысы  –  “Мәшһүрдің 
ақындығымен қоштасқаны”.  
 
Бізді құдай бар қылып қойды жоқтан
Құтылмаймыз тура атқан қалақ оқтан. 
Жамандыққа келгенде білгіш – ақпыз, 
Құлақ – саңырау, кӛз соқыр – жақсылықтан. 
 
Осы  шумақтың  алғашқы  жолында  тіршілікті  жаратушыға  деген  нақты 
сенім  бар,  яғни  ақын  “құдайдың  жоқтан  бар  жасағанына”  ешбір  күмәнсіз. 
Келесі  тармақта  адам  тағдыры  бейнелі  түрде  бедерленген.  Ол  да  алланың 
қолында. Демек, ӛмірді беретінде жаратушы, алатында жаратушы. Мұндағы 
дүниетаным шеңбері – тағдырдың жазмышы тӛңірегіне жинақталған. Үшінші 
жолда жалпы адамзат баласына тән қасиет – жақсылықтан жамандыққа бейім 
тұратындығы,  соған  бейімшілдігі  нақты  берілген.  Ең  соңында  адамның 
ӛзінен  адалдық,  жақсылық,  ізгілікті  талап  еткен  жоғарғы  ақиқат  алдындағы 
дәрменсіздігі  сынға  алынады.  Ақынның  дүниетанымдық  кӛзқарастары 
ӛлеңдерінде осылайша кӛрініс тапқан. 
Мәшһүр Жүсіп ӛлеңдерінің тағы бір саласы – жалпы ақындық болмыстың 
табиғатын  айқындауға,  соны  байыптауға  арналған.  Ақынның  “Қазақ 
жұртының  осы  күнгі  әңгімесі”  атты  ұзақ  ӛлеңінде  ӛнерді  бағалау, 
эстетикалық  талғам-талап  пен  сӛз  ӛнерінің  қырсырын  ұғындыру  мақсаты 
айқын танылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет