Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет74/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Қараңғы қазақ кӛгіне, 
Ӛрмелеп шығып, күн болам! 
Қараңғылық кӛгіне, 
Күн болмағанда, кім болам?! 
 


187 
 
Кӛркем тілдің шырайын ашып, сӛзбен салған суретке жан бітіріп тұрған 
отты  жыр  –  бір  сәттегі  шабыттан  шығып,  бір  тыныспен  жағылғаны  анық. 
Шағын  лирикалық  ӛлеңнен  жалынды жырды  туғызған  ақынның ӛзіне  деген 
сенім-күші,  күрескерлік  рухы,  қайтпас  қайсарлығы,  қажымас  қайрат-жігері, 
жастық жалыны айқын танылады. 
Жалпы  алғанда,  Сұлтанмахмұт  поэзиясында  саяси  лирика,  әлеуметтік 
сарын  басымдау  келеді.  Ақынның  1907-1911  жылдары  жазған  ӛлеңдерінде 
ӛзі  кӛріп,  байқаған  ӛмір  құбылыстары,  кейбір  ӛктемшіл  үстем  тап 
ӛкілдерінің,  білімге  құштар  жастардың  образдары  бейнеленіп,  нанымды  да 
дәл болып шығады. Кӛркем портрет пен пейзаждар да жалаң жасалмай, ӛмір 
құбылыстары  мен  әлеуметтік  жағдай  қат-қабат  алына  отыра  Абайдың 
реалистік  дәстүрінде  бейнеленеді.  Ақын  поэзиясында  Жарқынбай,  Күләйме, 
Мұқан,  Сарыбас,  Шүкібай  сияқты  образдар  жасалып,  нақты  бейнеледі. 
Мысалы,  “Жарқынбай”  деген  сюжетті  ӛлеңі  –  осы  тұстағы  жазған 
ӛлеңдерінің бір озығы деуге боларлық, ақынның талант ұшқынын танытатын 
ӛлең.  Мұнда  Мұқан,  Жарқынбайлардың  іс-әрекеттері  мен  мінез  кескіндері 
сомдалып, әрқайсысы ӛзіне тән белгілерімен айқын дараланған, Жарқынбай 
мол  байлығы  мен  сатып  алар  атақ  шеннен  басқаны  білмейтін  озбыр,  надан 
кейпінде  суреттелсе,  Мұқан  орысша  оқыған,  адамгершілігі  мол,  бірақ 
бойында  қайрат,  ісінде  айбат  жоқ  жігіт  бейнесінде  беріледі.  Ал  Күләйме 
болса,  айнымас  махаббаттың  қатал  азабы  мен  ескі  салт-сана  қорлықтарына 
шыдай  жүріп  қиналатын  дәрменсіз  ару.  Бұл  үшеуінің  бойынан  ешбір 
ұқсастық  таба  алмайсыз.  Әрқайсысын  ақын  ӛз  орнымен  кӛрсетіп,  нанымды 
етіп суреттей білген. 
Сұлтанмахмұтқа  ақындық  ӛнерді  құдай  дарытқан.  Оның  шеберлігі  –  әр 
сӛздің  орнын  таба  білуінде.  Орайын  тапса,  ойнамайтын  сӛз  жоқ.  Мына 
ӛлеңіне назар аударалық. 
 
 
Ақ сәуле күміс жүзді, құндыз қабақ, 
 
Сен гүлсің иіс шашқан жарып сабақ. 
 
Болғанда кӛзің – жақұт, етің – торғын, 
 
Қасың – ай, шашың – жібек, мамық – тамақ. 
 
Бұл ӛлеңде ақын сұлу қыздың бейнесін беруде күміс жүзді, құндыз қабақ, 
мамық  тамақ  секілді  эпитеттерді  қолданып  суреттесе,  кӛзің  –  жақұт,  етің  – 
торғын, кӛзің – нұр, сӛзің – алма, аузың – алтын деп, адам образын жасауда 
аса нұсқалы метафораларды қолданады. 
Ақын енді бірде  “Соқыр сопы”, “Неке қияр”, “Шұбар қожа” ӛлеңдерінде 
жағымсыз  мінез-құлық,  кейбір  арамзалардың  жат  қылықтарын  әшкерелеп, 
ащы тілмен ӛткір түйрейді. Мысалы, “Шұбар қожа” ӛлеңінде: 
 


188 
 
 
Сұрайтыны ат, айғыр, қошқар, бұқа, 
 
Түк білмей-ақ, күбірлеп, оқып дұға. 
 
“Емдеймін” деп, ӛлтірген аруларды, 
            Елдегі үлкен кесір Шұбар қожа– 
 
дейді.  Қараңғы  елді  алдап,  мал  тауып  жүрген  Шұбар  қожаның  іс-әрекеті 
арқылы сол кездегі молда, қожа, сопылардың бейнесін кӛрсетеді. 
“Ақын  шығармаларының  тақырыптары  -  түгелдей  шынайы  ӛмір,  қазақ 
халқының Сұлтанмахмұт тұсындағы ӛмірі. Сұлтанмахмұт шығармаларының 
жиыны  қазақ  халқының  Қазан  революциясынан  бұрынғы,  революция 
жылдарындағы  қоғам  тіршілігінің,  дүние,  қоғам  тануының,  әдет-ғұрып 
шындығы,  әрі  әділ  сыны,  халықтың  ой-арманы,  тілек-мақсаты”,
46
  –  дейді 
ақынның түбегейлі зерттеушісі Б.Кенжебаев. 
Ақын  айналадағы  құбылысқа  жіті  қарап,  оны  ақындық  кӛңілмен 
қабылдап, кӛргенінен қорытынды шығарып, ой түйеді. Оны ӛлең жолдарына 
айналдырып,  ӛзін  қоршаған  ортадан  ойып  алған  небір  бейнелердің  кейпін 
жасайды. Бірде кӛрік десе кӛрік жоқ, ішкен мен жегенге мәз болған, сиықсыз 
шолжың  боп  ӛскен  бай  қызының  түр-әлпетін  күлкіге  айналдырса,  бірде 
сезімнен жұрдай малына сенген әумесерді келемеж етеді.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет