Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет73/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Яки мақсат: ӛнер, білім алуға, 
Алға қарай баруға. 
Намыстанып қорланып, 
Хұқықтан махрұм қалмауға. 
Милет кӛзін ашуға, 
Терістіктен қашуға. 
Заманаға кӛз салып, 
Аяқты жӛндеп басуға. 
Ақын ойының түп негізі – білімнің ұлы күшін сезіндіру. Оны ел игілігіне 
айналдыру.  Сұлтанмахмұттың  осы  ӛлеңінде  сӛз  арасында  айтылған  тәрізді 
кӛрінетін, ашық айтпаса да анық сезіліп тұрған, сӛз түсінер жанға ұғынықты 
бір ой қылаң беріп қалады. Ӛлеңдегі негізгі ойдан алшақтау болса да, осы бір 
жолдың арқалаған жүгі ауыр, кӛздегені алыс. 
 
Ӛнер тұқымын егуге, 
Жарыққа қарай келуге, 
Пайда, зиян айырсақ, 
Жүре бермей жегуге. 
 
Отанымызды сақтауға, 
Ақиқатты жақтауға, 
Бізде басты кӛтерсек, 
Қала бермей таптауда. 
 
Бұл  тұста  ақын  ағартушылық  идеяны  азаттықпен  ұштастырып  әкеткен. 
Ақын  ағартушылықты  білім  мен  ғылымға  жетелер  жол  ғана  емес,  елді 
болашақта  азаттық  пен  тәуелсіздікке  жеткізер  жол  деп  біледі. 
Ағартушылықты ұлт санасын оятар басты құрал деп біледі. Сұлтанмахмұттай 
ақын  үшін  ұлтының  отаршылдықтан  құтылуы  ең  алдыңғы  қатарға  шығар 
басты мәселе екені даусыз. Сондықтан да осы мәселені қашанда еске салып, 
қай тақырыпқа жазса да кіріктіріп жіберу үнемі белгі беріп қалып отырады. 
“Оқуда  мақсат  не?”  атты  ӛлеңде  тағы  бір  ерекшелік  бар.  ХХ  ғасыр 
басындағы кӛп ақындарымыз жалпы қазақ оқымаған, оқуы жоқ, надан халық 
деп жатса, Сұлтанмахмұт ӛзгеше бір оқшау жайды алға тартады. 
 
 
 Демейміз оқымады біздің халық, 


186 
 
Болса да оқу-анық, мақсат танық. 
Болса егер ойларыңда соңғы мақсат
Еш мұндай болмас еді артта халық 
 
Ақын  пікірінше  халықтың  ӛркенниеттен  артта  қалуы  оқудың  аздығынан 
емес, мақсаттың анық болмауынан. Оқу, білім ұлы мақсат үшін жұмсалғанда 
ғана нәтиже берері хаһ. Алған білім елдің болшағы үшін қызмет етуі керек. 
Ол  күнкӛрістің  амалы  болған  жерде,  даму  жоқ.  Ақын  бұл  жерде  оқу-білім 
алуға,  жалпы  ағартушылыққа  үлкен  азаматтық  түсініктен  келіп  отыр.  Яғни 
оқу елден ерекшеленудің, биік мансапқа қол жеткізіп ӛз ұлтын ӛзі қанаудың 
құралы  емес,  халықты  ӛркениетке  жеткізудің,  ӛзгенің  отаршылдық 
қыспағынан құтқарудың бірден-бір жолы. 
Сұлтанмахмұттың бұл тақырыпқа жазған кейінгі ӛлеңдерінде (“Шығамын 
тірі  болсам,  адам  болып”,  “Шәкірт  ойы”)  лирикалық  қаһарманның  ӛршіл 
ойлары  тіпті  айқындала  түседі.  Ақынның  романтикалық  рухқа  толы 
жалынды ӛлең жолдары мың құбылған ӛлең сӛздің құдіреті арқылы оқырман 
кӛңіліне жылы ұялап, жүрегіне жол табады. 
 
Мен – балаң жарық күннен сәуле қуған, 
Алуға күнді барып, белді буған. 
Жұлдыз болып кӛрмеймін елдің бетін
Болмасам толған айдай балқып туған. 
 
“Шығамын  тірі  болсам,  адам  болып”  атты  ӛлеңдегі  осы  жолдар  “Тірі 
болсам  надандықты  тебем”  деп,  серт  берген  лирикалық  қаһарманның 
арманының биік, ойының асқақ екенін танытады. Ақын кӛп оқығанның бірі 
болуды  қаламайды.  Сондықтан  да  кез  келген  ақынның  теңеуінде  жүрген 
“жарық  жұлдыз”  емес,  “балқып  туған”  ай  болғысы  келеді.  Оның  ӛршіл 
рухына  нұры  мол,  қараңғы  түнді  жарық  қылар  толған  ай  жақын.  Осынау 
шағын ӛлеңнен арманшыл ақынның жүрек бұлқынысын, ертеңгі күнге деген 
ұмтылысын танығандаймыз. “Жарық күннен сәуле қуған”, мақсаты жоғары, 
жүрегі отты лирикалық кейіпкер бейнесі мәңгілікке кӛз алдымызда тұрардай. 
Сұлтанмахмұттың  ағартушылық  тақырыбына  жазған  ӛлеңдерінің  ішінде 
шоқтығы  биігі  –  “Шәкірт  ойы”  (1917).  Бұл  –  нағыз  ақындық  табиғаттан 
жаралып,  ой  мен  сезім  тоғысынан  туып,  ақын  жан-дүниесінің  тынысын 
сездірер ӛлең. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет