201
Романның негізгі кейіпкері – Қамар. Осынау ӛзінің адамдық құқын, жасқа
тән махаббат еркіндігін қорғауға ұмтылған қайсар қыздың тӛңірегіне заман
туғызған ұнамды образдар жиынтығы топтасқан. Қазақ қоғамдық ӛмірін
кеңінен суреттеуге тырысқан автор ізденісіне орай, бұларды қоғамдық
ортадан ойып алынған типтік бейнелер деп айтуға әбден болады.
Қамар – романдағы бүкіл оқиғаның желісін ұстап тұрған негізгі тұлға.
Ақын ӛз тұсында қазақ қоғамында орын алып отырған түрлі қайшылықтар
мен алға дамуды тежеп отырған кертартпалықты осы кейіпкердің кӛзімен
кӛріп, соның түсінік ұғымы арқылы білдіреді. Қамар – әрекетшіл бейне. Ӛз
бақыты жолында ол әлсіздеу болса да ӛмірінің соңына дейін күресіп,
қарсылық жасауға әрекеттенеді.
“Қамар сұлу” романының құрылымдық желісі де шымыр шыққан.
Таңдаған тақырыбына орай автор шығарманың құрылымдық жүйесін
оңтайлы да шебер құрып, тартымды ӛрбіте алған. Шығармадағы оқиға желісі
бірінен-бірі туындап, бір-бірімен тығыз байланыста ӛріледі. Бұлардың
оқырманды қызықтырып, тартып алып кетуі соншалықты оқиға ӛмірдің
ӛзінен туғандай әсер береді. Роман Қамар мен Ахметтің хат жазысуынан
бастап дамып, Қамарды Нұрымның айттыруынан бастап шиеленіседі. Оқиға
ӛз арын аяққа таптатқызғысы келмеген ару қыздың мерт болуымен
аяқталады.
Автор шығарманың басында Қамарды еркін ӛскен, ӛмірдің ащы-тұщысын
кӛрмеген балғын жас, жауқазынды жарып шыққан қызғалдақтай үлбіреген
сұлу қыз күйінде суреттейді. Жазушының осынау балауса жанды тым
елжірей, таңдай қағып, тамсана суреттеуінен жүрек секем алғандай…
Достарыңызбен бөлісу: