Мазмҧны кіріспе


Ойланылды бәрі де бірі қалмай, –



Pdf көрінісі
бет85/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   144
Байланысты:
ХХ 5асыр

Ойланылды бәрі де бірі қалмай, – 
 
дей келе, ақын кейіпкері әділдік жолына жүгінуге тоқталады. Яғни “әділдік” 
–  лирикалық  кейіпкердің  бүкіл  ӛмірлік  болмысын  айқындайтын  ұлы  идеяға 
айналады. Ол ӛзі таңдаған бұл жолды ӛзгелерге де ұсынады. Ұлы құдірет  – 
әділетке шақырады. Ақынның “дүниеден тапқан ашылмаған сыры”, құпиясы 
осы – әділдік. 
 
Ендеше мен жабыссам негізгі іске, 
Әділдікте бар негіз, бақ та, күш те, 
Қарғаймын әділдіктен басқа жолды, 
Ӛңім түгіл кірмесін түнде түске. 
 
Поэманың кӛтерер ауыр салмағы осы бӛлімде жатыр. Адам ӛмірінің бар 
мәні мен мағынасы туралы толғамды ойларын ақын осы бӛлімге жинақтаған. 
Арысы адамзат баласына, берісі ұлтына жақсылық жасап, бақ әкеліп, бақыт 
орнатпақ  болған  лирикалық  кейіпкер  толғанысының  түйіні  –  ең  алдымен 
әділеттілік  орнату.  Сонда  ғана  байлық  та,  бақ  та,  бақыт  та  қоғамға  келіп 
қонады. Әділетсіздіктің себебін тауып, оны әділдікке жеңдірмей, жер бетінде 
жұмақ орнауы мүмкін емес. 


213 
 
“Мен  тоқтадым”,  “Мен  –  кәрі”,  “Мен  –  ӛлік”  бӛлімдерінде  ақын  озат 
ойлы, азатшыл кейіпкердің биік арманы қайшылығы мол қоғамнан ӛз ӛрісін 
таппай, қалыптасқан ортадан қара үзіп шыға алмағанын сипаттайды. “Мен – 
жігіт” бӛліміндегі асқақ романтикаға бой ұрған жалын жігер жас жігіт орнын 
енді тағдыр талқысына мойын ұсынған, ӛмір ӛз еркіне бағындырған, санасы 
мен болмысы қайшылықты тұлға басады. 
 
Менде де ӛз шамамша бар ғой зейін, 
Кімде зейін кем болса соны жейін. 
Дүние алдау екен алдасуда, 
Ӛз обалым ӛзіме, қалсам кейін 
...Әділ болып байқадым, не ӛндірдім? 
Бұл басым залым болып бір байқасын!.. 
 
Адам  ӛмірі  туралы  қай  кезде  де  болмасын  жырланған.  Сонау 
жыраулардан  бастап,  бүгінге  дейін  ақындар  жырына  арқау  болып  келе 
жатқан  бұл  тақырып  ӛз  мәнін  жоймақ  емес.  Сұлтанмахмұттың  ұлылығы  – 
осынау күрделі тақырыпқа кең құлашты дүние жазып, оны бір деммен, асқақ 
шабытпен  жырлап  шығуы.  Сәбиліктен  кәрілікке  дейін  ӛмір  кезеңдерін 
жырлай  отыра  олардан  терең  мәнге  ие  ой  толғамдар  мен  философиялық 
түйіндер  жасайды.  Кәрілік  –  ӛткенге  қорытынды  шығарар  тұс.  Сонда 
лирикалық  кейіпкердің  түйгені  не  нәрсе?..  Оны  ӛкіндіретін  ең  басты  жайт 
“тым  болмаса  қалмады-ау  ешбір  ісім,  мені  айтып,  жұрт  сағынып 
шӛлдегендей”.  Бұл  жолдарда  үлкен  мән  бар.  Ақын  ұғымынша  ӛмір  мәні  – 
еңбек.  Еңбек  арқылы  артына  із  тастаудан  артық  бақыт  жоқ.  Ақын  осы  бір 
ұлы  мақсатқа  үндейді,  оқырманды  соған  жетелейді.  Тән  ӛлгенмен,  жанның 
мәңгілігін  ойлау  –  адамзатқа  шарт.  Жанның,  рухтың  мәңгілігі,  “адам 
ӛлместің”  амалы  –  арта  қалған  ұрпақ  кәдесіне  жарап,  бақиға  кеткен  сенің 
пәнидегі белгің болып қалар ісің. 
Поэма  жанрындағы  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  келесі  бір  күрделі 
шығармасы  –  “Кедей”  (1919).  Бұл  –  лирикалық  поэма.  “Адасқан  ӛмір”  мен 
“Кедей”  –  бір-бірімен  үндес,  мазмұны  мен  идеясы  тұрғысынан  бірін-бірі 
толықтырып  тұрған  шығармалар.  Құрылымы  жағынан  да  олар  бір-бірімен 
ӛте  ұқсас.  Бұл  поэмада  тарауларға  бӛлінген  және  бар  жайт  лирикалық 
кейіпкер арқылы баяндалып, соның ӛмірге, қоғамға деген кӛзқарасы арқылы 
ӛрбіп, дамып отырады. 
Ақын бұл поэмасына жеке адамның, қоғамдық ӛмірдің тӛменгі сатысында 
тұрған  кедейдің  ӛмірін  арқау  ете  отырып,  салыстырмалы  тәсіл  қолданған. 
Бай  мен  кедейдің  тұрмыстіршілігін  қатар  ала  отырып,  ӛмірдің  нақты 
шындығын ашады. 


214 
 
Сұлтанмахмұт  лирикалық  кейіпкеріне  ӛзгеше  бір  жылылықпен  қарайды. 
Оның бойынан азаматқа тән қадір-қасиет таба біледі. 
 
Ойлаңыз, менде жүрек, менде жан бар, 
Жүрегімде ӛмір бар, ыстық қан бар. 
Үміт бар, махаббат бар, жек кӛру бар, 
Бәрі де байдікіндей байқасаңдар. 
 
Байлықтан  басы  айналып,  ӛз  буына  ӛзі  піскен  байдың  бойынан 
табылмаған  ізгіліктің,  биік  рухтың  кедей  бойынан  табылуынан  ақынның 
кедейдің  адамдық  бағасын,  оның  еңбекшіл  рухын  танытуға  баса  кӛңіл 
аударғанын аңғарамыз. Керісінше, кедей кейіпкердің Жақып құрдасы ӛзгенің 
еңбегін  пайдаланудан  басқа  қоғамға  берер  пайдасы  жоқ,  бойынан  іліп  алар 
қасиет табылмас – тірі ӛлексе. Одан қоғамға да, адамға да еш пайда жоқ.  
Ақын  лирикалық  кейіпкерінің  бойындағы  отты  жігерді,  қайсар  мінезді 
кӛрсете  отырып,  оның  алдан  күткен  үмітті  болашағына  сенеді.  Ӛйткені 
лирикалық  қаһарман  поэма  соңында  берік  байламға  келіп,  жаңа  жолға  – 
бақыт жолына нық қадам жасайды. 
 
Жол қайсы құдай салған, шайтан салған, 
Білмеймін осы жері маған арман. 
Мейлі Құдай берсін, шайтан берсін, 
Мақсатым – оқу оқу кӛңіліме алған. 
...Жүрегімді белгісіз нәрсе қысып, 
Шақырып тұр, мінеки кетім сонда. 
 
Даладан  да,  қаладан  да  бақыт  таппаған  кедей  бақыт  бағдарын  енді 
айқындайды.  Санасындағы  сәуле  оны  ӛзге  әлемге  жетелейді.  Сұлтанмахмұт 
сомдаған лирикалық кейіпкердің ӛмірі тамұқ болғанымен, мақсаты анық. Бұл 
кемел суреткер жасаған шынайы кӛркемдік шешім еді. 
Ақынның  1919  жылы  жазған  екі  поэмасы  бар.  Бірі  -  “Қайғы”,  екіншісі  - 
“Айтыс”. “Қайғы” кӛлемді шығарма болса керек. Бірақ оның небәрі 28 жолы 
сақталған. 
Қашанда жаңалыққа жаны құмар, ӛз шеберлігін түрлі сынақтан ӛткізуден 
тайсалмайтын,  үнемі  ізденіс  үстінде  жүретін  Сұлтанмахмұт  “Айтыс” 
поэмасын  ӛзгеше  тәсілмен  жазған.  Шығарманы  ауыз  әдебиетінде  сан 
ғасырлық  дәстүрі  бар  айтыс  үлгісінде  ӛрген.  Дала  ақыны  мен  қала  ақынын 
айтыстыра  отырып  бүкіл  қазақ  ӛмірін  кӛрсетіп,  ӛз  ұлтының  болмысындағы 
жақсылықты  дәріптеп,  жамандықты  сынап,  елді  ертеңге  жеткізер  жақсы 
дәстүрді, озық үлгіні ӛнеге тұтуға шақырады. 


215 
 
Екі  ақынның  да  кӛздегені  айқын.  Ол  –  ел  қамы,  ұлт  қамы,  қазақ  қамы. 
Оған  әрқайсысы  ӛз  кӛзқарасы  тұрғысынан  келеді.  Сұлтанмахмұттың  автор 
ретіндегі кӛзқарасы біздіңше дала ақынына жақын сияқты.  
Бұл  поэма  ақынның  1933  жылғы  жинағынан  кейін  жарық  кӛрмеген. 
Ақынның  ӛткір  пікірлері  кеңестік  тұстағы  идеологияға  сай  келе  бермегені 
айқын.  Поэма  аяқталмай  қалған.  Сондықтан  бұл  шығарма  туралы  тереңнен 
тартып, түптей пікір айту қиын. 
Поэмада  дала  ақынының  сӛздері  ӛтімділеу,  ұлт-жандылық  рухы  биіктеу 
болып  келеді.  Ол  халқын,  туған  даланың  тамылжыған  табиғатын,  ұлтының 
рухани  қазынасын,  қазағының  бай  тілін  мақтан  тұтып,  оны  кестелі  кӛркем 
тілмен жұмыр жеткізіп, шалқыған жыр тӛгіп отырады. 
 
Мен қазақпын, қазақпын деп мақтанамын, 
Ұранға алаш деген атты аламын. 
Сүйгенім қазақ ӛмірі, ӛзім қазақ, 
Мен неге қазақтықтан сақтанамын. 
Ерікті ен даланың құсынша ұшып, 
Ержеттім кеңшіліктің сүтін ішіп... 
 
Қала ақыны керісінше менмен, ӛзінен басқаны кӛзге ілмейтін жан ретінде 
кӛрінеді.  
 
Сендей ме ел болатын елдің түрі? 
Айтасың ӛтіп кеткен бұрынғыны. 
“Ел едім, ел боламын” дей алатын, 
Бейшара-ау, не жайың бар осы күні. 
 
Екі  ақын,  екі  кейіпкердің  іштей  және  сырттай  тартысы  шығарма 
табиғатын  айқындай  түседі.  “Айтыс”  жанрының  табиғаты  қарсыластан 
кемшілік тауып, бірін-бірі сынауды қалайды. Және ол дәлелді де, әділ болуға 
керек.  Міне,  Сұлтанмахмұт  поэма  табиғатына  осы  қасиетті  айнытпай 
дарытқан.  
Жалпы  алғанда,  Сұлтанмахмұт  Торайғыров  поэмалары  арқылы  ӛзі  ӛмір 
сүрген  дәуірдің  кӛкейкесті  мәселелерін  кӛтеріп,  замана,  қоғам,  адам  жайлы 
толғанысты түйіндер жасап, ӛркениетті идеяны қозғайтын терең ойлы, жаңа 
мазмұнды шығармаларды дүниеге әкелді. Оның поэмалары ХХ ғасыр бас ке-
зіндегі қазақ әдебиеті кӛркемдік деңгейінің биік белесі боп қала бермек. 
С.Торайғыровтың әдеби мұрасы ӛте бай, оның сезімді тербетер лирикасы, 
толғамы тоқсан тарау терең ойлары біздің қалыптасқан сана-сезім, түсінік – 
түйсік  шеңберіне  сия  бермейді.  Оның  бай  мұрасын  бұрынғы  қисындар  мен 


216 
 
қағидалар негізінде қарастырмайтын, жаңаша пайымдаулар негізінде ғылыми 
тұрғыда зерделейтін ғылыми еңбектердің жарық кӛре берері талассыз. 
Қорыта  айтқанда,  ӛзгеге  ұқсамайтын  ақындық  болмысымен,  биік 
азаматтық  тұлғасымен  Сұлтанмахмұт Торайғыров  қазақ  әдебиеті  тарихында 
мәңгілікке қалады. 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет