Мәтіннің мазмұндық - нақты ақпараты қоғамдағы болған не болып жатқан нақты құбылыс, жағдай, оқиға туралы хабарлайды. Бұл ақпарат мәтінде екі жақты қызмет атқір жағынан атқарады: бір жағынан ақпараттың бұл түрі белгілі бір мазмұндағы мәтіннің пайда болуына негіз болса, екінші жағынан мәтіндегі ойды тұмшалап, мазмұнды бір жақты түсінуге кедергі келтіреді де оның әртүрлі интерпретациялануын тудырады.
Көркем мәтіндегі мазмұндық –нақты ақпарат автордың жеткізгісі келген ойымен сәйкес болады. Осы ақпараттың көмегімен автор өз кейіпкерлерінің тағдыры, күйініш – сүйініштері негізінде көркемдеп әңгімелейді.
Сондықтанда мәтін мазмұнындағы көптеген жеке деректер мен пайымдаулардың шашырамай тұтастықта болуы мәтін мазмұнындағы ақпаратттың келесі бір түріне негізделеді.
Мәтіннің мазмұндық – концептуалды ақпараты қаламгердің қоғамдық өмір құбылыстарын өз дүниетанымы тұрғысынан саралауы мен бағалауын оқырманға жеткізу ерекшелігінен көрінеді. Бұл ақпарат вербалды түрде нақтыланбауы да мүкін, сондықтан оқырманның тарапынан түрліше интерпретацияланады…[ ].
Мәтіннің мазмұндық – астарлы ақпараты мәтіндегі тілдік бірліктердің ассоциацитивті және бағалауыштық сипатына негізделеді де жасырын ақпаратты жеткізеді. И.Р.Гальперина мазмұндық – астарлы ақпарат пен мәтіннің астарлы ойы (подтекст) терминдерін синоним ретінде қатар қолданады. Ақпараттың бұл түрі – мәтіндегі нақты ақпараттан туынданғанмен бірден көзге түспейтін, мәтінді толық қабылдап, интерпретациялау нәтижесінде туындайтын шығарма мәні, оқырман мәтіндегі оқиғаны өзінің жекебасының ерекшелігіне қарай көңіл көзінен өткізіп, алған әсері, мәтінді түйсіну тереңдігі [8,28]. Мысалы,... Сондай – ақ ұлыған қарлы дауыл астында, елсіз меңіреу дала, Абайдың өзі туып - өскен сахарасы болса да, қазірде соншалық мейірсіз, қатал, өгей анадай. Кеше ғана балалығымен, жігіттік жастығының, жасыл шөбі сарғаймас алтын бесігіндей болса, сол қызықты қан жайлау қазір суық қабыр ызғарындай, аяздап, қырауытып тұрған тас табытындай (М.Әуезов).
Мәтіндегі айтылған ойды дұрыс қабылдау тек тілдік бірліктер мен графикалық таңбалар негізінде ғана жүзеге аспайды. Ақпаратты, автордың айтайын деген ойын дұрыс түсіну үшін қосымша білім қажет болады. Ғылыми әдебиеттерде ол «пресуппозиция» (латын тілінде ргае- алдында; supposition – ойлау, болжау), «аялық білім» терминдерімен анықталып жүр…[ ].
Пресуппозиция – тілдік бірліктер арқылы вербалданбаған қосымша білімге негізделген мәтіннің семантикалық компоненті. Қосымша білім – оқырманның білімі мен өмірлік тәжірбиесінің жемісі. Ғылыми айналымға В.В.Виноградов енгізген «аялық білім» де қосымша білімге негізделеді.
Аялық білім – сөйлеуші мен тыңдаушыға мәлім мәдениет, тарих, әдебиет саласындағы ақпараттар жиынтығы. Көркем мәтіннен алынған тілдік бірліктердің аялық білімді қажет етуіне назар аударсақ, жоғарыда айтылғандарға көзіміз жетеді.
Автор мәтін мазмұнында вербалды және вербалданған ақпараттың үйлесімді берілуін басты назарда ұстайды. Ақпараттың бұл түрлерінің ара қатынасының бұзылуы гипервербалдануды (тілдік бірліктер арқылы шектен тыс артық берілуін) не гиповербалдануды (шектен тыс кем берілуін) тудырады. Сондықтан олардың ара салмағы автордың мәтіндегі көздеген мақсатына орай өзгеріп отырады. Бұдан шығатын қорытынды, кез келген мәтінді дұрыс қабылдау үшін автор (мәтінді тудырушы) мен оқырманға (интерпретациялаушыға) түсінікті аялық білімінің қажеттілігі тілдік қатынастың жасалу шарты болып табылады…[ ].
Тілші В.Я.Шабес аялық білімді мазмұнындағы ақпараттың сипатына қарай төмендегідей топтастырады:
әлеуметтік (социальные) – пікір алмасуға дейін коммуникаттардың барлығына таныс ақпарат.
жекелік (инвидуалбные)- пікір алмасуға дейін тілдесімге қатысатын екі адамға ғана таныс ақпарат.
ұжымдық (коллективные) – пікір алмасуға дейін белгілі бір әлеуметтік
топ өкілдеріне ғана таныс ақпарат[12,57].
Мәтінді түсінуге негіз болатын бұл құбылысты тіл білімінде ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап түрлі терминдермен атап жүр: В.Я.Мыркин коммуникативті мәнмәтін, румын ғалымы Т.Слам – Казаку глобальді мәнмәтін, ал Г.В.Колшанский мәнмәтіндер топшасы (сетка контекстов), И.Р.Гальперин тезаурус, З.И.Тураева пресуппозия дегенді жөн көрсе, О.С.Ахманова мен Ю.Гюббенет вертикал мәнмәтін деген терминді ұсынып: «Вертикал мәнмәтін – берілген әдеби туынды мен оның бөліктерінің тарихи – филологиялық мәнмәтіні», - деп анықтама береді. [9,11]. Бұл ұғымға шығарманың жазылған уақыты мен оның кейіпкерлері өмір сүрген кезеңнің ең қарапайым детальдарынан бастап, қоғамды елең еткізген, белгілі оқиғалар туралы оқырманға таныс ақпарат жатады.
Мәтін белгілерінің келесі бір түрі – байланыстылық пен тұтастық. Бұл мәтін белгілерінің ішіндегі ең негізгісі дей аламыз, себебі лингвистикалық зерттеу нысаны болып табылатын кез –келген мәтн ақпараттық және құрылымдық бірлікке, тұтастыққа негізделген семантика – функционалдық тұрғыда аяқталған коммуникативтік бірлік болып табылады. Мәтінің ос сипаты мәтін түзудің заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Байланыстылық пен тұтастық мәтіннің негізгі құрылымдық белгілері болып табылады да олар мәтіннің мазмұндық және құрылымдық сипатын анықтайды. Кез – келген мәтін мазұн және құрылым байланыстылығына негізделеді. Байланыстылық таза лингвистикалық категория, себебі ол тілдік құралдар арқылы жүзеге асырылады. Мәтіннің құрылымдық бөліктері белгілі бір тәртіппен орналасып, белгілі бір заңдылықтар негізінде семантикалық және грамматикалық байланысқа түседі…[ ].
Орыс тіл білімінде Н.Д.Зарубина байланыстылық түрлерін төмендегідей ажыратады:
локальді (локальная), бұл бір абзац ішіндегі тілдік құралдардың тізбекті байланысы;
глобальді (глобальная), бұл тұтас мәтіндегі тілдік құралдардың, мәтін бірліктерінің байланысын іске асырып, мәтіннің мазмұн тұтастығын қамтамасыз ететін байланыс;
жанаса (контактная) байланысу, бұл тілдік бірліктердің қатар тұрып бір – бірімен байланысы;
алшақ (дистантная) байланысу, бұл тілдік бірліктердің бір – бірінен алшақ тұрып байланысуы [14,87].
Тілшілер Л.М.Кольцова мен О.А.Лунина байланыстылықтың екі түрін көрсетеді: когезия мен когерентілік. Мұндағы когезия лат. тілінде cohaesi- «байланысу », корегентілік лат. тілінде cohaerentia – «тұтасу» деген мәнді білдіреді [15,22 ]. Мәтіннің байланыстылығы синтасистік байланыс негізінде іске асырылады. Синтаксистік байланыс дегеніміз – сөйлеу бірліктерінің өзара қатынасы. Мәтін ішіндегі фраза аралық байланыс тізбекті және параллель байланыс арқылы жүзеге асады. Тілшілер Л.М.Кольцова мен О.А.Лунинаның жоғарыда айтқан корегентілік байланысы тізбекті байланыс негізінде іске асырылады.
Кез – келген мәтін мазмұн және құрылым байланыстылығына негізделеді. Мәтіннің құрылымдық бөліктері белгілі бір тәртіппен орналасып, белгілі бір заңдылықтар негізінде семантикалық және грамматикалық байланысқа түседі. Синтаксистік байланыс дегеніміз – сөйлеу бірліктерінің өзара қатынасы. Құрылымдық – мазмұндық тұтастықты қамтамасыз ететін синтаксистік байланыстың тіл білімінде Г.Я.Солганиктің көрсетуі негізінде екі түрін білеміз: тізбекті және параллель байланыстар.
Тізбекті байланыс негізінде түзілген мәтіндегі сөйлемдер өзара іліктестік қатынаста байланысып тұрады, яғни сөйлемдер бірінен – бірі туындап, соңғысы алдыңғысына бағынып отырады. Бұл жай бірінші сөйлемнің элементі (бір мүшесі) екінші сөйлемде, екінщі сөйлемдікі – үшіншісінде, үшінші сөйлемдікі – төртіншісінде т.с.с қайталанып қолданылуы арқылы жүзеге асады. Ондай қайталанушы сөздер лексика – семантикалық категориялар арқылы немесе лексика – грамматикалық категориялар арқылы беріледі. Бұл мәтін ішіндегі байланыстылықты әрі ойдың дамуын іске асырады. Мәтіндегі тізбекті байланысқа негізделген сөйлемдер…[ ]
Бір – бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оларды жеке алып қарауға келмейді, коммуникативтік, т.б. қызметтерге басқа сөйлемдермен қарым – қатынасының нәтижесінде ғана ие болады. Мысалы. Неге екенін білмеймін, бұл қыздың дауысын құбылтпай, бірқалыпты табиғи биязылықпен өтіне айтқан сөзі маған бұйрықтан бетер әсер етті (1). Жау танкімен жекпе – жек айқасуға жауапты бұйрық берген командир сөзін тыңдағандай, екі қолымды жамбасыма жапсыра ұстап, тіп – тік бола қалдым да, «құп болады» дегендей ишара жасап, алдымен басымды изеп, одан соң еңкейе иілдім (2). Бұл арадағы екі қимылдың бірі артық: бас изеген соң иілудің қажеті жоқ еді (3). Бірақ мен сол сәтте не қажет, не қажет емес екенін біліппін бе, сірә (4). Содан соң қайтадан кеудемді керіп, бақырайып, бағжиып қызға қарап, оқтау жұтқандай тіп – тік боп серейдім де қалдым.(5). Мұным: «Мен сіздің құлыңызбын, айтқаныңызды бұлжытпай орындаймын, тағы не бұйырасыз?» дегенім сияқтанды (6). (Ә.Нұршайықов). Бұл мысалға келтіретін мәтіндегі фраза аралық байланыс - тізбекті байланыс. Талдауға жеңілдік тудыру мақсатында сөйлемдерді нөмірлейміз. Мұнда тізбекті байланыс келесідей тілдік құралдар арқылы іске асырылады:
-лексикалық қайталау (мысалымыздағы 1 мен 2 сөйлем «бұйрық» сөзінің, 3 пен 4 сөйлем «қажет» сөзінің қайталануы арқылы байланысқан);
-лексикалық бірліктердің семантикалық және ассоциациялық сәйкестігі негізінде (2 мен 3 сөйлем «бас ию» «еңкею» сөздері және «екі», «қимыл» сөздерінің, 4 пен 5 сөйлемдер «сол сәтте» және «содан соң» тіркестерінің семантикалық сәкестігі негізінде)
-есімдіктер арқылы (5 пен 6 сөйлемдер «мұным» сілтеу есімдігі негізінде) т.б.тілдік құралдар арқылы іске асырылады.
Мәтін ішіндегі құрылым тұтастығын қамтамасыз ететін келесі бір байланыс – когезиялық байланыс, ол параллель байланыс арқылы іске асырылады. Мысалы: Үй іші күзектің суық күндеріне бейімделіп жиналған (1). Биік төсек, жүкаяқтар жоқ (2). Мол жастық, қалың көрпелі жертөсек пен айнала тұтқан қалың текемет, түскиіз, кілемдер бар (3). Төр жақта, сырмақ үстіне салынған арқар терісі, жүні ұзын сеңсең бөстектер жатыр (4). Іргеден жел соқпастай етіп қымталып, шымқалған жылы жайдың қонақ отыратын орындары да сыз өткізбес қалың (5). Маздап жанған қидың оты, қызуын үлкен үйге кең жайып, даланың салқынын бұл мекенге кіргізбей тұр (6) …[ ]
Бұл - өзара тепе – тең дәрежеде байланысқан, параллельді байланыс негізіндегі алты жай сөйлемнен тұратын мәтін. Мәтіннің құрылымдық және мағыналық тұтастығын қамтамасыз ететін бөліктер: мәтіннің алғашқы бөлігі, негізгі бөлігі, соңғы бөлігі. Келтірілген мәтіндегі алғашқы сөйлем мәтіннің басқы бөлігінің қызметін атқарып (зачин), кейінгі айтылатын ойдың қысқаша мазмұнынөзіне жинақтап тұрады да ой түзуге негіз болады. Мәтіннің бастапқы бөлігі жаңа микротақырыпты тудыруға негіз болады. Одан кейін орналасқан сөйлемдер оған тәуелді болады. Одан кейін орналасқан сөйлемдер оған тәуелді болады. Одан кейін орналасқан сөйлемдер оған тәуелді болады. Мәтіннің алғашқы бөлігі бір сөйлемнен де бірнеше сөйлемнен де құралуы мүмкін. Мәтіннің алғашқы бөлігінің негізгі белгілерін орыс тіл білімінде Л.М.Лосева көрсетеді:
мәтіннің алғашқы бөлігіндегі сөйлемдерде семантикасы бұған дейінгі мәтінге тәуелді, мағынасы сол мәтін бөлігінде айқындалатын сөздердің болмауы;
олар кез – келген құрылымдық типтегі толымды сөйлемдер.
мәтіннің алғашқы бөлігіндегі бірінші сөйлем өзіне дейінгі мәтіннің қорытынды бөлігіне барынша тәуелсіз болуы;
мағыналық жағынан бірінші сөйлем жаңа микротақырыпты баяндауға негіз болады [16.94]
Мәтіннің құрылымдық және мағыналық тұтастығын қамтамасыз ететін бөліктер ретінде мәтіннің алғашқы бөлігінен кейін негізгі бөлігі туындайды. Мұнда алғашқы сөйлемде берілген микротақырыптың дамуы жүзеге асырылады. Әрі мәтіннің алғашқы бөлігіне тәуелділігімен айқындалады да есімдіктер, қайталаулар, синонимдер, үстеулер т.б.тілдік құралдар арқылы байланысып, көлемі жағынан мәтіннің алғашқы бөлігінен үлкен бролады, себебі мәтіннің бұл бөлігінде мазмұндық – тақырыптық
Ақпараттың ауқымды бөлігі беріледі. Мәтінді соңғы бөлік аяқтап тұрады. Мұнда берілген мәтін мазмұны жалпыланып, ақпарат қорытындыланады. Соңғы бөліктегі сөйлемнің құрылымы бұған дейінгі бөліктердегі сөйлем құрылымдарынан өзгешелігімен ерекшеленеді. Мұнда қыстырма сөздер, ыңғайластық жалғаулықтар қолданылып, кейде мәтіндегі модальділік пен шақтық форма да өзгеруі мүмкін. Енді жоғарыда келтірілген мысалды осы мәтін бөліктеріне сәйкес талдайық.
Мәтіннің алғашқы бөлігі: Үй ішікүзектің суық күндеріне бейімделіп жиналған. Мұндағы тірек сөз «үй іші». Ол мәтіннің микротақырыбын анықтап тұр. Осы тірек сөздің өзі мәтіннің кейінгі бөлігінің мазмұнын алдын ала болжауға жағдай жасайды. …[ ]
Мәтіннің негізгі бөлігі: мол жастық, қалың көрпелі жертөсек пен айнала тұтқан қалың текемет, түскиіз, кілемждер бар. Төр жақта, сырмақ үстіне салынған арқар терісі, жүні ұзын сеңсең бөстектер жатыр. Іргеден жел соқпастай етіп қымталып, шымқалған жылы жайдың қонақотыратын орындары да сыз өткізбес қалың. Мұнда алғашқы бөлімдегі «үй іші» тірек сөзіне семантикалық жағынан байланысты, мазмұндық жағынан тәуелді жастық, көрпелі жертөсек, текемет, қонақ отыратын орын сияқты тілдік бірліктердің берілуі тірек сөзді мазмұн жағынан кеңейтіп тұр.
Мәтіннің соңғы бөлігі: Маздап жанған қидың оты, қызуын үлкен үйге кең жайып, даланың салқынын бұл мекенге кіргізбей тұр. Бұл сөйлем мағыналық жағынан алғашқы сөйлеммен байланысты болады. Салыстырыңыз: Үй іші күзектің суық күндеріне бейімделіп жиналған. Маздап жанған қидың оты, қызуын үлкен үйге кең жайып, даланың салқынын бұл мекенге кіргізбей тұр. Бұдан шығатын қорытынды мәтін бөліктері өзара семантикалық бірлікте, тұтастықта болады.
Мәтін бөліктерін құрайтын сөйлемдердің синтаксистік байланыстылығына келсек, сөйлемдері өзара тең дәрежеде, бірдей грамматикалық формада байланысады, келтірілген мысалдағы сөйлемдердің баяндауышы бірдей жақ (ІІІ жақ), бірдей шақ (осы шақ) түрінде байланысқан. Бұл сөйлемдердің бәрі басқы бөлікте, яғни алғашқы сөйлемде айтылғанды нақтылап, дәлелдеп, әрі қарай кеңірек түсіндіріп тұр. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің жалпылауыш сөзге қатысы сияқты, параллельді байланысқа негізделген мәтінді құраушы сөйлемдердің бәрі басқы бөлікке бірдей, тең дәреже қатысты болып келеді. Мысалы, осы келтірілген үзіндідегі әрбір жай сөйлемді басқы бөліктен, яғни алғашқы сөйлемнен кейін әрқайсысын лингвистикалық мәнмәтінінен ажыратып, жеке – жеке айтатын болсақ, мәтіндегі ой тұтастығы бұзылып, оқырманға мәтіндегі ақпарат толық жетпей, оны қабылдауына қиындық туар еді. Ал осы байланыс желісін үзбей толық ақталған ойға негізделген мәтінді тұтас алсақ, мәтін түзушінің айтайын деген ойын қабылдаушының толық түсінуіне жағдай жасаймыз. әрі мәтінің соңғы сөйлемі осы ой тұтастығын қорытындылап, ақпараттың қорытушы бөлігі болып табылады. Сонда мәтінің әрбәр бөлігі өзара тығыз байланыста болып, құрылым тұтастығын қамтамасыз етеді…[ ].
Сонымен, параллель байланыс негізіне құрылған мәтіндерде сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің параллельдігі негізгі рөл атқаратынын жоғарыдағы мысалдан көрдік. Мұнда да алғашқы сөйлем мағыналық және құрылымдық жағынан ұйымдастырушылық рөл атқарып тұрады. Ол болмаса, кейінгі сөйлемдер арасындағы байланыс жоғалып, мәтінде тұтастық болмас еді.
Тізбекті және параллель синтаксистік байланыстар мәтін ішіндегі локальді байланысты іске асырады.
Глобальді байланыс – мәтіннің мазмұн тұтастығын қамтамасыз ететін байланыс түрі. Тілші ғалым Леонтьев: «Кез-келген оқырман мәтінді қабылдаған кезде бірінші оның семантикалық жағына, яғни мазмұнынга назар аударады да кейін осы мазмұнды жеткізуші синтаксистік құрылымға көңіл бөледі, яғни мәтін синтаксисінде симантикалық аспект құрылымдыққа қарағанда бірінші қабылданады деп тұжырымдауға болады», - дейді. Ал осы мәтін мазмұнының семантикалық бірлігін қамтамасыз ететін және оның бөліктерін тақырыптық және концептуальдық тұрғыда біріктіретін осы глобальді байланыс мәтін ішіндегі тірек сөздер арқылы іске асырылады.
Мәтін лингвистикасына арналған әдебиеттерде мәтін мазмұнының семантимкалық бірлігін қамтамасыз ететін сөздерді түрлі терминдермен атап жүр: ключевые слова, смысловые вехи, топики, дескрипторы, ядра, фокальные точки…[ ]
Мәтін мазмұнында тірек сөздер семантикалық тұрғыда доминат атаулар ретінде айналасында біртұтас мағыналық мәнмәтін тудырады да коммуникативтік жағдаятқа қатысты басқа сөздермен байланысады. Мәтіндегі тірек сөздер мәтіннің семантикалық өрісін тудырады. [17,31]. Олар мәтіннің мағыналық лейтмотиві болып табылады, себебі тірек сөздер мәтін тақырыбымен байланысты болады да мағыналық орталық ретінде міндетті түрде мәтіннің басты бөлігінде болады. әрі осы сөз мәтіннің микротақырыбын ашатын кейінгі бөліктеріндегі басқа сөздерді семантикалық жағынан ұйымдастырып тұрады. Тірек сөздер мәтіннің семантикалық маңызды элементтері ретінде белгілі бір образды жасауда, ақпаратты баяндауда маңызды қызмет атқарады. Осы сөздердің қатысуы арқылы көркем шығарманың мазмұны ғана беріліп қоймайды, сонымен қатар авторлық стиллистикада көрініс табады. Тірек сөзге негізгі белгілерге олардың міндетті түрде көпмағыналы болуы, семантикалық құрылымының күрделілігі, мәтін ішінде басқа сөздермен сөзжасамдық, парадигмалық және синтагмалық байланыста болуы сияқты сипаттарын атауға болады…[ ].
В.А.Лукиннің пікірінше тірек сөздердің негізгі белгісі – олардың мәтін ішіндегі атқарар функционалдық қызметі. Тірек сөдер басқа тілдік таңбалармен қатар қабылдаушының мәтінді түсінуіне жағдай жасайды, қабылдау үрдісінде өзінің семантикалық ерекшелігіне қарай бұл сөздердің рөлі басым болады. Тірек сөздердің өзіне тән белгілерін төмендегідей көрсетуге болады:
1 тірек сөз мәтін мазмұнымен танысып, мәтін мағынасын болжағанда ғана белгілі болады;
2 тірек сөз мәтін ішінде (бөліктерінде) бірнеше рет қайталанып берілуі мүмкін;
3 тірек сөз берілген мәнмәтінде ғана мағыналық және ақпараттық қызметі басым сөз болады;
4 тірек сөз оқырманның мәтін мазмұнын түсінуіне, интерпретациялауға қатысады;
5 тірек сөз белгілі бір формадағы тілдік бірлік арқылы беріледі [5,183-187].
Мәтіндегі сөйлемдер синтаксистік байланыстармен қатар логикалық және интонациялық байланыстар арқылы да іске асырылады. С.А.Васильев мәтін ішіндегі байланыстың төрт түрін: синтаксистік, лексика – семантикалық, интонациялық және логикалық деп көрсетеді…
[ ].
Жоғарыда сөз болған тізбекті және параллель байланыстар синтаксистік және лексика – семантикалық байланыстарлы жүзеге асыратынын келтірілген мысалдар негізінде байқадық. Ал интонациялық байланыс синтаксистік бірліктерді байланыстырудың бір түрі ретінде, синтаксистік бірліктердің интонациямен ара қатынасы туралы мәселе тілшілерді бұрыннан қызықтырған еді. Осы мәселеге қатысты фонетистер мен синтаксистердің көзқарастары әр түрлі. Интонацияны синтаксистер дыбысталған мәтіндегі синтаксистік бірлікті көрсетудің бір тәсілі ретінде қарастырады. Сондықтан интонацияға деген қызығушылық алғаш рет А.А.Шахматов пен А.М.Пешковскийдің еңбектерінде синтаксисте сөйлеу тілін зерттеу мен пайда болы. А.М.Пешковскийдің ойынша, синтаксис пен фразалық интонация арасындағы қатынас өте күрделі, ол күрделілік фразалы – интонациялық құбылыстың өзіне ғана тән ерекшелігіне байланысты түсіндіріледі. Бүгінде интонацияны жалпы тілдік құбылыс емес, жеке құбылыс ретіндегі дыбысталған сөйлеу әрекетінде ғана қарастыруға болады деген пікір де қалыптасқан. Бұл ұстанымды қолдаушылар интонацияның эмоциялық – экспрессивтік, синтаксистік, стильдік мағына ажыратқыштық және түрлі тілдік бірліктерді байланыстыру қасиетін негізге алады. Интонациялық байланыс негізінен ауызша жасалған қарым – қатынасқа тән.
Мәтін ішіндегі логикалық байланыс мәтін ішіндегі логикалықты тудырып, «үш логиканың» өзара қарым – қатынасы негізінде іске асады. Олар болмыс логикасы, ойлау логикасы, сөйлеу логикасы. Мәтіндегі логикалық байланыс материалды белгілі бір реттілікке негіздеп баяндау, ойды дәлелдеуге деректердің нақты әрі жеткілікті болуы, сондай – ақ баяндалатын болмыс нысандары мен олардың өзара қатынастары мен байланыстылығының сақталуы (жалпы мен жалқылық, себеп және салдарлық, ұқсастық пен өзгешелік, тұрпат пен мазмұн, салаластық пен сабақтастық) арқылы айқындалады. Көркем мәтінде көркем логика көрініс табады. Логикалық тұрғыда мәтінді заттық – логикалық құрылымды (объективтік логика, деректі логика), образды – ассоциативті құрылымды (субъективтік логика, деректі қабылдау, тану логикасы) деп қарастырамыз [18,15].
Заттық – логикалық құрылымды мәтіндер көркем шығармаларда кездеспейді, себебі мұндай құрылым көркем шығарма табиғатына жат, мындай құрылым ғылыми, ресми мәтіндерге тән. Ал образды – ассоциативті құрылымды мәтін көркем мәтінде туындайды да бағалаудың ерекше критерилеріне негізделеді. Мысалы, Махамбет Өтемісұлының «Жәңгір ханға айтқаны» ерекше логикаға негізделген: ассоциациялардың қарама –қайшылығы, метафорлық қолданыстарды дұрыс түсіну, авторлық субъективтілік бәрі жинақталып логикалық байланыстылықты түзеді.
Мәтін табиғатына тән келесі бір белгі – бөлшектену.
Ғылыми зерттеулерде мәтін бірліктерді шығарманың өсіңкілік қасиетіне сүйене отырып, бірнеше деңгейлерге бөлініп көрсетіледі: Сөйлем – КСТ – Үзінді – Тарау - Бөлім – Шығарма (аяқталған тұтас шығарма) [19.32]. Қазақ тілінің мәтін құраушы құралдарын зерттеген С.С.Мұстафинаның ойынша, фразадан жоғары тұтастық - әрі синтагматикалық, әрі функционалды ұғым, оған байланыстылық, тұтастық тән. Оның құрылымдық тұтастығы анафоралық қайталаулардан және есімдіктерден, етістіктердің шақтық тұлғаларынан, жалғаулықтардан т.б.көрінеді. Ал байланыстылығы мазмұнның мағыналық бір тұйық тұтастыққа бірігуінен көрінетінін айтады [20,24]. Мәтіннің бөлшектенуі автордың ойын оқырманның саналы түрде қабылдауына, оны меңгеру амалдарын жеңілдету мақсатына сай құрылуы болып табылады да ол графикалық жолмен, абзац арқылы іске асады. «Абзац» термині екі түрлі мағынада қолданылады:
жол басында оңға қарай жылжу (азат жол).
жазба не баспа түрдегі мәтіннің бір азат жолынан екінші азат жолына дейінгі бөлігі.
Мәтін ішіндегі абзацтар мәселесі ғалымдар арасында әлі де бірізді көзқарасқа, анықтамаға ие болмай келеді. Лингвисттер абзацты мәтін бірлігі ретінде не композиялық, не логикалық, не семантикалық бірлікке жатқызып жүр…[ ].
Сөйлемдерді аса ірі мәтін бірліктеріне жинақтайтын белгілердің сызбалық, синтаксистік және семантика- синтаксистік түрлерін айрықша атап кетуге болады. Қазіргі кезде осы аталғандардың ішінен зертеу әдңстері семантика – синтаксистік бағыт ең жиі қолданыс тауып жүр. Сөйлемдер тізбегін бұл әдіспен жинақтау (бөлшектеу) – «күрделі синтаксистік тұтастық», «фразадан жоғары бірлік», «прозалық (прозаическая) строфа» және т.б.ұғымдар арқылы аталып жүр. Мұндай ұғымдардың 20- дан астам анықтамалары бар деуге болады. Олардың барлығынында сөйлемдерді топтауға, жинақтауға қоятын талаптары ұқсас, яғни мәтіннің мұндай бөлігіндегі сөйлемдер арасында мағыналық және синтаксистік байланыстың болуы. Бірақ мұндай анықтамаларда мәтінді бөлшектеудің формальды жақтары әрқилы түсіндіріледі. Мысалы, кейбір авторлар үшін «күрделі синтаксистік тұтастық» абзацпен сәйкес келетін болса, басқаларында ол не абзайтан кіші немесе бірнеше абзацтарды біріктіріп қарастырумен парапар болады.
Алайда психологтардың тәжірбиелеріне сүйенсек, мәтінді формалды бөлшектеу негізінде оның сыртқы белгісінен гөрі, мән – мағыналық мазмұны көбірек орын алады. Жазушының шығармашылық ой дамыту процесінде мәтіннің әр бөлігі өзінше бөлек немесе шарты жақындықтағы мазмұндық тұтастыққа ие болады.
Мәтінді абзацтарға бөлу, ең алдымен, мәтін мазмұнын жақсы меңгеруге және есте сақтауға ықпал етеді. Екіншіден, абзац бөліктері ойдың логикалық бірлігін, тұрақтылығы мен түйіндеу қалпын сақтайды. [3,29-33].
Сонымен «абзац» дегеніміз, шындығында, сөйлеу тәжірбиемізде бар ақиқат мәтін бірлігі. Оны жазушының өз ойын оқырманға оңай қабылдау мен дұрыс меңгеруді жеңілдететін әрекеті деуге болады. Мұндай бірлік – ойлау нәтижесінің неше түрлі тарамдарын өзара байланыста ұстайтын тұтастық сипаттағы жағдаяттың көрінісі. Адам баласының ойлау қабілетін тіл мен ойдың өзара байланыстылығы тұрғысынан қарастырсақ, оны танымдық және коммуникативтік деп екіге ажыратуға болады. Ойлаудың коммуникативтік түрі деп отырғанымыз адамның өзі үшін танылған белгілі ақпаратты басқалар үшін қайта өңдеу, яғни белгілі бір білімді тілдік қарым – қатынас ыңғайына қарай өзгерту деп түсінуге болады.
Мәтінді туындату кезінде ойлаудың осы аталған коммуникативтік түрі орын алатынын ескерсек, онда абзац мазмұнын ашуда да ойлаудың осы түріне сүйенуіміз керек.
Қарым –қатынас кезінде В.А.Звегинцевше айтсақ «... мы обмениваемся не словами и их значениями, а мыслями, используя слова» [23,168], яғни адамдар арасындағы тілдік қарым – қатынас қызметіндегі психикалық жағдай үзігінің санада бейнеленуінің бастамасын да «ой» деуге болады. Бірақ ойды нақтылау нәтижесі бір ғана сөйлем түрінде бола бермейді. Сөйлеу әрекеті бір – біріне тәуелді болып келетін бірнеше синсематикалық сөйлемдерден тұрады. Сондықтан мәтін бойындағы «ой» жай хабарламалардың жиынтығын құрап, іріленген пішіндегі күрделі бірлік ретінде психикалық жағдай үзіктерінің қосындысының аса қомақты хабарын таратады.
Әдебиеттерде осындай бір немесе бірнеше «ой» қосылысының ішіндегі ең азын (минимумын) «микротақырып» (микротема) деп атап жүр. Микротақырыптағы бірнеше ойлар денотаттың заттық қасиеттеріне (мезгілдік, функционалдық, кеңістіктік және т.б.) сай, өзара байланыста тұруы керек. Сонда ғана, барлық мәтіннің тақырыбы, аталған қатынастарда тұратын бірнеше микротақырыптардың біріккен сипаты бола алады. Әрине, ол қатынастар барлық микротақырыптарға тән денотаттардың заттық қасиеттеріне сәйкес келуі керек. Осындай жағдайда кез – келген шығарманың композициялық құрылымын белгілі бір абзацтар жүйесі деп қарастыруға болады.
- мазмұн мүшелері ретінде анықталады. «Шығарманың тақырыбынан басқасы мазмұны болады. Мазмұнның үш мүшесі болады: 1. Аңдату. 2. Мазмұндау. 3.Қорыту. ... Аңдату мүшесі шығармаларда керегіне қарай болады. Мазмұндауда ой тиегін ағытқан сияқты айтайын деген пікірдің бәрі айтылады. Мазмұндау – шығарманың мазмұн мүшесінің ең зоры, онсыз шығарманың мазмұны болмайды. Мазмұнның қорытуында мазмұндауда айтылған пікірдің қорытылып, маңызы шығарылады. Қорыту мүше де мазмұн біткеннің бәрінде бола бермейді, бұ да керегіне қарай болатын мүше» [1,13]. Ғалымның осы тұжырымдарын негізге ала отырып, композициялық – сөйлеу формаларын мәтін құраушы құрылымдық бірліктер ретінде қарастыруымызға болады.
Мәтіннің қай түрінде болсын оның алғашқы бөлігі баяндалатын тақырып туралы жалпы ақпаратты жеткізіп, кейінгі бөліктердің мазмұндық ұйымдасуына негіз болады. Аңдату бөлігі автор және оқырман үшін сюжеттің одан әрі дамуына бағыт – бағдар беруінде: Құдайберген аттан түсіп, түн қараңғылығында қос тізесін құшақтап отырып қалды. Жирен иесінің иығын түрткілейді. Батыр ендігі тірлікте жапа- жалғыз сопиып қалғанын түсінді. Жалғыз... қалды... (Р.Сейсенбаев). Мысалда аңдату бөлігі кейінгі мазмұндау бөлігі үшін қызмет етіп тұр. Кейіпкердің нқты оқиға жағдайындағы әрекеті кейінгі сөйлемдерді түсіндіріп, толықтырып, мағынасы мен әсерлілігін күшейтіп тұр. Оған кейіпкердің нақты оқиға жағдайындағы әрекеті негіз болған. Баяндау мәтіндерінің аңдату бөлігі мен мазмұндау бөлігі бір – бірімен анықтау, себеп – салдарлық және қарама – қарсы қою қатынастарында ұйымдасады. Мәтін түрін анықтауда мазмұндау бөліктері шешуші рөл атқарады. Аңдату бөлігі кейінгі мазмұндау бөлігінде баяндалатын оқиға жағдайындағы табиғатты, мекенді, оқиғаның, әрекеттің басталу мезгілін, сипатын меңзеп тұрады: Бұлақтың қыр жақ бетіне тіккен бүлдіршіндей ақ отаудың түрілуі іргесінен құлын құйрық майда леп соқты. Төрехан иығындағы түйе жүн шекпенді сырып тастап бешпентшең қалды. Сонан соң, кәрлен кесені бәкене сары солдатқа дөңгелетіп жіберді (А.Сүлейменов). Биік құздын жапсарында жабыса тігілген жалғыз қазақ үй, дәл үстінен түспесен көзге оңайлықпен іліне қоймайды. Құдайберген үйдің күншығыс жақ бетінен шықты. Үй алдына қараңдаған төбет жақындап қалған аттылыны көріп, абалап үре түргеліп еді, жүгірге жоқ абалауын да лезде қойды. (Р.Сейсенбаев). Осы кезде сырттан дабыр – дүбір естіліп қалды. Қарағұл маған, мен Қарағұлға қарадым …[ ]
Әртүрлі мәтін абзацтарын арнайы зерттеу нәтижесінде, олардағы сөйлемдердің бір абзац құрамына енбейтін сөйлемдермен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктерін байқауға болады. Олар мыналар:
бір абзацқа енетін сөйлемдер бір немесе бірнеше өзара байланыста тұратын микротақырыпты баяндайды, яғни абзацтың өн бойындағы сөздердің денотативті және коннотативті мағыналарының ортақ компоненттері болуы керек;
абзац құрамындағы сөйлемдер арнайы лексикалық құралдар арқылы өзара байланыста болуы керек;
абзац құрамындағы сөйлемдердің әлеуметтік тұрғыда қалыптасқан логиканы сәулелендіретін белгілі бір синтаксистік байланысы болуы қажет.
Абзац табиғатын саралау барысында Нечева абзацты фразадан жоғары бірлік, күрделі синтаксистік бірлік ретінде қарастыратынын байқадық: «Сөйлеу қызметіндегі адамның ойлау процесіне тән қасиет – ақиқат шындық құбылыстар арасындағы объективті түрде пайда болатын қатынастарды белгілейді. Тілде мұндай жағдай «фразадан жоғары бірлік» деңгейінде пайда болатын сөйлеудің айырықша функционалды – мағыналық типтері негізінде іске асады. Олардың ең бастыларына жататындар: суреттеу, баяндау және пайымдау типтер.» [24,197]. Сонымен, мәтін «абзацы» орнына «фразадан жоғары бірлік» деп аталатын мәтін бөлігін алуға болады екен.
Сөйлеу әрекетінің функционалды-мағыналық түрін жоғарыда келтірілген үш түрін (суреттеу,баяндау және пайымдау)әрі қарай талдай түссек,мәтін абзацтарын тағы да былай қарастыруға болады:
1) хабарлау абзацтары;
2) сұрақ мәнді абзацтар;
3) ниет ойды білдіретін абзацтар;
4) сипаттау абзацтары;
5) аралас типті абзацтар…[ ].
Құрылымдық тұрғыда қарастырғанда абзацтардың лексикалық жағынан толыға түсуі,синтаксистік және грамматикалық жағынан түрлене түсуі олардың жалпы құрылымындағы орнына да байланысты болады.Осыған орай кіріспе (бастапқы), ішкі және қорытынды абзацтар болып саналады. Кейбір зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, абзац құрылымында кездесетін «әлсіз жерлер» де аз емес. Осыған дәлел ретінде Москальскаяның пікірін келтіруге болады:
-мәтінді абзацтарға бөлуде автордың субъективті ұстанымы негіз болады;
-абзацтарды тілдік бірлік ретінде санаудың қиындығы, яғни олардың тұрақты құрылымдық модельдік сипатқа ие болмауы,
-абзацтардың бәрі бірдей аяқталған ойды білдіре бермеуі,
-абзай көлемінің тұрақсыздығы (бір сөйлемнен бастап, бірнеше бетке дейін өсуі [25,31-32].
Ал ғалым Чан Нгок Тхем «Абзац как грамматика- семантическая сущность» мақаласында абзацтың «әлсіз жерлерін» қабылдаудан бас тартып, мәртебесін «тілдік бірлік» дәрежесіне дейін көтереді: «Абзац как грамматико- семантическая сущность должен признан единицей языка в противопоставлении конкретному абзацу как проявлению речи»[26,118-123-с].
Айтылғандарды қорытындылатын болсақ, біз мәтін құрылымының абзацтарға бөліну себептерін;
Біріншіден, жаңа мазмұндағы ақпарат берілуі;
Екіншіден, тұтас мәтінге қатысты маңыздылық деңгейі;
Үшіншіден, логикалық сәйкескессіздіктен жаңа ақпаратты бұл бөлікте жеткізу мүмкіндігінің болмауы деп ойлаймыз. Әрі біздің пайымдауымызша, абзац композициялық-құрылымдық бірлік, ал фразадан жоғары тұтастық, күрделі синтаксистік бірлік тілдік бірлік болып табылады.