Автор көркемдік мақсатта дамытуды да шебер қолданады. Дамыту (градация)- алдыңғы сөзден соңғы сөздің, алдыңғы ой-пікірден кейінгі лебіздің, әдепкі құбылыстан екінші құбылыстың екпін қуатының күшейіп, өсіп отыруы. Бұл көркемдік тәсіл құрылыс, жүйесі ұқсас бірыңғай сөйлемдердің іріктеліп шығуына, ой-пікірдің өткір, әсерлі айтылуына әрі мағыналық өрістің кеңеюіне кең еріс ашады [39, 116].Шығармада автор градацияны адамның психологиялық жағдайын суреттеу үшін қолданады. Мысалы, Мен өзімді бір бүйірден көргенім жоқ, айнаға да қарағаным жоқ, бірақ кескінімнің қандай болғаны көз алдыма ап-анық елестейді: сірә, қара жауынның астында қалған панасыз балапандай болсам керек.... бейне бір терең суда малтығып жүрген адам сияқтымын─ жағалаудан алыс кетіп, жерге табаным тимеген соң, жармасқан жалғыз талымнан, қолым қарысқанша ұысып алып, айрылмаймын.Бұл жай тіртіпсіздік емес, тура зиянкестік, ...қылмыс. …[ ]
Келтірілген тілдік дерек негізінде Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасындағы көркемдеуіш құралдар шығарманың оқиғасын баяндауда оқырманға ісер ету, оқиғаны шынайы жеткізу, сюжетті дамыту, мәтін түзу сияқты мақсатында молынан қолданылып, шығармада белгілі бір авторлық ұстанымға сәйкес пайдаланылғанын көреміз.
Көркем мәтін басқа мәтін түрлеріне қарағанда көркемділігі, қолданылған тілдік бірліктердің экспрессивті-эмоциялық реңкі, шындықты баяндау түрі негізінде ерекшеленеді. Көркем мәтіндерде композициялық сөйлеу түрлерінің бәрі қолданылады.
Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасында кейіпкердің ішкі ойын немесе кейіпкерді сөйлетудің бір тәсілі ретінде монологтық сөйлеу түрі қолданылады. Монологтық сөйлеу түрлері ─ қарапайым, дәстүрлі монолог, тап осы кезеңде өзінің сапалық өсу сатысын бастан кешірді. Ол енді тек көркем шығармадағы кейіпкерді сөйлету, оның ішкі ойын жүйелі түрде айтып шығу секілді қарапайымдылықтан біржола қол үзіп кетпесе де бөлектеніп, дербес тәсілге, яғни ішкі монологқа айналды.
Бір ғана адамдың ішкі көңіл-күйін білдіретін және кейіпкерді сөйлету тәсілі болып табылатын ішкі монолог көбіне көркем шығармаларда дәстүрлі, қарапайым монологтың қызметін атқарады.
Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасында ішкі монологтың жүйелілік сипаты сақтала бермейді. Монолог түріндегі жүйелі сөзден ішкі монологтың айырмашылығы да осында, яғни бір ойды бір ой тірсектеп, логикалық байланысы үзіліп, қайта оралып, қайта жалғасып, көп жағдайда сезім құбылысының тұтастығы саналы түрде сақталмайды. Сондықтанда кейіпкердің ішкі сезімін, ішкі толғанысын ішкі монолог түзілімдері арқылы талдау бүгінгі күннің басты мәселесі.
Жалпы ішкі монолог тәсілі - әлем әдебиеті мен фольклорында кеңінен дамыған, дәстүрі бай, әдебиеттің қай жанрында да атқарар көркемдік қызметі зор, дербес бейнелеу құралы. …[ ].
Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасында ішкі монологтың кейіпкердің ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысында беріледі, автор өзі тікелей оқиғаға, әрекетке талдау жасап, ой түйіндеп отырады.
Кез келген көркем шығарманың тілінде оқиғаны көркем баяндаудың таптырмас амалы ретінде троптар мен фигуралар кеңінен қолданылады.
Заттар мен құбылыстардың алуан түрлі өзгеріс-күйлері, қимыл қозғалыстары, реңктері болады. Троп солардың бәрін біршама дәл бейнелеуге қызмет етеді. …[ ].
Троп сөздің нәзік иірімінің күш-қуатын ажарландырып, эмоционалды-экспрессивті мәнін бейнелі жеткізеді. Сөз бір мезгілде тура және астарлы мағынада қолданылады, бұлардың бір-бірімен байланысының өзі заттар мен құбылыстардың ұқсастығына қатысты келеді. Тілде троп түрлері өте көп, ол екі нәрсенің, не құбылыстың бір-бірімен сабақтастығы мен арақатынасын ашу негізінде жасалады (метонимия, синекдоха), не сипатталатын құбылыстың белгілерін екінші бір құбылыс ерекшеліктеріне ұқсату, ауыстыру тәсілі негізінде туындайды (метафора, теңеу), сондай-ақ троп бір нәрсені үлкейту не кішірейту, не сықақтау яки қарсы мағынада сипаттаумен, әсірелеу сарынымен де шендеседі (гипербола, литота, кейіптеу,ирония). Көркем мәтінде троптың бірнеше түрі бір мезгілде қатар қолданыла береді.
Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасындағы троптарға жеке-жеке тоқталайық. Көркем мәтінде ойды бейнелі әрі әсерлі жеткізудің әмбебап амалы-метафора.
Ойды әсерлі жеткізу мақсатында метафора қолданылады: «Бүкіл бойжеткендердің ішінде жалғыз жүлдені өзім алғандай болдым Метафораның теңеумен ара қатынасын да білу қажет. Метафора бір ұғымның орнына екінші ұғымды қолдануды қаласа, теңеуде бір зат пен екінші заттың ұқсас жайлары алынады: «Люся мен Боря қалың жүктің арасынан Шурикті іздеп таба алмай жүреді, осы кезде құдды қуыршақ сияқты көзі дөп-дөңгелек, беті томпиған төрт жасар қыз: -Ол мында! Мында. Мен көрдім,-деп айқай салды». Осындағы құдды қуыршақ сияқты деген теңеу күрделі, аналитикалық тәсіл арқылы жасалған.…[ ].
Шығарма тілінде кейіпкерді сипаттау және сюжетті өрбіту үшін троптардың ішінде метафора кеңінен қолданылады. Авторлық қолданыста метафора белгілі бір болмыс шындығын бейнелі де әсерлі жеткізу мақсатында пайдаланылады да, біздің зерттеу нысаны болып отырған көркем шығармада бірнеше мақсатта қолданылады:
метафораны кейіпкердің мінезін ашуда шебер қолданады әрі оны жеңіл, жарасымды әзілмен жеткізеді. Мысалы, Қамқа әжемнің қолы да сөзі де жұмсақ-жаныма жағып барады, тағы да ұялмай, қысылмай жылағым келеді; Прыс... мына бір шәукілдегі қайдан шықты. Кет білай есіктен. Бүрісіп қалған көн тулақ.Елизавета Сергеевна тағы бір қоңыздыжұтып қойды…[ ].
кейіпкердің белгілі бір жағдайдағы іс-әрекетінін бағалау үшін қолданады. Метафоралар эмоционалды-экспрессиылық мағынаны жеткізу құралы ретінде ұтымды қолданды: Қамқа әжемнің сырты қанша салқын болғанмен оның ішінде термосқа құйған астай суымайтын бір ыстығы барын сәби кезімнен сезсем керек; Жас адамның алғашқы махаббаты қатты болады ғой, мен де сол жігітке қатты құладым…[ ].
сюжетті дамыту үшін мәтінтүзу амалы ретінде қолданылады: Аспанда ажал ұшып өтті;Бұлар өз елі - қара орманыныңортасында;Байқаймын ішіңде жатқан бір сыр сандығың бар. …[ ].
Троптардың келесі бір түрі- метонимия. Оны автор әр түрлі мақсатта қолданады:
1) кейіпкердің белгілі бір жағдайдағы психологиялық күйін, жан күйзелісін жеткізу үшін әрі аз сөзбен көп мағына жеткізіу мақсатында қолданады. Мысалы, Өңінде, өңінде ғана емес-ау, бүкіл тереңінде арылмас бір күйзеліс тепсінеді. Сірә шегінің қырындысын түгел ақтарып, өзін-өзі шабақтап алмай тоқтайтын түрі жоқ…[ ].
аз сөзбен көп мағына жеткізу мақсатында қолданады: Осы ажалдың ұясынан сытылып шыққанымызға іштей жеңілдік сезінем. ойнақы юмор тудыру мақсатында пайдаланады: Дәу апаңды мінгізіңдер! Жіберіңдер вагонға. Немістерге осынша ет пен майды қалай қиып тастап кетесіңдер …[ ].
Кекесін тудыру мақсатында: Арғы жақтан келгендер буынып-түйініп кетіп жатқан көрінеді. Өздері ашып-арып жүргенде үй иесі.
Троптардың келесі бір түрі-синедоха.
1) аз сөзбен көп мағына жеткізіу мақсатында қолданады: Далада, кейде бір жердің тасасы болмаса, төрт аяқтығатығыларжері жоқ, екі аяқты үйге тығылды.Кішкентай,жүзі күлімдеп тұратын тәмпіш тентек мұрын балалар кейіген сайын мәз болады. Вагон түйгіштеп, ақыры айдап шықты, қызыл фурашка домалап жерге түсті. 2) кейіпкердің белгілі бір жағдайдағы психологиялық күйін, жан күйзелісін жеткізу үшін қолданады. Мысалы, Көңілінде күпсініп баратқан қуанышы мен мақтанышын тыңдайтын құлақ табылғанына мәз. Қарсы алдымда соғыс басталғалы үрейімізді алған жасыл миндир отыр …[ ].
Автор шығармасында троптың тағы бір түрі кейіптеуді қолданады. Мысалы, Шұбалта созып, шыңғырып айқайлаған паровоз екен. Шығарма тілінде суреттеліп отырған оқиғаны және дәуірді шынайы суреттеу барысында көптеген варваризмдер қолданған. Мысалы, «Біз үлкен селоның шетінен оқшау салынған особнякта тұрамыз. Бұл өзі заманында бір мықты байдың үйі болу керек — еңсесі биік, екі қанатын кең жайған келісті үй. Ауласының шет-шетінде шағын ғана екі-үш бөлмеден кішкентай үйлер бар — оны флигельдейді екен... Ауланың іші аллеяларыбар, кәдімгі парк,әр жерде скамейкалар, беседкалар. ... … [ ].