Мазмұны нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе І мәтіннің композициялық СӨйлеу түрлері



бет16/22
Дата25.11.2023
өлшемі144,71 Kb.
#127390
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
дөненбай ағжан

Метафоралау түрлері Сөздерді метафоралау процесінде үш түрлі жағдайды байқауға болады.

  • Бірінші жағдайда сөздің сыртқы белгісі алынады. Мысалы, кілт— есіктің кілті, мәселенің кілті; бастау — бұлақтың бастауы, шығармашылық бастау т. б.

  • Екінші жағдайда метафора жасайтын сөздердің семантикасына, ішкі мазмұнына үңілуге тура келеді (түлкі — аң, айлакерлік белгісі; балшық — зат атауы, адам мінезіндегі ынжықтық т. б.).

  • Метафоралаудың үшінші түрінде белгілі бір белгілер мен қасиеттердің басқа топтағы заттар мен құбылыстарға тән екендігі белгілі бола тұра, басқа топтағы ұғымдарға сіңісті болып кетеді. Мысалы, ұлиды деп қасқырды айтады, бірақ ақындардың шығармаларында жел ұлиды. Сол сияқты өткір сөзі қатты заттарға қатысты болатын (өткір ұстара), кейінгі кезде өткір мәселе тіркесі қолдынылып жүр [37, 83].

Шығарма тілінде кейіпкерді сипаттау және сюжетті өрбіту үшін троптардың ішінде метафора да кеңінен қолданылады. Авторлық қолданыста метафора белгілі бір болмыс шындығын бейнелі де әсерлі жеткізу мақсатында пайдаланылады да, біздің зерттеу нысаны болып отырған көркем шығармада бірнеше мақсатта қолданылады:
1.Метафораны кейіпкердің мінезін ашуда шебер қолданады әрі оны жеңіл, жарасымды әзілмен жеткізеді. Мысалы, Қамқа әжемнің қолы да сөзі де жұмсақ-жаныма жағып барады, тағы да ұялмай, қысылмай жылағым келеді; Прыс... мына бір шәукілдегі қайдан шықты. Кет білай есіктен. Бүрісіп қалған көн тулақ.Елизавета Сергеевна тағы бір қоңызды жұтып қойды. Мұндағы автордың «қоңыз» деп метафоралап отырғаны жиналыс үстінде, ресми жиында жас келіншектің баласын емізуі. Автор бұл жерде метафораны қолдану арқылы кейіпкелердің бірі, Елизавета Сергеевнаның образын ашу үшін шебер қолданған, бұл адам өзінің баласы болмағандықтан балалы адамдардың әрекеттеріне тіксіне қарайды. Баланың мазасыздануын, оның жиналыстың шырқын бұзуын тәртіпсіздік деп қарады. Осы жағдайлардың бәрі бір метафораны орынды қолдануы негізінде аз сөзбен көп жағдайды аңғартады.
2. Кейіпкердің белгілі бір жағдайдағы іс-әрекетінін бағалау үшін қолданады. Метафоралар эмоционалды-экспрессиылық мағынаны жеткізу құралы ретінде ұтымды қолданды: Қамқа әжемнің сырты қанша салқын болғанмен оның ішінде термосқа құйған астай суымайтын бір ыстығы барын сәби кезімнен сезсем керек; Жас адамның алғашқы махаббаты қатты болады ғой, мен де сол жігітке қатты құладым. …[ ] Қатты деген метафораны қайталай қолдана отырып, Светаның махаббатын баяндау үшін тірек сөз қызметінде жұмсайды әрі осы сөзге тән мағына екі ұштылығын шебер қолдана отырып, атқарады.
3. Сюжетті дамыту үшін мәтінтүзу амалы ретінде қолданылады: Аспанда ажал ұшып өтті;Бұлар өз елі - қара орманының ортасында;Байқаймын ішіңде жатқан бір сыр сандығың бар. …[ ] Автор қазақ әдебиетінде С.Сейфуллин шығармасынан таныс сыр сандық деген поэтикалық метафораны жақын адамыңа да айта бермейтін құпия деген мәнде жұмсайды.
Троптардың келесі бір түрі- метонимия. Заттардың іргелестігі мен шектестігі нәтижесінде бір заттың орнына екнішісі қолданылуы. Метафора мен метонимияның ұқсастығынан кейде екеуін бір-бірінен ажырату қиын. Көркем шығармада метонимия да метафоралар сияқты қызметте жұмсалады. Зерттеу нысаны болып отырған шығарма тілінде метонимияда шебер қолданылған. Оны автор әр түрлі мақсатта қолданады:
1) кейіпкердің белгілі бір жағдайдағы психологиялық күйін, жан күйзелісін жеткізу үшін әрі аз сөзбен көп мағына жеткізіу мақсатында қолданады.
Мысалы, Өңінде, өңінде ғана емес-ау, бүкіл тереңінде арылмас бір күйзеліс тепсінеді. Сірә шегінің қырындысын түгел ақтарып, өзін-өзі шабақтап алмай тоқтайтын түрі жоқ. Автор шегінің қырындысын түгел ақтару деген тіркес арқылы бар ішіндегі қайғы-күйзелісін жеткізу үшін әдейі қолданған.

  1. аз сөзбен көп мағына жеткізу мақсатында қолданады: Осы ажалдың ұясынан сытылып шыққанымызға іштей жеңілдік сезінем. Автор немістер басып алған деревняны ажалдың ұясы деп бір жағынан сөз үнемдесе, екніші жағынан ажал деген жағымсыз эмоциялық реңкі бар сөзді тіркестіре қолдану арқылы бас кейіпкердің сол кездегі психологиялық күйін таныту үшін де қолданады.

  2. ойнақы юмор тудыру мақсатында пайдаланады: Дәу апаңды мінгізіңдер! Жіберіңдер вагонға. Немістерге осынша ет пен майды қалай қиып тастап кетесіңдер (89 б.). Азық-түлік атауын қолдана отырып, ауыс мағынада жұмсап, оны қазына, байлық ретінде көрсетіп, жеңіл әзіл ретінде жұмсайды.

  3. Кекесін тудыру мақсатында: Арғы жақтан келгендер буынып-түйініп кетіп жатқан көрінеді. Өздері ашып-арып жүргенде үй иесі Назира мен Светаға сендерде қашып бара жатырсыңдар, сендер бөтенсіңдер. Біз осында отырмыз. Сендер жатсыңдар деген сөздердіосы бір құбылту арқылы жеткізіп отыр. Бұл қаламгер шеберлігі…[ ].

Троптардың келесі бір түрі-синедоха.Синекдоха дегеніміз -бүтіннің орнына бөлшекті, жалқының орнына жалпыны немесе керісінше қолдану.
1) аз сөзбен көп мағына жеткізіу мақсатында қолданады: Далада, кейде бір жердің тасасы болмаса, төрт аяқтығатығылар жері жоқ, екі аяқты үйге тығылды.Кішкентай,жүзі күлімдеп тұратын тәмпіш тентек мұрын балалар кейіген сайын мәз болады. Вагон түйгіштеп, ақыры айдап шықты, қызыл фурашка домалап жерге түсті. Автор вагонға басып кіргісі келген адамды Қызыл фурашка деп аз сөзбен ғана таныстырады.

  1. 2) кейіпкердің белгілі бір жағдайдағы психологиялық күйін, жан күйзелісін жеткізу үшін қолданады. Мысалы, Көңілінде күпсініп баратқан қуанышы мен мақтанышын тыңдайтын құлақ табылғанына мәз. Қарсы алдымда соғыс басталғалы үрейімізді алған жасыл миндир отыр…[ ].

Автор жасыл мундир сөзі арқылы кейіпкердің осыған дейін көрген қиыншылығына себепкер болған жасыл мундир-неміс офицері. Светаның бойын билеген сол сәттегі жиркеніш, ыза, қорлық сезімдерін жеткізу үшін қолданған әдейі қолданған.Жан алғыштарды адам деп айтпау мақсатында қолданған.
Автор шығармасында троптың тағы бір түрі кейіптеуді қолданады. Кейіптеу – әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл. Мысалы, Шұбалта созып, шыңғырып айқайлаған паровоз екен

  1. Шығарма тілінде суреттеліп отырған оқиғаны және дәуірді шынайы суреттеу барысында көптеген варваризмдер қолданған. Мысалы, «Біз үлкен селоның шетінен оқшау салынған особнякта тұрамыз. Бұл өзі заманында бір мықты байдың үйі болу керек — еңсесі биік, екі қанатын кең жайған келісті үй. Ауласының шет-шетінде шағын ғана екі-үш бөлмеден кішкентай үйлер бар — оны флигельдейді екен... Ауланың іші аллеяларыбар, кәдімгі парк,әр жерде скамейкалар, беседкалар. ... Оның келіншегі Света, орысша айтқанда, менің подру­гам». …[ ].

Осы мысалдағы орыс сөздерінің қолдану ерекшелігін қарастыратын болсақ, олар екі түрлі мақсатта қолданған:

  1. батыс елдердегі халықтарға тән өмір салтын көрсету үшін: село, особняк, флигель, аллея, парк, ксамейка, беседка, парк.

  2. кейіпкердің өзіндік бейнесін қалыптастыру үшін: подруга, фрау, фролен т.б.

Шығарма тілінде тіркесімділігі жоқ сөздерді тіркестіру арқылы жасалған оксюморон да қолданылады. Мысалы, Алғаш қарағанда сау мүшесін, бет бедерін қалдырмай мылжалап тастаған тірі өлік сияқты еді.Автор тірі өлік оксюморонын ұтымды пайдалана отырып, көп сөзділіктен арылып отыр. Бұл тұста тұтқынның түрлі жарақаттарын, физиологиялық немесе психологиялық жағдайын баяндамай-ақ аө сөзбен көп жағдайдан хабардар етеді.

  1. Т.Ахтанов шығармасында сол кездегі дәуір шындығын кейіпкерлердің тіліндегі ащы мысқыл, кекесінмен де беруді ұтымды қолданады. Ирония (гр. еіrоnеіа - келемеж,кекесін) - адамға зат пен құбылысқа сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп, келекеге айналдыратын құбылту (троп) құралы, болмысты жоққа шығарудың бір түрі [38, 98]. Мысалы, Немістерді бірденқарық қылмаймыз; Әйел затының аузы мен қолы қатар қимылдайтын әдеті ғой; Қай халықтың да әйелдері сөзге құмар болатын шығар, ал бірақ мына орыстың әйелінің сөзі тіпті көп болады екен; Әйелдердің есжиғаннан кейінгі бірінші еске алғаны – қарбаласта ұмыт қалған, іліп алып кетуге келмеген дүние-мүліктері болды.Бастан құлақ садақа дейді қазакем, мен өзім құдайға сенбесем де, өзіме жетерлік ырымшылдығым бар. …[ ].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет