Ақпаратты қалай есімізде сақтаймыз? Ұмыту қисығын белгілі уақыт аралығында ақпаратты қайталау арқылы «сындыруға» болады.
Мысалы: сіз ағылшынша сөздерді жаттадыңыз делік. Дәптеріңізді жапқан бойда ұмыту процесі іске аса бастайды. Оны қалай тоқтатамыз? Жауабы біреу – қайталау! Әрине, ғалым қайталаудың ызбасын да көрсетіп кеткен:
Алғашқы қайталау – бірден оқып болғаннан соң.
Екінші қайталау – алғашқы қайталаудан 20 минут өткен соң.
Үшінші қайталау – екінші қайталаудан 8 сағат өткен соң.
Төртінші қайталау – үшінші қайталаудан 24 сағат өткен соң.
Назар аударыңыз! Сөздерді дәптерден қарамай, есімізге түсіруіміз қажет.
Герман Эббингауз ойлап тапқан әдіс @palangin.me
Ұзақтау мерзімге есте сақтау үшін келесі схеманы қолдануға болады:
Алғашқы қайталау – бірден оқып болғаннан соң.
Екінші қайталау – алғашқы қайталаудан 20-30 минут өткен соң.
Үшінші қайталау – екінші қайталаудан 1 күн өткен соң.
Төртінші қайталау – үшінші қайталаудан 2-3 апта өткен соң.
Тиімді қайталау әдістері Адам миы жарқын, бейнелі, қызықты ақпараттарды тез қорытады. Бұл дегеніміз есімізде сақтағымыз келетін ақпаратты миымыз үшін қызықты етуіміз қажет. Сіздерге тиімді қайталауда кең қолданылатын әдістерді ұсынамыз.
Локустар әдісі Бұл әдістің атауы латынның locus – «жер», «орын» деген сөзінен шығады. Оның басқаша да атаулары бар: кеңістіктік мнемоника, ес сарайы, еске сапар. Бұл әдістің мәнісі келесіде: есте сақтау қажет болған ақпаратты танымал локацияларға бекіту, визуализация жасау. Ол қалай жұмыс істейді? Елестетіңіз, сіз өзі үйіңіздесіз. Ойша сіз үйіңізді аралап, ақпаратты сақтауға болатын ерекше жерлерін анықтайсыз. Әрбір аялдама идеяны, объектіні немесе ақпаратты қалдыратын «локусыңыз» болады. Мысалы, кіреберіс бөлме — алғашқы локус, қонақ бөлме – екінші локус т.с.с. Егер сізге есте сақтау қажет болса онда, локус пен ақпарат арасында ассоциацияны табыңыз. Ес сарайы жайлы ойлағаныңызда объектіңіз бірден есіңізге түсетін болады.