Мазмұны Содержание Contents


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тура-сындағы Қазақстан Республикасының Заңдары



бет19/224
Дата11.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#67099
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   224
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тура-сындағы Қазақстан Республикасының Заңдары – бұл сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзу-шылықтар үшін құқықтық жауапкершілік жөнін-дегі ұйғарымдарды қамтитын дербес синтетикалық заңдар.
Заңдар жаппай сипатқа ие, нақты нормаларда (баптарда) көрсетілген қатынастардағы субъек-тілердің барлықтары үшін атқарылуға міндетті. Заңдардың әрекеті кеңістікте шектелген. Бұл кеңістік – мелекеттік шекара шеңберіндегі Қазақ-стан Республикасының бар аумағы. Заңдардың әрекеті уақытпен шектелген. Қатынас субъектілері заңды белгілі бір уақыт бөлігінде қолданады, заңның өз күшіне енген күні бұл бөліктің басы болып саналады. Заң жойылғанда немесе заңи күшінен айырылғанда және басқа заңмен ауыстырылған жағдайда ол қолданылмайды.
Заңдарға ҚР Президентінің жарлықтары шектесіп жатады. Жарлықтар дегеніміз жоғары заңды күшке ие құқықтық актілер, және олардың әрекеті елдің барлық аумағына таралады.
Қазақстан Республикасында мынадай сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдар мен ҚР Президентінің жарлықтары қабылданды:
- Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сы-байлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жө-ніндегі шаралар туралы – Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 ж. 17 наурыздағы Жарлығы;
- Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралары туралы – Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі Жарлығы;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тура-лы – ҚР 1998 ж. 2 шілдедегі Заңы (№267-1ҚРЗ);
- Мемлекеттік қызмет туралы - Қ 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы (№453-1 ҚРЗ);
- Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы – ҚР 2010 ж. 29 желтоқсандағы Заңы;
- ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама өктізу мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы – ҚР 2009 ж 14 қазандағы Заңы;
- Білім туралы – Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы (№ 319-III ҚРЗ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет