Қазақстан Республикасының сыбайлас жем-қорлыққа қарсы бағдарламалары – бұл ұзақ уақыт әрекет ететін құжаттар (әдетте, қамту кезеңі бағдарламаның өзінде көрсетіледі), бұл құжаттарда олардың қабылдануы үшін негізде-мелер (немесе себептер), мақсаты, міндеттері, принциптері, іске асырылу кезеңдері, міндеттерді шешудің нақты тәсілдері, күтілетін нәтижелер көрсетіледі.
Егемендікке ие болғаннан бері елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мынадай бағдарламалар қабылданды:
- 1999-2000 жж. арналған сыбайлас жемқор-лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағ-дарлама - Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж. 7 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің әлеуметтік-экономикалық және қаржылық шараларын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің әрекеттер бағдарламасы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі қаулысымен бекітілген;
- 2000-2002 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы қылмыспен күресу бағдар-ламасы (мұнда «Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес» атты жеке бөлім қарастырылған) – Қазақстан Республикасы Үкіме-тінің 2000 ж. 31 қазандағы қаулысымен бекітілген;
- 2001-2005 жж. арналған сыбайлас жем-қорлықпен күресудің мемлекеттік бағдарламасы – Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген;
- 2006-2010 жж. арналған сыбайлас жем-қорлықпен күресудің мемлекеттік бағдарламасы – Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген;
- Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жж. арналған салалық бағдарлама – Қазақстан Рес-публикасы Үкіметінің 2011 ж. 31 наурыздағы Қаулысымен бекітілген.
Осы бағдарламалардың әрқайсысы шаралар кешенін қамтиды, бұл шараларды іске асыру про-цестері сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен көле-міне ел экономикасының ілгері дамуына тигізетін ықпалын айтарықтай төмендетуге бағытталған.
2014 жылы Қазақстан тарихында алғашқы рет стратегиялық құжат қабылданды:
- Қазақстан Республикасының 2015-2025 жж. арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия-сы – Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген.
Аталмыш акт жоғарыдағы бағдарламаларға қарағанда мақсат-міндеттерінің ауқымы кең.