146
КӘСІПТІК БІЛІМ
ПроФеССионаЛьное оБразоВание
инФорМаТиКа
объектілі бағытты
бағдарламалау
негіздері
Оқу құралы
аЙТБаеВа М.
Оқу құралы техникалық және кәсіптік білім беру жүйе-
сіндегі оқушылардың арнаулы пәндерді оқуға және
мамандық бойынша жұмысқа қажетті білім мен білік-
тілікті меңгеруге арналған. Құралда оқушылардың логи-
калық ойлау қабілетін, ғылыми дүниетанымын дамыту,
танымдық және шығармашылық жұмыстарын ұйым-
дастырудың жолдары мен тиімді тәсілдері көрсетілген.
Оқу құралында автоматты басқарудың және ақпаратты
бейнелеудің электрондық жүйелеріндегі транзисторлық
және интегралдық аналогты, импульсті және цифрлық
құрылғылардың жұмыс істеу принциптері, ерекшелік-
тері айтылып, көрсеткіштері мен схемалары берілген.
Сонымен
қатар,
комбинациялық
логикалық
құрылғылар, регистрлер, санауыштар схемалары қа-
растырылған, олардың түрлері, ақиқат кестелері, графи-
калық шартты белгілері көрсетіліп, параметрлері келті-
рілген.
Бұл оқу құралы 1304000 – «Электрондық есептеу техни-
касы және бағдарламалық қамтамасыздандыру», 0911000
– «Электромеханикалық құралдарды техникалық пайда-
лану, қызмет көрсету және жөндеу», 1013000 – «Механи-
калық өңдеу, бақылау-өлшеу аспаптары және машина
жасаудағы автоматика», 1306000 – «Радиоэлектроника
және байланыс (түрлері бойынша)» мамандықтарында
оқитын техникалық колледж оқушыларына арналған.
МазМұны: Электронды есептеуіш машиналары. ЭЕМ-
нің архитектурасы және құрылысы. Микро ЭЕМ архитек-
турасы. Шиналар, енгізу-шығару порттары. Микро ЭЕМ
құрылысы. Микропрограммалық басқару принциптері.
Есептеу жүйелері, олардың негізгі мінездемелері мен қа-
сиеттері. Бір есептеу жүйесін басқа бір есептеу жүйесіне
айналдыру. Екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйеле-
рі. Разряд салмақтары. Микропроцессорлық жүйенің
арифметикалық және логикалық негіздері. Екілік санды
қосымша және кері кодтағы арифметикалық амалдары.
Сандарды модификацияланған кері және қосымша код-
та қосу. Бит, Байт және МП туралы түсініктер. ASCII ал-
фавитті-цифрлы коды. ЭЕМ логикалық негіздері. Буль
алгебрасы. Логикалық схемалар. Карно карталарды ық-
шамдау. «Карно карталары» тәсілін қолдану. Жад қон-
дырғысының негізгі параметрлері-ақпараттық сыйым-
дылық. Айнымалыны анықтайтын дерективалары жад
моделі. Бағдарламаланатын микрокалькулятор. Сана-
уыштардың түрлері мен белгілері, негізгі параметрлері.
Санауыштар (Счетчики). Триггерлерді зерттеу.
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: