Үмбетей жырау Орындағандар: Ерік Жаным Ағыбай Сағыныш Анварбекова Аружан



бет2/3
Дата05.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#90714
1   2   3
Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың.
Ақшәуілге қос тігіп,
Ауыр қол жидырып алдырдың,
Қалмаққа ойран салдырдың
-деп, халқына Бөгенбайдың елі үшін жасаған ерлігін атап көрсететі. Жырау тек Бөгенбайды ғана емес, Абылай тұсындағы қолбасы батырлардың - Қаракерей Қабанбай, Қаз дауысты Қазыбектің батыр Жәнібектің, Баянның және т.б ерліктерін де өлең жолдарына қосқан.
Үмбетей жырау толғауындағы Бөгенбай батыр бейнесі
Қанжығалы Бөгенбай (1678-1775)
Бөгенбай батыр Ақшаұлы – Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі жолындағы күрескер, ХVІІІ ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қол бастаған даңқты батыр, көрнекті мемлекет қайраткері, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі – орта жүздің арғын тайпасының қанжығалы руы, есімдері елге танымал батырлар әулеті. Атасы Әлдеуік еңсегей бойлы Ер Есімнің, әкесі Ақша Әз-тәуке ханның даңқты қолбасылары болған.
Бөгенбай батырды халықтың ерекше ардақтап, ғасырлар бойы есімін аялап, есте сақтап келуі – оның ерлік, әскербасылық істеріне байланысты. Оның алғашқы ерлік жолы Еділден өтіп, қазақ ауылдарына шабуылдап, мазасын алған казак-орыстармен шайқастан басталады. Жиырма сегіз жасында отыз мың қолды бастап барып, казак-орыстарды дүркіретіп қуып, Еділден әрі асырып салады.
Бөгенбай батыр «Қанжығалы қарт Бөгенбай» атанып, 1775 жылы дүние салып, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне жерленеді.
Үмбетей жырау- елінің қорғаны болған батырларды жырына арқау еткен. Ол Бөгенбай бастаған халық батырларын дәріптеп, қайратты ерлерді ұрпағына өнеге еткен. Жырау Бөгенбай батырдың ерлік бейнесін тамаша өрнектейді.
Оны асқар Алатауға теңейді,
тегеурінді бүркітке балайды,
"Боламшыдай анадан болат тудың, Бөгенбай" деп қастерлейді.
Атамекен жаудан қорғап қалған, халқымыздың ұлан-байтақ жерін-Баянауыл, Қызылтау, Абыралы, Шыңғыстау- бүкіл Сарыарқа атырабын қалмақтардан аман алып қалған Бөгенбай батырдың ерлігін сүйсіне жырлайды.
Үмбетей:
Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай тауға асырдың.
Ақшәуілге қос тігіп,
Ауыр қол жидырып алдырдың,
Қалмаққа ойран салдырдың , - деп, халқына Бөгенбайдың елі үшін жасаған ерлігін атап көрсетеді.
Жырау тек Бөгенбайды ғана емес, Абылай тұсындағы қолбасы батырлардың - Қаракерей Қабанбай, Қаз дауысты Қазыбектің, батыр Жәнібектің, Баянның және т.б ерліктерін де өлең жолдарына қосқан.
Үмбетей Жырау (1706-1778жж.)
Жырау – жаугершілік заманның ұланы. Сондықтан оның жыр жолдары ел басынан өткен қатерлі кезеңнен, соғыста ерлік көрсеткен ерлер ісінен мол мағлұмат береді.
Үмбетейдің руы Арғыннан тарайтын жеті момынның біреуі – Қанжығалы, оның ішінде Жолымбет. Үрім - бұтағы шежірелі өлке Ерейментауда. Астана мен Ертіс өңірлерінде жатыр.
Жырау үшін әкесі Тілеудің өнері өмірлік мектепке айналыпты. Қаһарман жырлар, билер аузынан шыққан дуалы шешендік сөздер, ескі аңыз - әңгімелер болашақ ақынға тілашар болған.
Жауынгер жыраудың халық ұйытқысы бола білгені тарихтан аян. Ол өзінен біраз жасы үлкен әрі қанды көйлек жолдасы болған Бұқар жыраумен бірге көңілі жасып қалғанды қайрап, елді ерен ерлікке, тәуелсіздік жолындағы күреске үндеп отырған.
Ғ. Умаров, Қ. Әлімжанов «Қанжығалы шежіресі»
Демек, Үмбетей өз дәуірінде ел бүтіндігіне, туысқан арасының тұтастығына сына түсірмеуге күш салған жырау болғаны даусыз.
Дін пұсырман баласы Адамдықтан жерімес. Тіл пұсырман, қарашы, Арамдықтан шегінбес.., – деп жыраудың өзі айтқандай, ол бұл толғауларында адамшылық жайын тіл ұшымен ғана жақтап қоймай, шын пейілімен, іс-әрекетімен көрсету қажеттігін алға тартады.
Үмбетей жырау «Бәкеге» және «Жауқашарға» деген арнауларында Жауқашар балаларының оспадар әрекетіне өз ренішін ғана жеткізіп тұрған жоқ, іргесі тұтасып жатқан ағайын арасына алақұйын от түсіре жаздаған тентектерге елдің ашуын да көрсетіп тұр. «Бәкеге» арнауының алғашқы шумағында:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет