МДҰ -дағы ерекше білімді қажет ететін тәрбиеленушіге психологиялық – педагогикалық қолдау қызметінің негізгі кезеңдері.
1 -кезең. Баланың оқудағы және әлеуметтенудегі қиындықтарының сипаты туралы ақпарат жинау.
Ақпаратты келесі әдістер арқылы аламыз: қолда бар құжаттаманы зерделеу және талдау, бақылау, әңгімелесу, ата-аналардан әртүрлі сауалнамалар алу. ( А Қосымшасы 1а,1б, 1в нысандары).
Бала ПМПК қорытындысымен мектепке дейінгі білім беру мекемесіне келген жағдайда тәрбиешілер мен мамандар оны бірден өз бақылауларына алады, оның оқудағы және мінез-құлықтағы қиындықтарының көріністерін зерттейді. Баланы бақылауды тәрбиеші мен мамандар апта ішінде әр түрлі қызмет түрлерінде жүзеге асырады. (ұйымдастырылған оқу қызметі, режимдік сәттер, еркін қызмет). Бақылау нәтижелері жинақталады (А қосымшасы 2-нысан).
Барлық алынған деректерді талдау негізінде (бақылау, әңгімелесу, сауалнама) баланың оқуы мен дамуындағы қиындықтардың көріністері және олардың пайда болуының себептері анықталады.
2-кезең. Баланың оқуы мен дамуындағы олқылықтардың себеп-салдарын нақтылауға мүмкіндік беретін диагностикалық әдістерді қолдана отырып, мамандардың баланы терең және кешенді зерттеуі.
Тәрбиеленушіні тексеруді ұйымдастырған кезде міндетті түрде ППҚҚ мамандарының өзара әрекеттесуі қажет. Әр маман өз құзыреттілігі тұрғысынан баланың оқуы мен дамуындағы қиындықтарды туғызатын аспекттерді зерттейді.
Мысалы, баланы бақылау үдерісінде, ол ауызша нұсқаулықты жақсы түсінбесе, сөздік қабылдауы баяу болса, онда логопед-маман баланың фонематикалық қабылдауы мен есту арқылы қабылдауына, ал психолог есту зейіні мен есту-сөйлеу жадын егжей-тегжейлі зерттеуін қажет етеді. Тәрбиеші білік пен дағдылардың дамуына мониторинг жүргізеді. Типтік оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды, баламен жеке жұмыс жасаудағы перспективалық іс-әрекет анықтайды. Мамандар мен тәрбиешінің тексеруінің түпкілікті нәтижесі баланы оқытудағы қиындықтардың сипатын және олардың себептерін, сондай-ақ оның әлеуетті мүмкіндіктерін, тәрбие мен оқыту процесінде негізделуі керек күшті жақтарын анықтау болуы керек. Нәтижелері бойынша тексерулер әрбір маман мен тәрбиеші балаға мінездеме жасайды. (А қосымшасы 3-нысан).