Әкімшілік
|
Тәрбиешілер мен ата-аналар
|
ППҚ қызметінің мамандары және ата-аналар
|
Тәрбиеленушінің құжаттарын қабылдайды, тәрбиеленушінің қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оқу жоспары мен оқу бағдарламасына өзгерістер енгізудің құқықтық тетіктері көзделетін ата-аналармен шарт жасайды (тамыз).
Тәрбиеленушілерді қолдау процесін реттейтін, ішкі жергілікті актілерді шығарады. (тамыз)
|
Тәрбиеші бала туралы ақпаратты алдын - ала зерттейді:
ПМПК қорытындысы мен ұсынымдары (олар болған жағдайда), басқа білім беру ұйымдарының педагогтері ұсынған психологиялық-педагогикалық сипаттамалары (қыркүйектің 1 аптасы).
|
ППҚҚ басшысы мамандардың көмегімен ЕБҚ бар тәрбиеленушілердің тізімін жасайды (1-нысан);әрбір нақты жағдайда қандай мамандардың қолдау жұмысын жүргізе алатынын, сүйемелдеу тобын анықтайды. Мамандар бала туралы жалпы мәліметтерді алдан-ала зерттейді: ПМПК қорытындысы мен ұсынымдары, басқа білім беру ұйымдарының мамандары ұсынған психологиялық-педагогикалық сипаттамалары (қыркүйектің 1 аптасы)
|
|
Тәрбиеші бала туралы мәліметтерді жинау мақсатында ата-аналармен әңгіме жүргізеді және сауалнама алады.
(нысан1а)(қыркүйектің 1-2 аптасы)
|
Мамандар бала туралы мәліметтерді жинау мақсатында ата-аналармен әңгімелесу жүргізеді және сауалнама алады.
(1б,1в нысандары) (қыркүйектің 1-2 аптасы)
|
|
Баланы бір апта бойы оқу қызметінде және сабақтан тыс жұмыстар кезінде бақылайды. Бақылау нәтижелеріне хаттамада тіркейді (2-нысан) (қыркүйектің 1-3 аптасы)
|
|
Тәрбиеші баланың білім-білік пен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізеді.
|
Әр маман өз құзіреттілігі тұрғысынан баланың оқуы мен дамуындағы қиындықтары мен олардың пайда болу себептерін, нақты зерделеуге бағытталған тексеру жүргізеді. Нәтижелерді хаттамаларға жазады.
|
|
Тәрбиеші барлық зерттеулерінің нәтижелерін қорытындылап (бақылау, ата-аналармен әңгімелесу және сауалнама жүргізу, баланың жеке даму мониторингі), балаға мінездеме жазады.
|