Мдт қарлығаш тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Өткізу күні


Ойын: «Жұлдызды аспан әлемін құрастыру»



бет5/6
Дата26.02.2023
өлшемі36,79 Kb.
#69983
түріКонспект
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 сәуір конспект

Ойын: «Жұлдызды аспан әлемін құрастыру»
Ойын шарты: балалардың алдына аспанд аболатын және жерде болатын денелердің арасынан тек аспанда болатын денелерді табу. Мысалы: гүл жерде, ай аспанда т.б.
Үлестірмелі материалмен жұмыс: «Зымыран құрастыру.
Әртүрлі геометриялық фигуралардан зымыран құрастыру. Зымыран туралы әңгімелеу.
Жаңылтпаш.
Ғарышкер ұшты ғарышқа,
Ғарышқа ұшты ғарышкер,
Айтшы, ғарыш алыс па? 3.Қорытынды:
Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін пысықтау.
- Балалар бүгінгі күн қалай аталады?
- Ғарышкер дегенді қалай түсінеміз?
- Біздер қандай ғаламда тұрамыз?
- Ғарышқа сынақ ретінде бірінші болып қай жануар ұшты?
- Ғарышқа ұшқан орыс азаматы кім?
- Қазақ елінен кім ғарышкерлер ғарышқа ұшты?
- Ғарышқа киетін киімді не деп атайды?
- Неге арнайы киім киеді?
Оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Балалар, ғарышкер болуды армандайтын бала жоқ шығар? Ал ол үшін білімді, зерек, күш – қайраты мол азамат болып өсулерің керек. Өйткені, ғарышқа кез келген адамды ұшыра бермейді. Сол үшін апайларыңды тыңдап,тәртіпті,шыныққан бала болуларың керек. Тоқтар ағаларың, Талғат ағаларың сияқты Қазақстанның бетке ұстар азаматтары болуларыңа тілектеспін!

МДТ «Қарлығаш» тобынын ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізген күні: 13.04.21ж
Тәрбиеші: Тургынбек Т.Н.
Өтпелі тақырып: «Аспан әлемінің планеталары»
Білім беру саласы: Қатынас
Пән: Сауат ашу
Тақырыбы: «Ш- Ж дыбысы мен әріптері» Мақсаты: Тәрбиелік: Тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу. Дамытушылық:Көру,есту,еске сақтау қабілеттерін фонематикалық түйсіктерін .сөздік қор, таным белсенділіктерін дамыту. Оқыту: Дыбыстарды салыстыра біліп,бір-бірінен ажырата білу. Педагогикалық технологиялар: ойын,АКТ. Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер. Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы: 1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
1. Балалар, бүгін біздің сабаққа насос пен жылан қонаққа келді. Сендерге өздерінің ғажайып қалтасын әкеліп, заттарын көрсеткісі келеді. Ал біріншіден еске түсірейік, насос қандай дыбыс шығарады? (ш-ш-ш), ал жылан ше? (с-с-с). Олай болса, С-Ш дыбыстарының артикуляциясына тоқталайық.
С дыбысын айтқанда ерін езу тартып, күлген кездегідей, тістер көрінеді.
– Тілдің ұшы төменгі тістердің түбіне тиеді.
– Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында жырашық болады, сонымен ауа жолы жүреді, жабық дауыс шымылдығының дірілінен С дыбысы шығады. 2.Негізгі бөлім:

  • Суреттердің атын атап және алғашқы дыбысын анықта. (Суреттер: шана,шар,жапырақ, жұлдыз, шырша, жылан т.б.)

  • Суреттердің атаулары қандай дыбыстардан басталып тұр?

  • «Ж» және «Ш» дыбыстары.

  • Олай болса, бүгінгі сабақта «ж» және «ш» дыбыстарын сөз және сөйлем ішінде ажыратамыз,әрі жыл мезгілдері туралы білімімізді бекітеміз.

  • Нұржан,Көктемгүл бізге сиқырлы сандықша әкелген екен,ішінде өзінің сыйлығы бар,алайда,сыйлықты алу үшін алдымыен,тапсырмаларды орындаймыз.

  • Ендеше, тапсырмаларды орындап көрейік.

1-тапсырама:
а)Тыныс алу жаттығуларын орындау.
ә)Артикуляциялық жаттығуларды орындау.
б) «Ж»және «Ш»дыбыстарының артикуляциясын салыстыр.
«Ж» және «Ш» дыбыстарында ерініміз дөңгеленеді,тіліміз жоғары қарай кесе тәрізді көтеріледі,бірақ таңдайға тірелмейді,ал бүйір жақтары азу тістерге тіреледі,іштен келген ауа ағысы жылы. «Ж» дыбысын айтқанда, дауыс шымылдығы дірілдейді, «Ш»дыбысын айтқанда, дауыс шымылдығы дірілдемейді.
-Қалташаның сыртында қай мезгіл суреттелген? (Көктем мезгілі).
-Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
(Қар ериді. Күн жылынады. Құстар ұшып келеді.Күн мен түн теңеледі.Ағаштар бүршік атады.Жан-жануарлар төлдейді. Жер беті көкке боянады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет