Өткізу күні: 12.04.21
Тәрбиеші: Тургынбек Т.Н.
Білім беру саласы: Таным
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Аспан әлемінің планеталары»
Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»
Мақсаттары: Тәрбиелік: Қамқорлыққа, қонақ жайлылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Қиялын, ұсақ қол саусақ қимылдарын дамыту.
Оқыту: Ғарыш әлемі туралы мағлұмат беру. Ғарышкерлермен таныстыру.
Педагогикалық технологиялар:ойын,АКТ. Ресурстармен қамтамасыз ету:ғарыш,ғарыш әлемі туралы суреттер.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы 1. Ұйымдастырушылық кезеңі: Біздер тату баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз.
-Қазір қандай жыл мезгілі?
Аптаның қандай күні?
Балаларға тәрбиеші сурет көрсетеді. Дымбілмеске көмек беретіні жайлы әңгімелейді.
2. Негізгі бөлім: - Балалар орнымызға жайғасып отырайық.
- Балалар айтындаршы қазір қандай жыл мезгілі? (Көктем)
- Көктемде қандай мерекелерді білесіндер? (Аналар күні, наурыз мерекесі.)
- Иә, дұрыс.
- Осы мерекелерден тағы мереке бар. Ол 12- сәуір «Ғарышкерлер күні».
- Қандай ғарышкерлерді білесіндер? (Ю. Гагарин, Т.Әубакиров, Т.Мусабаев.)
- Ғарышкерлердің көлігі қалай аталады? (Зымыран)
- Олар немен ұшады? (Зымыранмен)
- Зымыран қайда ұшады? (Аспанға)
Ой туғызу:
-Балалар ғарыш туралы не білесіңдер?
Әңгімелесу(слайдтар бойынша).
Ең алғаш ғарышқа иттер ұшқан-Белка,Стрелка.
Адамзат тарихында тұнғыш рет 1961 жылы 12 сәуірде Ю.А.Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды.
- Ал енді біз қазір сендермен ғарышқа ұшамыз. Ол үшін біз ғарышкерлер киетін киім киіп алуымыз керек: комбинизон, қолғап, ал басымызға скафандр.
-Скафандрды не үшін киеміз?
Дұрыс демалу үшін, тоңбау үшін, қауіпсіздікті сақтау үшін. Ал енді зымыранға отырайық, енді әркім өз орнында орналасыңдар, белбеуімізді тағамыз. Дайынбыз ба?
Ұшар кезде біз дұрыс дем алуымыз керек. Балалар біз ғарышқа да жеттік.
Күн,ай, жұлдыздар аспан денелері деп аталады.Ай алғаш жарты ай болып көрінеді, содан бірте-бірте ай толады.Жұлдыздар өте көп және олар бізге кішкене болып көрінеді.
Балалар күн жерден де үлкен. Ол жерден өте ұзақ, сондықтан күн бізге кішкене болып көрінеді.-Балалар адамдар ғарышқа не үшін ұшады деп ойлайсыңдар?
Сөздік жұмысын жүргізу:
Ғарыш – аспан әлемі.
Ғаламшар – Күнді айналатын, Күннен жарық пен жылу алатын үлкен аспан денелері.
Билингвальдік компонент: ғарыш-космос, ғарышкер-космонавт, ғаламшар-планета. жұмыс.
-Кане ашық аспанға шығайық.
Логикалық ойын «Кім жылдам?»
(қисық айнадағы санамақ)
- Кәне, балалар, тіл ұстарту жаттығуларын жасап алайық:
-Балалар,ашық аспандағы тапсырмаларды орындадық, енді орнымызға отырып жерге қайтайық. Белбеуімізді тағайық, ал кеттік!
Саусаққа арналған жаттығуды орындайды.
- Дұрыс балалар, енді менің сендерге қосатыным бар.
- Айға дейін ұшатын, өте биік, ауа көлігі ғарыш кемесі – Зымыран. Зымыранды ғарышкерлер жүргізеді. Ең бірінші ғарышқа көтерілген Ю.Гагарин болған. Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы (космодром) деп атаймыз. Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерінде орналасқан. Ғарышқа ұшар алдында олар әр түрлі дайындықтан өтіп, арнайы білім алады. Ғарышкерлердің арнайы киімдері бар – ол «скафандр» деп аталады.