Мәден Н. Қ. Зейнолла сәнік шығармаларындағЫ Ұлттық ТӘрбие мен көркемдік шешім 7М02310 «Филология»



бет16/21
Дата18.01.2023
өлшемі224,46 Kb.
#61874
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
мәден надира

Түркі текті Шыңғысхан
Шыңғысханды зерттегеніме бірнеше жыл болды. 2000 жылы Шыңғысханның өгей әкесі «Тұғырыл хан» туралы тарихи кітап жаздым. Тұғырыл хан Шыңғысханды адам қылған, тәрбиелеген адам. Бұдан айтпағым мынау: моңғолдар патшаларын «қонтайшы» деп атайды. Ал түркі халықтары патшаларын «хан» деп атайды. Сондықтан Шыңғыстың «қонтайшы» болмай, «хан» аталуында сыр бар деп ойлаймын. Бұл – бір.
Екінші, Шыңғысхан 40 мың қияттың ұрпағы деп айтылады. Сонда қият кім? Монғолда ондай тайпа жоқ. Қияттың қазіргі ұрпағының кім екенін зерттеуіміз керек. Меніңше, қияттың қазіргі тұқымдары қазақтың ішіндегі бір ру болуы әдбен мүмкін. Бұл туралы нақты дерегім бар.
Үшінші, Шыңғысханның негізгі санаттағы 4 әйелі болған. Бәрі моңғол емес, түркі халқының қыздары. Ал балаларына да әйелді түркі халқынан алып берген. Бұл оның түркі екенін айғақтамай ма?
Төртінші, Шыңғысханның тоғыз өрлігі(уәзірі) болады, бәрі түркі халқынан. Бесінші, «Моңғолдардың құпия шежіресін» моңғолдар жазбаған деген сөз бар, мұны маған Үрімжідегі моңғолдың тарихшылары, жазушылары айтты. «Құпия шежірені» Шыңғысханның хатшысы «Найман Тәтет Оңға» жазған болуы керек. Тәтет Оңға деген кім? Шымкенттіктер мен жамбылдықтар ағаны «тәте» деп шақырады екен. Тәте қазақ сөзі болса, демек, Тәтет Оңға түркі тұқымы.
Алтыншы, «Құпия шежіреде» монғолдардың өздері түсінбейтін 700-ге жуық сөз бар екен. Моңғол ғалымдары сол 700 сөздің дерліктей қазақша екенін айтады. «Құпия шежіреде» «сойып сал», «мұрындық» деген сөздер бар, оны моңғолдар таба алмапты. Ал бізде бар ғой бұл екі сөз де.
Жетінші, Шыңғысханның хандық басқару жүйесі Найман ханының тактикасына ұқсас болған.
Сегізінші, Шыңғысханды жорыққа дайындап, алдын-ала соғысқа болжау айтатын Керей Көкше Әулие мен Найман Бұқа болыпты. Екеуі де моңғол тұқымынан емес.
Жалпы, Шыңғысхан төңірегіндегі әңгіменің дені қазақпен байланысты болған, соған қарап бұл мәселені әлі де зерттей түсуіміз керек деп ойлаймын.
Қытай мұрағаттарында қорымыз көп
Қытайдың «Таң» патшалығы мен «Сүй» патшалығын бес ғасыр бойы түркілер билейді. Шыңғысханның өзі қытайларды бір ғасырдан артық басқарды. Одан кейін мәнжулер екі ғасыр билік жүргізеді. Сонда Қытайды он ғасырға жуық қытайлар емес, түркі текті, моңғол текті халық билеген. Сондықтан да қытай тарихына, әдебиетіне түркі мәдениеті әбден сіңісіп кеткен деуге болады. Осының бәрі зерттелуге тиісті тарих деп ойлаймын.
Бірнеше жылдық тарихи зерттеулеріме сүйеніп айтарым, қазақ тарихын орыс мұрағатынан іздегеннен гөрі, қытай жазбаларын ақтарған пайдалы болар еді деп ойлаймын. Өйткені салыстырмалы түрде айтсақ, біздің арғы, бергі тарихымыз негізінен қытайлармен байланысты ғой, орыспен қоңсылығымыз бергі жылдардағы әңгіме болып қалады. Орыс мұрағаттарындағы қазақ тарихы туралы деректерді ғалымдарымыз әлдеқашан сарқып болды, ал үлкен байлық қытай мұрағаттарында жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет