180
181
Толып жатыр адалы да адамы,
Тілегіңе сай бірі жоқ, ғажабы!»
Жарамдысы кісілердің — керегі,
Жарамдысы, пайдалысы, ерені.
1620 Естігейсің, шайыр былай деп еді,
Шайыр сөзді мағынамен тереді:
«Жүргендердің жақсылары сирек-ті,
Жақсыларын ажал ерте күйретті.
(Жүргендердің жақсысы жоқ, білгенім,
Жақсы болса жүргені жоқ, білгенім!?)
Құмырсқадай жүргендердің көптігі,
Көп ішінде іске жарар жоқ бірі».
Елік ойын мəтелдеді, балады:
Ұрықты жан өлсе ұрқы қалады!
Ұлдың құлқы əкесіндей болады,
Нені ексең, жерден соны орады!»
1625
Айтолдыдан тусаң солай туарсың,
Ұл боп тусаң, ата жолын қуарсың!
Ата өлді — орны қалды қуарып,
Көгерт қайта, ата жолын қу анық!
Мəпелейін — кісі болсын келісті,
Келістінің ісі болар жемісті!
Айыбы жоқ атасына теңесең,
Бір айыбы, балғын, бала демесең.
Жақсы айтыпты құтты кісі халықта,
Сəулесімен тартқан елді жарыққа:
1630 «Бектер кімді тартса қолдап қасына,
Бектен кейін сол тұрар іс басына.
Жақын келіп, бек ойына толар кім,
Түгел болар тілегі де олардың.
Бектің өзі кімге жылы қарайды,
Жапырылып бəрі соны қалайды.
(Бектің көзі кімге күлім қағады,
Жұрттың көзі соның сөзін бағады!)»
Елік айтты: — Енді маған шара жоқ,
Білім берсем, шығар бала дана боп!
Ата ақысын өтейін де ақтайын,
Кіші жанды мейіріммен баптайын.
1635
Бұл Айтолды, адам еді дана асыл,
Кісілікпен кісі етейін баласын.
Өзі ізгі жан — ізгілікті бағалар,
Адамшылық ізгілікпен қаланар.
Ізгі жанын суытпайды адамдар,
Ізгі еңбегін ұмытпайды адалдар.
Тыңда, енді бабамыздың нақылын,
Сол нақылмен толысады ақылың:
«Ей ізгі жан, ізгілік ет, жаңылма,
Ізгілікті жұтпас қарттық, қабыр да!..
1640
Ізгілігің қартаймайды, қалады,
Ғұмыры — ұзақ, аты алысқа шабады!»
* * *
Өгдүлмішті Елік сеніп, үптеді,
Бар міндетті сеніп соған жүктеді.
Қызметі бағын ашты, ашығы.
Ісі жанып, абыройы тасыды.
Барлық істі заң жолымен жөндеді,
Қадірі артып, көңілі өсіп, өрледі.
Қашандағы мұның сөзі болды сөз,
Елікке — тіл, Елікке өзі болды көз.
* * *
1645 Елік құстай мəпеледі, ұшырды,
Іші-тысы толды, пісті, ысылды!
Түсінді Елік: Ісім енді оңалды,
Қай жағынан келсін міні жоғалды.
182
183
Таптым кісі, жетік істің мəніне,
Жасы толса, кемелденер əлі де!
(«Ұл»-дан ұлы шығар деп жұрт жорыған:
Болар бала танылады боғынан...)
Ұлы болар ұл өжет боп туады,
Болар бала көрініп-ақ тұрады.
Тұнсын мына бəйіт те ой-зереңде,
Оқып көрсең, мағынасы тереңде:
1650 «Əр нəрсенің бар ерекше шырайы, —
Белгісі сол, танытатын шынайы.
Жеміс түрін айырасың гүлінен,
Бар нəрсенің мəні ұғылар түрінен!»
* * *
Өгдүлміш те табынып һəм сабылып,
Қызмет етті күндіз-түні сарылып.
Қажетсіз іс-əдеттерден арылды,
Игі іс үшін күйінді де тарылды,
Машақаты кетті Елік бегінің,
Мəртебесі артты қалың елінің!
Достарыңызбен бөлісу: