«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет1/161
Дата19.05.2023
өлшемі1,69 Mb.
#95066
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   161
Байланысты:
5 том Құтадғу білік толық түсіндірме



 1
«
Мәдени мұра
»
Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары 
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті 
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 
шығарылып отыр


 2
3
“Мəдени мұра”
Мемлекеттiк бағдарламасын
iске асыру жөнiндегi 
қоғамдық кеңестiң құрамы
Əшімбаев М.С., кеңес төрағасы
Асқаров Ə.А., жауапты хатшы
Абдрахманов С.
Аяған Б.Ғ.
Əбусейiтова М.Қ.
Əжiғали С.Е.
Əлiмбай Н.
Əуезов М.М.
Байпақов К.М.
Биекенов К.Ү.
Бұрханов К.Н.
Досжан А.Д.
Ертiсбаев Е.Қ.
Есім Ғ.
Қасқабасов С.А.
Қошанов А.
Нысанбаев Ə.Н.
Салғара Қ.
Самашев З.
Сариева Р.Х.
Сейдiмбек А.С.
Сұлтанов Қ.С.
Тұяқбаев Қ.Қ.
Түймебаев Ж.Қ.
Хұсайынов К.Ш.
Шаймерденов Е.
¶ÄÅÁÈ 
ƶIJÃÅÐËÅР
20 томды


 4
5
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
МƏДЕНИЕТ ЖƏНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛIГI
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
БIЛIМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI
М. ƏУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ƏДЕБИЕТ ЖƏНЕ ӨНЕР ИНСТИТУТЫ
¶ÄÅÁÈ 
ƶIJÃÅÐËÅÐ
5-òîì
Æyñ³ï Áàëàñàμ±í
¡°ÒÒÛ Á²Ë²Ê
Алматы 2007
РЕДАКЦИЯЛЫҚ БАС АЛҚА:
Қасқабасов С., төраға
Қорабай С., төрағаның орынбасары
Егеубаева С.
Жолдасбеков М.
Жүсіпов Қ.
Келімбетов Н.
Қирабаев С.
Мағауин М.
Мұқанов М.
ТОМНЫҢ РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ: 
Əзібаева Б.
Егеубаева С.
Жармұхамедұлы М. 
Қорабай С., жауапты редактор
Томды баспаға дайындаған: Егеубаева С.
Сарапшы: Əміренов Ə., филология ғылымдарының кандидаты


 6
7
ББК 84(0)4
ISBN 9965–806–42–Х (5-т.)
ISBN 9965–806–42–1 
© Егеубаев А.Қ., 2007
© Əдебиет жəне өнер институты, 2007
© «Таймас» ЖШС, көркемдеу, 2007
Барлық құқықтары қорғалған
Басылымның мүліктік құқықтары
«Таймас» баспа үйіне тиесілі
ББК 84(0)4
Ə22
Əдеби жəдігерлер. Жиырма томдық.
5-т.: Жүсіп Баласағұн. Құтты білік /Көне түркі тілінен аударып, алғы 
сөзі мен түсініктерін жазған А.Қ.Егеубаев— Алматы: «Таймас» баспа 
үйi, 2007.  536 бет. — (Əдеби жəдігерлер)
ISBN 9965–806–42–Х
Ə22
Қазақстан Республикасы 
Мəдениет жəне ақпарат министрлiгiнiң бағдарламасы 
бойынша шығарылып отыр
Томды басуға М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының 
Ғылыми кеңесі ұсынған
Орта ғасырдағы көрнекті түркі ақыны, ойшылы Жүсіп Баласағұнның (1017—1075) 
«Құтты білік» («Құтадғу біліг») дастаны — əлем əдебиетінің асыл мұраларының 
бірінен саналатын өлеңмен жазылған трактат.
Түркі халықтарына ортақ классикалық көне дəуір туындысында халқымыздың 
рухани жан дүниесі мен өмір салты терең ашып көрсетілген. Дастанда сондай-ақ 
жалпы адам баласын ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім, тіл 
өнері, ел басқару, құқықтық, этикалық жəне т.б. имандылық мəселелері қамтылған
Ə
4702800000–13
00(05)–07
РЕДАКЦИЯЛЫҚ БАС АЛҚАДАН
М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты Мемлекеттік «Мəдени 
мұра» бағдарламасы шеңберінде жарияланатын «Əдеби жəдігерлер» атты 
жиырма томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда. 
Аталған басылымның басты мақсаты — халықтың ежелгі заманнан бергі 
жазба мұралары мен əдеби жəдігерлерін сол күйінде өзіне қайтару, түркі 
халықтарына ортақ ежелгі жəне орта ғасыр əдеби ескерткіштері мен ХV—ХІХ 
ғасырлардағы ақындар шығармаларын неғұрлым толық жарыққа шығару.
Оқырманға ұсынылып отырған «Əдеби жəдігерлер» сериясының бесінші 
томы орта ғасырда өмір сүрген аса көрнекті түркі ақыны, ойшылы Жүсіп Хас 
Қажыб Баласағұнның «Құтты білік» дастанына арналып отыр.
Қазақ жерінде орналасқан ежелгі Баласағұн қаласында өмірге келген 
Жүсіп есейе келе Фараб (Отырар), Қашқар, Бұхара қалаларынан білім алған өз 
заманының алдыңғы қатарлы зиялы адамдарының бірі. Өзінің атақты «Құтты 
білік» философиялық дастанын Қарахан əулетінен шыққан Табғаш Қара 
Боғраханға арнап жазған. Бұл еңбегі үшін Жүсіпке Хас Қажыб атағы беріледі. 
«Құтты білік» («Құтадғу біліг») — əлем өркениеті тарихынан мəңгілік 
орын алған түркі тектес халықтардың тұңғыш классикалық шығармасы. Түркі 
тіліндегі энциклопедиялық туынды болып саналатын дастанды орта ғасырларда 
ирандықтар — «Туран шаһнамасы», туған жұрты — түркілер — «Хандардың 
əдеп-қағидалары», машындықтар — «Мемлекеттің дəстүрі», бүкіл шығыс
əлемі «Өмір зейнеті», «Падишаларға насихат» деп таныған, түркі зиялылары 
«Құтты білік» деп атап, бұл кітапты ұлылықтың негізі деп білген.
Жүсіп Баласағұнның атақты дастанында адамгершілік, философиялық 
тəмсілдер, парасат пен ақыл-ой сұлулығы, жар таңдау, бала тəрбиесі, елдік 
құру, мемлекет түзу, ел басқару, тəлім-тəрбие мен білім-ғылым сияқты өмірлік, 
əлеуметтік мəні зор көкейкесті мəселелер жырланған. 
Поэманы көрнекті түркітанушы ғалым В.В.Радлов 1891—1900 жылдары 
алғаш рет түркі тілінен неміс тіліне түпнұсқасынан аударып, бүкіл əлемге та-
нытты. 1971 жылы Н.Гребнев «Бақытты болу ғылымы» деген атпен дас танның 
орыс тіліндегі еркін аудармасын жасады. 1983 жылы С.Н.Иванов «Благодатное 
знание» деген атпен алғаш рет орыс тіліне аударды. 1986 жылы белгілі ақын, 
əдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Асқар 
Құрмашұлы Егеубаев (1950—2006) дастанды алғаш рет қазақ тіліне аударып, 
оқырман назарына ұсынды. Ғалымның бұл аудармасы 1989 жылы Пекин 
қаласындағы «Ұлттар» баспасында араб əрпімен екінші қайтара басылды.
Томға енгізіліп отырған дастан мəтіні А.Қ.Егеубаев аударған соңғы 
басылым — «Жүсіп Баласағұн. Құтты білік» (Алматы, Өлке, 2006) кітабы 
бойынша дайындалды.
«Əдеби жəдігерлер» сериясының талаптарына сəйкес том А.Қ.Егеубаев 
жазған ғылыми түсініктермен толықтырылды. Онда жер-су, жұлдыз атаулары, 
мифологиялық жəне ұғынықсыз сөздер, мəтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар 
мен діни есімдерге түсініктер, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған резюме, 
пайдаланылған əдебиеттер тізімі берілді. Сондай-ақ том А.Қ.Егеубаевтың 
«Құтты білік» дастаны туралы жазылған «Түркі əлемінің ұлы мұрасы» атты 
кіріспе мақаласымен ашылды.
«Құтты білік» дастанының А.Қ.Егеубаев аударып дайындаған басылымы 
еш өзгеріссіз күйінде беріліп отыр. 


 8
9


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет