«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары



Pdf көрінісі
бет2/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   247
Ə

4702800000–13

00(05)–07


 7

РЕДАКЦИЯЛЫҚ БАС АЛҚАДАН

М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты Мемлекеттік «Мəдени 

мұра»  бағдарламасы  шеңберінде  жарияланатын  «Əдеби  жəдігерлер»  атты 

жиырма томдық басылымды дайындап, жариялау жұмысын жалғастыруда. 

Аталған басылымның басты мақсаты — халықтың ежелгі заманнан бергі 

жазба  мұралары  мен  əдеби  жəдігерлерін  сол  күйінде  өзіне  қайтару,  түркі 

халықтарына ортақ ежелгі жəне орта ғасыр əдеби ескерткіштері мен ХV—ХІХ 

ғасырлардағы ақындар шығармаларын неғұрлым толық жарыққа шығару.

Оқырманға ұсынылып отырған «Əдеби жəдігерлер» сериясының бесінші 

томы орта ғасырда өмір сүрген аса көрнекті түркі ақыны, ойшылы Жүсіп Хас 

Қажыб Баласағұнның «Құтты білік» дастанына арналып отыр.

Қазақ  жерінде  орналасқан  ежелгі  Баласағұн  қаласында  өмірге  келген 

Жүсіп есейе келе Фараб (Отырар), Қашқар, Бұхара қалаларынан білім алған өз 

заманының алдыңғы қатарлы зиялы адамдарының бірі. Өзінің атақты «Құтты 

білік»  философиялық  дастанын  Қарахан  əулетінен  шыққан  Табғаш  Қара 

Боғраханға арнап жазған. Бұл еңбегі үшін Жүсіпке Хас Қажыб атағы беріледі. 

«Құтты  білік» («Құтадғу  біліг») — əлем  өркениеті  тарихынан  мəңгілік 

орын алған түркі тектес халықтардың тұңғыш классикалық шығармасы. Түркі 

тіліндегі энциклопедиялық туынды болып саналатын дастанды орта ғасырларда 

ирандықтар — «Туран шаһнамасы», туған жұрты — түркілер — «Хандардың 

əдеп-қағидалары»,  машындықтар — «Мемлекеттің  дəстүрі»,  бүкіл  шығыс     

əлемі «Өмір зейнеті», «Падишаларға насихат» деп таныған, түркі зиялылары 

«Құтты білік» деп атап, бұл кітапты ұлылықтың негізі деп білген.

Жүсіп  Баласағұнның  атақты  дастанында  адамгершілік,  философиялық 

тəмсілдер,  парасат  пен  ақыл-ой  сұлулығы,  жар  таңдау,  бала  тəрбиесі,  елдік 

құру, мемлекет түзу, ел басқару, тəлім-тəрбие мен білім-ғылым сияқты өмірлік, 

əлеуметтік мəні зор көкейкесті мəселелер жырланған. 

Поэманы көрнекті түркітанушы ғалым В.В.Радлов 1891—1900 жылдары 

алғаш рет түркі тілінен неміс тіліне түпнұсқасынан аударып, бүкіл əлемге та-

нытты. 1971 жылы Н.Гребнев «Бақытты болу ғылымы» деген атпен дас танның 

орыс тіліндегі еркін аудармасын жасады. 1983 жылы С.Н.Иванов «Благодатное 

знание» деген атпен алғаш рет орыс тіліне аударды. 1986 жылы белгілі ақын, 

əдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Асқар 

Құрмашұлы Егеубаев (1950—2006) дастанды алғаш рет қазақ тіліне аударып, 

оқырман  назарына  ұсынды.  Ғалымның  бұл  аудармасы 1989 жылы  Пекин 

қаласындағы «Ұлттар» баспасында араб əрпімен екінші қайтара басылды.

Томға  енгізіліп  отырған  дастан  мəтіні  А.Қ.Егеубаев  аударған  соңғы 

басылым — «Жүсіп  Баласағұн.  Құтты  білік» (Алматы,  Өлке, 2006) кітабы 

бойынша дайындалды.

«Əдеби  жəдігерлер»  сериясының  талаптарына  сəйкес  том  А.Қ.Егеубаев 

жазған ғылыми түсініктермен толықтырылды. Онда жер-су, жұлдыз атаулары, 

мифологиялық жəне ұғынықсыз сөздер, мəтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар 

мен діни есімдерге түсініктер, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған резюме, 

пайдаланылған  əдебиеттер  тізімі  берілді.  Сондай-ақ  том  А.Қ.Егеубаевтың 

«Құтты білік» дастаны туралы жазылған «Түркі əлемінің ұлы мұрасы» атты 

кіріспе мақаласымен ашылды.

«Құтты білік» дастанының А.Қ.Егеубаев аударып дайындаған басылымы 

еш өзгеріссіз күйінде беріліп отыр. 




 8



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет