«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


ТҮРКІ ƏЛЕМІНІҢ ҰЛЫ МҰРАСЫ



Pdf көрінісі
бет3/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

ТҮРКІ ƏЛЕМІНІҢ ҰЛЫ МҰРАСЫ

Жүсіп Баласағұн «Құтадғу біліг» (ХІ ғ.)

 

 



 

 

 



 

Ежелгі Түркістанның батысы мен шығысында бірдей ІХ ғасырдан бастап-

ақ ықпалды  іргелі елдік құрған Қарахандар əулетінің билігі дəуірлеп тұрған 

заманнан (841—1212 жж.) бізге жеткен Жүсіп Хас Қажыбтың «Құтты  білік», 

Махмұт  Қашқаридың  «Түркі  тілінің  сөздігі»,  Ахмет  Иүгнекидің  «Ақиқат 

сыйы» туындылары мен Құранның түсіндірмесі адамзат өркениетінің өлмес 

қазыналарының баға жетпес асыл мұралары болып отыр. Осындай кең тол-

ғамды,  парасатты  пайымдаулары  мол  ғылыми  ойдың,  ақындық    өнердің 

үздік дара туындыларының дүниеге келуіне белгілі бір өркениетті ахуалдың 

құнарлы  топырағы,  тарихи-əлеуметтік  орта  тынысы  мен  қоғамдық-саяси 

жағдайлардың  заңдылықтары,  алғышарттары  болғаны  күмəнсіз.  Бұл  клас-

сика лық  шығармалар  сол  кездің  өзінде  белгілі  дəрежеде  əдеби-мəдени  дəс-

түрдің,  көркемдік-эстетикалық  танымның  қалыптасқан  мектебінің  болған-

дығын  меңзейді.  Мұндай  үрдісті,  өркенді  шығармалардың  дүниеге  келуі, 

жазылуы — тұтас  бір  шығармашылық  кезеңнің,  өрісті  дəстүрдің  мəуесі. 

Сол кезеңнің өзінде-ақ түрлі ірілі-ұсақты, мəнді-мəнсіз  сан алуан шығарма, 

жазбалардың болғандығын  бүгінге дейін сақталып келген түрлі тізбелерден 

(«Библиографиялық  көрсеткіштер»)  жақсы  аңғаруға  болады.  Бір  қызығы, 

Орта Азия мен Қазақстан  жерінде жазылған шығармалар, кітаптар жөніндегі 

көне  сипаттамаларда,  библиографиялық  тізбелерде  осы  екі  ірі  еңбектің  аты 

да аталмайды. Əлдебір елеусіз, орта қолдау авторлар жөнінде нақты деректер  

жиі кездеседі. Мəселен, Əбу Сейіт Сəмəдидің (1113 ж.ө.) белгілі «Китəб əл-

əнсəб» атты еңбегінде сол дəуірдегі белгісіз, ұсақ авторлар жөнінде жүздеген 

бет  мағлұматтар  жазылғанда,  Жүсіп  Баласағұн  мен  Махмұт  Қашқаридың 

əлемге аян еңбектері хақында еш дерек түспеген. Аталып, түстеліп, хатталып 

ен тағылған шығармаларға қарағанда «Құтты білік» пен «Түркі тілі сөздігінің» 

бізге тұтастай сақталып жеткені де ерекше жағдай.

Түрік  мəдениетінің  ұлы  да  ұлағатты  əдеби  ескерткіші  «Құтадғу  біліг» 

дастанын жазған Жүсіп Баласағұнның өмірі мен қызметі, мақсаты, жас шамасы 

хақындағы там-тұмдаған деректерді негізінен шығарманың өз тексінен ғана 

табамыз.  Дастанның  ел  өміріндегі  маңызы,  сипаты  мен  қасиеті,  мұрат-мақ-

саты  мен  тілі  жайлы  мағлұматтар  да  тексте  кездесетін  (кіріспе,  қорытынды 

тарауларынан)  автордың өз пайымдауларынан жақсы аңғарылады.

Жүсіп Хас Қажыб Х ғасырдың соңы мен ХІ ғасырдың алғашқы жылдарында 

қазіргі қазақ елінің жер ауқымына енетін ежелгі Баласағұн шаһарында туып 

өскен,  атаулы этикалық-философиялық даналық мұрасын жазып  қалдырған 

ғұлама ғалым, ойшыл ақын.

Жүсіп Хас Қажыб 1010—1015 жылдар шамасында Шудың бойында, Талас 

даласында  Баласағұн  шаһарында  дүниеге  келген.  Баласағұн  мен  Қашқар 



 9

сол кезеңдегі Қарахан мемлекетінің бас қалалары ретінде елдің батысы мен 

шығысындағы  ірі  орталықтар,  қос  астана  екендігі  тарихтан  белгілі  жайлар. 

Ғұлама ойшылдың туған жылы, өмір сүрген дəуірінің хронологиясы туралы 

пікір, болжамдар əр түрлі. Зерттеушілер оны негізінен шығарма деректеріне, 

текстегі мағына, меңзеулерге сүйене отырып есептеп шығарған. Түркияның 

атақты  ғалымы  Рəшит  Рахмати  Арат  ақын  атақты  дастанын  аяқтағанда 

шамамен 54  жаста болған, демек, 1015—1016 жылдары туған деген болжам 

айтады.  Ал  сол  елдің  екінші  бір  əйгілі  зерттеушісі  А.  Ділашар  Жүсіп  Хас 

Қажыб дастанды жазуды елу жасында бастаған, сонда 1018 жылы туған болып 

шығады деп жазады. А. Ділашар ойшыл ақын 1068 жылы Қашқарға аттанды, 

шығармасын сонда жазды деген де болжам білдіреді. Дастанның кіріспесінде: 

«Қашқарда  жазып  бітірдім», — деген  дерек  түсірілген  (24,25,59-бəйіттер)

Соған сүйенсе керек. Дегенмен, Баласағұнда бастап Қашқарда аяқтаған деген 

Р.Р. Арат пікіріне ден қойған жөн деп ойлаймыз. Бұған мынадай мысалдарды да 

келтіре кеткеннің артықшылығы жоқ. Жүсіп Баласағұнның өзі «Иыл алтмыш 

екі ерді төрт иүз білə, бітіиу түкəттім бұ сөз үлгүлə» (6495-бəйіт)

*

, «Түкəл он 



сəкіз айда айдым бұ сөз, Өдүрдүм адырдым  сөз əудіп терə» (6624)

**

. «Бұл сөзді 



үлгілеп 462 жылы жазып бітірдім», «Он сегіз айда айттым бұл сөзді, сөздерді 

теріп  түзіп  сараладым,  таңдадым», — деп  жазады.  Тексте  айтылғандықтан 

болар,  зерттеушілердің  дастанның  жазылған  жылына  қатысты  пікірлері 

негізінен бір жерден шыққан. Тек Құрбанғали Халид қана  «Тауарих хамса» 

кітабында (Қазан, 1910 ж.) Баласағұнның «Иыл алтмыш екі ерді төрт иүз білə» 

дегені ескі жыл санау бойынша төрт жүзінші жылдың алпыс екінші жылы еді 

деген мағынада, яғни хыжра бойынша 362 жыл болып шығады деп түсіндіреді 

де, Уамбери (Г.Вамбери), тағы басқа Еуропа зерттеушілерімен бұл мəселеде 

келіспейтінін жазады. Құрбанғали Халид өз пікірін кітабының «Алты шаһар 

хабарлары» тарауында: Һарун өлген соң Садық таққа отырып, айналасының 

бəрін ислам дініне енгізді (350—400 хыжра) деп дəйектей отырып, Садықтың  

уəзірі Жүсіп Қыдырхан — лақабы имам Патшах — «Құтадғу біліг» кітабын 

жазып, Садық Бұғраханға тарту еткен. Жүсіп Қыдырхан хан болмаған, атына 

«хан»  сөзінің  тіркелетіні  өз  аты  солай  болу  керек.  Себебі  Бұғраханнан  ұл 

болмай,  Нұрғалия  хан  атты  жалғыз  қызы  қалып,  содан  Алып  Арыстан  хан 

туады  деп,  Алып  Арыстан  хан  таққа  отырғанға  дейінгі  бірқатар  жайларды 

айқындап кетеді. Садықтың атын (915—955 жж.) С.Г.Кляшторный да тілге 

тиек етеді. 

Ал  А.Н.Кононов  өз  кезегінде  В.В.Бартольдқа  сүйеніп,  ол  кезеңдегі 

Қарахандар билеушісінің аты-жөнін: «Тауғаш-Бұғра-Қарахан Əбу Əли Хасан, 

Арслан  Қарахан  Сүлеймен  ұлы»  деп  білдіреді.  С.Г.  Кляшторный: «Дастан 

сыйға тартылған елбасының аты арабша Əбу Əли əл-Хасан, лақабы Нəсір əл-

хақ-уад-дин Мəлік əл-машрық еді де, түркіше лауазым-мəртебесі Тауғаш Бұғра 

Қарахан болатын», — деп түйеді. Дастанның жазылуының тарихи себептерін, 

əрі  түркі  жұртына  мұсылмандық  ұшқындары  келе  бастаған  кезеңдегі  туған 

шығарма екендігін ескерсек, Құрбанғали Халид айтқандары жобаға үйлеседі. 

Əйтсе де осы күнге дейінгі зерттеулердің бəрінде де В.В.Бартольд болжамы 

*Жүсіп Һас Һажиб. Құтадғу билиг. Пекин: Ұлттар, 1984. 1328-бет.

** Бұл да сонда. (Дастанның əр бəйітінің рет саны болғандықтан, бұдан былай беттерін 

көрсетпедік.)




 10

негізге  алынып  жүр.  Біз  де  жылдар  бойы  дүние  жүзі  түріктанушыларының 

танымында қалыптасқан тұжырымға тоқтағанды жөн көрдік.

Сөйтіп, Шу бойынан шыққан Жүсіп осынау қалың елдің моральдық-этика-

лық бағдарламасы іспеттес еңбегін 54 жасында жазып, сол «Құтты білік» атты  

даналық  дастаны  ғұлама  атын  күллі  Туран  еліне,  Шығыс  əлеміне  танытты. 

Батыс пен Шығысты тең шарлап кеткен бұл əдеби жəдігер он ғасырдай мерзім 

өткенде өз  атамекеніне оралғандай болды, 1986 жылы қазақ жерінде өз ана 

тілімізде алғаш рет жарық көрді

*

.



Сол  Х—ХІІ  ғасырлардың  өзінде-ақ  Орта  Азия,  Қазақ  елі  аумағын 

мекендеген халықтардың мəдени даму биіктерінің бірі болған философиялық 

поэманың  даналық  ойлары  күні  бүгінге  дейін  аса  құнды,  өміршең. «Құтты 

білік» —  ежелгі түркі тіліндегі классикалық поэзияның  тұңғыш шығармасы.  

Философиялық толғамдарымен де, көркемдік нақыстарымен де, поэтикалық 

ойлау ерекшелігімен де  шеберліктің үздік үлгісіндей бұл ауқымды дастан сол 

дəуірдегі өнер өрісін, көркемдік таным биігін қапысыз аңғартады. Дастанға 

белгілі түріктанушы, академик А.Н.Кононов: «При всей своей моралистической 

направленности  «Кутадгу  билиг»  не  является  и  не  может  считаться,  как 

иногда на этом настаивают, книгой сухих этико-дидактических наставлений 

и нравоучений. Это — философское произведение, в котором анализируется 

смысл и значение человеческой жизни и определяются обязанности и нормы 

поведения человека в обществе; при этом   Юсуф не страшиться критиковать 

общество,  в  котором  он  сам  живет»,

**

 — деп  сипаттама  берсе,  туындыны 



орыс  тіліне  толық,  еркін  аударып  шыққан  С.Н.Иванов: «Благодатное 

знание» — выдающееся  произведение  тюркоязычной  литературы  (ХІ  в.)»

***

 

деп  бағалайды.  Дастанның  авторы  əлеуметтік-эстетикалық,  адамгершілік-



имандылық  мұрат тарды  халықтың  санасына  жақын  қарапайым  да  қанатты 

тілмен,  сол  кездегі  ғылыми  танымның  жоғары  деңгейінде  аса  ұғынықты, 

ұтымды жеткізеді. Бүгінгі халық əдебиетіндегі, халықтың тұрмыс-дəстүріндегі 

моральдық-психологиялық, эстетикалық ерекшеліктердің, заңдылықтардың сол 

ХІ ғасыр шығармасындағы сүттей ұйыған негізін, тұғырын көргенде, түптеп 

келгенде, шынайы творчество, құбылыс жалпы халық санасымен, халықтың 

эстетикалық  ой-өрісінің  даму  деңгейімен  тікелей  сабақтас  екеніне  тағы  бір 

көз  жеткізгендей  боламыз. «Құтадғу  білігтен»  орта  ғасырдағы  қоғамдық-

əлеуметтік жағдайдың, ғылым мен мəдениеттің, тіл өнерінің, саясаттың даму 

дəрежесін де пайымдап, мол мағлұмат аламыз.  

  Жүсіп  Баласағұнның  бұл  кітабы  арқылы  қарахандар  дəуіріне  барлау 

жасап, тарихи-этнографиялық, ақлиқаттық-эстетикалық, тіл ерекшеліктеріне 

қатысты  орамдарға  байланысты  құнды  пайымдаулар  түйіндеп,  пікір 

қорытуға  болады.  Шығармада  ел  басқарудың,  экономиканы,  əлеуметтік-

тұрмыстық  ахуалды,  əскери  істі  ұйымдастырудың,  шаруашылықты,  тағы 

басқа  да  мемлекеттің  əл-ауқатын  жақсартудың  ерекшеліктері  суреткерлік-

философиялық  тіл мен  баяндалады.  Сол  заманғы  ғылым  мен  мəдениеттің 

Ж.Баласағұн. Құтты білік. Ауд. А. Егеубаев. Алматы: Жазушы, 1986.

** Кононов А.Н. Поэма Юсуфа Баласагунского «Благодатное знание». Юсуф Баласагунский.

Благодатное знание.  М.: Наука, 1983. С. 507.

** Иванов С.Н.  О «Благодатном знании» Юсуфа Баласагунского». Там же. С. 518.



 11

жетістіктері  де  аңғарылып  отырады.  Дастан  көне  түрік  өркениетінің  мəуесі 

болғанымен,  жалпыадамзаттық,  адамгершілік-имандылық  мұраттарды  те-

рең  толғап,  күллі  адам  баласына  тəн  ізгі  қасиеттерді  ұлағат  етіп  ұсынады. 

Академик А.Н.Кононовтың жоғарыда аталған еңбегіндегі: «В «Кутадгу билиг» 

нашли свое выражение идеи давно волновавшие  многие народы», — деген  

тұжырымды  ойы  өте əділ айтылған баға.

«Құтадғу  біліг» 1069 жылы  он  сегіз  айдың  ішінде  жазылған.  Авторы — 

Жетісу өңірінің Шу өзенінің бойындағы  тарихта ықылым заманнан белгілі 

ірі  шаһарлардың  бірі — Баласағұнда  (зерттеулерге  қарағанда  ертеректе  Құз 

Орда деп те аталған) туып-өскен — Жүсіп Баласағұн. Жүсіп бұл қоғамдық-

əлеуметтік мəні терең, халықтың моральдық-этикалық бағдарламасы іспеттес 

еңбегін 54 жасында  жазған.  Шу  бойындағы  Баласағұн  қаласында  бастаған 

бұл шығармасын Қашқарда аяқтап, Қарахандар мемлекетінің сол кездегі əмірі  

Бұғра ханға тарту етеді. Хан ойшыл ғұлама еңбегін жоғары мəртебелеп, «Хас 

Қажыб»  деген  лауазымды  атақ,  өз  қасынан  бас  кеңесшілік  қызмет  берген. 

Сөйтіп, Жүсіп Хас Қажыб Баласағұн деген аты дүниеге тараған.

Қарахандар мемлекетінің тарихын талдап, зерттей түсу дастанның  қоғам дық-

əлеуметтік, тарихи негізін, алғышарттарын білуге көп көмегін тигізері анық. 

Ғылымда  бұл  жөнінде  бірқатар  зерттеулер,  болжамдар,  қарама-қайшы 

пікірлер баршылық (В.В. Григорьев, В.В. Бартольд, О. Притсак, В.В. Радлов, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет