Ең керекті жұрт ол биік дəулеті.
Ас-тағамнан еш кемшілік көрмейсің.
376
Одан жанның бəрі пайда табады,
Ішпек-жемек күллі дəмін алады.
Аш па, тоқ па, тірі жанның барлығы,
Тірісінде мұқтаж оның алдында.
Еш шүбə жоқ, бұл кісілер қажетті,
Солар билер тамақты да, тəбетті.
4405 Бұларменен қатыс, көңілің толады,
Құлқының таза, асың адал болады.
Не дейді, аңда сақилықты басқарған,
Түрлі еңбекті ықтиятпен атқарған:
«Нəзік, түзу жолды ұстанам десеңіз,
Ай, ақжүрек, ділге пəктік берсеңіз.
Сақилықты ұстансаң без һарамнан,
Киім, асың болсын дəйім адалдан.
Кедей болмай, байлық жолын қусаңыз,
Тырысып көп, зиналықты тисаңыз.
4410 Құрмет, қадір болсын десең өзіңде,
Зинадан без көңілде де, өмірде.»
Зиналықтан түп-тамырың кесілер,
Зинақорлық жақсы ізіңді өшірер.
Өшкен өртті зинақорлық қоздатар,
Қонған құтты ұшырар да боздатар.
Жақсы айтқан, сұлу қылық серісі,
Білімімен іс тындырған ер кісі:
«Құмарлыққа жақын жүрме, ерме сен,
Фəсад * қайда — сонда қорлық кездесер!
4415 Зинақормен дəулет тұрмас, малданба,
Бір түнерлік қонағың ол, таңданба!»
Диқандардың жомарттықтан қолы ашық,
Бергенге Алла көңілі кең, жолы ашық.
Жердегі бар жорғалаушы, жүруші,
Аяқтысы — ас, қанатты дəн теруші.
Бұларменен араласып өтерсің,
Жылы сөйлеп, жүзіңді ашық етерсің.