«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


 ӨГДҮЛМІШ ОДҒҰРМЫШҚА АСҚА (ДƏМГЕ) ШАҚЫРМАҚ



Pdf көрінісі
бет166/247
Дата09.05.2022
өлшемі1,91 Mb.
#33694
түріБағдарламасы
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   247
Байланысты:
2 5188235762453185852

66. ӨГДҮЛМІШ ОДҒҰРМЫШҚА АСҚА (ДƏМГЕ) ШАҚЫРМАҚ 

ЖӨНІН АЙТАДЫ

 

Шақырамын десең, кісі шақырғын,



 

Күту ісін, бірақ баптап асырғын.

4645  Таза болсын, үй-жай, төсек, ыдысың,

 

Ішіп-жемек, ас-тамағың — ырысың.




 392

 

Табақ — таза, болсын дəмді тамағың,



 

Қолын созсын зауықпенен қонағың.

 

Ас-су міні, шақырмасаң, бір болар,



 

Келіп көрген бір мініңді жүз  қылар.

 

Ойла, астың дəмін, бабын, шамасын,



 

Меймандарың тойып, жақсы тарасын.

 

Дос, туысың, алысың ба, жақын ба,



 

Хақын сақта, тұз-дəміңе шақыр да.

4650  Келгендері келер, егер келмесе —

 

Көңілі қалмас; қалар көңіл бөлмесең!



 

Дəм өкпесі — дүниенің жаманы,

 

Кек-өш туып, өле-өлгенше қалады.



 

Қара, көпке жегіз, жеткіз тамақты,

 

Кешіккенді тойғыз, бағып қабақты.



 

Кісі ас жесе, сен ішімдік тосып тұр,

 

Оны ішсе, тағы еселеп қосып тұр.



 

Жемек жерде, ішпек керек болады,

 

Ішіп, жеуді теңгерген оң   болады.



4655  Ішер даяр болмай, болса тағамың,

 

Жесе де оны, у жеді деп санағын.



 

Тілесе — боза, бер тілесе шырын, нəр,

 

Тілесе — сөл, тілесе бер шарап, бал.



 

Бұдан басқа не бересің бұл жағын,

 

Менен емес, білгендерден сұрағын.



 

Үлкендер жеп болғаннан соң тамағын,

 

Ас, су беріп, кішілерге қарағын.



 

Түгел жеткіз, бағып жетер-жетпесін,

 

Аш қайтарып, сені сөгіп кетпесін.



4660  Астан кейін, ұсын шырын, тұнбалар,

 

Түрлі жеміс, миуа, тəтті құрмалар.



 

Шамаң келсе, жыртыс жыртып, сый бергін,

 

Жөн-жөнімен  тең бөлуді үйренгін.



 

Ас, ішімдік ісі осы айтарға,

 

Қайтса кісі, есігіңді аш, қайтарма...




 393

 

Шақырылар жандар болар төрт түрлі,



 

Баратұғын адамдар да төрт түрлі.

 

Бірі, күллі шақырудан қалмайды,



 

Не берсе де ішіп, жейді талмайды.

4665  Енді бірі үйге кісі шақырмас,

 

Үйде асқа мұрнын тығып, бас алмас.



 

Тағы бірі қонаққа да барады,

 

Асын ішіп, қарымта етіп бағады.



 

Тағы бірі шақырғанға баспайды,

 

Шақырмайды, өзі де есік ашпайды.



 

Тірі өлік — ол. Тіріге оны санама,

 

Тіршілікте  араласпа,  қарама.



 

Тағы бір топ, шақырғаннан безеді,

 

Қонақ қылып, малын* сойып береді.



4670  Бұлардың ең жақсысы да осылар,

 

Бек, даналар мақтап, соған қосылар.



 

Қонақ, дəмге барарсың не бармассың,

 

Құлқынды тый — тірлікті əрмен жалғастыр.



 

Мешкей адам дерт-кеселден арылмас,

 

Сарғайып жүз, мешкей деп ел жаңылмас.



 

Мұны мегзеп оташы сөз қалдырған,

 

Тəнді білген, білімімен  қандырған:



 

«Кісіге ас пен дерт ауыздан енеді,

 

Дерт қартайтып, жасқа жетпей семеді!



4675  Аранды тый — дерт тірлікті оздырар,

 

Дерт кісінің қызыл жүзін тоздырар!»



 

 Міне, осындай ас-су жайы, қарағын,

 

Шақырғанға — барсаң, келсе адамың!



*  *  *

 

Айттым — ұқтың. Тоқталайын мен енді.



 

Сөзді ұзартпа. Мұны ұғар кез келді.

 

Дүние халі, жосығы бұл — білесің,



 

Егер жұртпен қатыспақты тілесең.

 

Көңілімнің жарығы — адал, ардақтым,



 

Сөздерімнің мəнісін ұқ салмақтап.




 394



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   247




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет